Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет198/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

.
Тірек сөздер: 
принцип, емле, дыбыс, әріп, жазу, қосымша, әліпби, графика, орфография, 
орфоэпия, алфавит. 
 
Аннотация
: В этой статье говорится о связи современных принципов казахской 
орфографии с современной грамматикой. В исследовании правописания А. Байтурсынова 
проанализированы принципы современного правописания. 
Ключевые слова:
принцип, в дополнение к орфографии, звук, письмо, алфавит, графика, 
орфография, орфоэпия, в алфавитном порядке. 
 
Annotation:
In this article it is told about communication of the modern principles of the Kazakh 
orthography with modern grammar. In the spelling study of A. Baytursynov the principles of 
modern spelling are analyzed. 
Keywords
: principle, in addition to spelling, sound, letters, alphabet, graphics, spelling, orthoepy, 
in alphabetical order.
 
Қазақ тілінің жазу таңбалары, яғни графика, алфавиті мен орфографиясы ХIХ 
ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз беттерінде талқыланып, әлеумет назарына іліне 
бастады. 1896 жылы «Дала уалаяты» газетінің 31-32 сандарында Д.Сұлтанғазин «Қазақ 
тілінше жазу туралы» деген мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында, «көп 
заманнан бері қазақ тілінде жүріп, бұзылған себебінен араб, парсы сөздерін қазақтың сөйлеуі 
бойынша жазу жарайды»-деп орфографияға қатысты ең алғаш ғылыми пікір 
қалыптастырады [1]. Бұл принцип қазіргі күнге дейін қолданыста десек те болады және 
«Қазақ сөзін қалайша жазу турасы» деген мақаласын 1899 жылы «Дала уалаяты» газетіне 
тағы да жариялап, онда қазақ әліпбиі жөнінде сөз қозғап, орыс жазуы мен араб жазуы қазақ 
тілінің фонетикалық жүйесіне қайсысы қолайлы дегенді талдаса [1], Р.Дүйсенбаевтың «Қазақ 
алфавиті туралы мәселе» мақаласында араб әліпбиінің қазақ тілі үшін сай келмейтінін, оны 
толықтыру қажет немесе жаңа алфавит жасау қажет екендігін айтады [1]. 
Уақыт өте келе ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ емлесі ғылыми тұрғыдан 
зерттелуі кемелденді десек те болады. Аталмыш ғалымдардың пікірлерін саралай келе, біз 
қазақ грамматикасының негізін қалаған А.Байтұрсынұлы пікірімен толықтырғымыз келеді. 


221 
Ғалым қазақ емлесі жайында 1910 жылдан бастап зерттеген десек қателеспейміз. Оған дәлел 
болатын 1912 жылғы «Емле туралы» мақаласы [2]. Бұл мақалаларын «Айқап» және «Қазақ» 
газеттерінің беттерінде жариялап отырды. Ол кезде «Айқап» газеті дәстүрлі әліпби жүйесін 
қолдаса, «Қазақ» газеті А.Байтұрсынұлының әліпби реформасы мен емле принциптерін 
жақтаған [1]. 
«Сөзден құрастырып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалтын зат – сөздер. Топырақтан 
иленіп кірпіш жасалатын сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалған. Кірпіштен қарап түрлі үй 
жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы 
балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып 
шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің түзілуінен. Балшық жаман болса, 
кірпіші жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Тілде дәл 
солай сияқты» деп қазақ жазуы, емлесі жөнінде ғылыми негізі бар пікір айтады [2, 176]. Бұл 
пікір арқылы қарапайым күнделікті өмірде көріп жүрген үйдің дұрыс салынуында кішкентай 
қате кетсе үйдің дұрыс шықпайтынын мысалға алып, қазақ болып қалыптасу үшін, 
тарихымызды келер ұрпаққа өзгеріссіз жеткізу үшін, жазуымызды ретке келтіру керектігін 
айтқысы келген секілді. 
А.Байтұрсынұлы жазудың таңбасы екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі 
төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсеткен [3, 210]. Ал, Л.В Зиндер 
жазудың тегі семасиографиялық немемсе идеографиялық және фонографиялық болып 
бөлінеді дейді [3, 210]. Л.В.Щерба этимологиялық принцип деген морфеманы сақтап, яғни 
морфологиялық принцип, бұл бір жағынан тарихи принципке жақын деген [3, 210]. Осы 
тұрғыдан екі ғалымның қазіргі қазақ грамматикасы үшін маңызды пікірлерін былайша 
сәйкестендіруге болады. А.Байтұрсынұлының таңба жүйелі емлесі Л.В.Зиндердің тарихи 
принципіне, А.Байтұрсынұлының тарих жүйелі емлесі Л.В.Зиндердің этимологиялық 
принципіне, А.Байтұрсынұлының туыс жүйелі емлесі Л.В.Зиндердің морфологиялық 
принциптеріне сәйкес келеді деген тұжырымға келуге болады.
Қазақ жазуының емле принципін айқындап алу үшін А.Байтұрсынұлы төмендегі 
ұсынысын беріп отырмыз: 
«1.Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. 
2.Азған сөз күйіндегі естілуінше жазылу. 
3.Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы 
естілуінше жазылу. 
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу. 
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бәрі де қосарлық белгімен жазылу. 
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесіне болады. 
7. Үйір айтылатын сын есіммен зат есім бөлек жазылу. 
8. Көсемшелер, көмекші етістіктер бөлек жазылады [4, 131]. 
Өз зерттеуімізде, ғалымның бұл пікірін талдай келе, қазіргі қазақ грамматикасымен 
салыстырып төмендегідей мысалдармен дәлелдегіміз келеді. 
Біріншіде айтылған сөз қазіргі күнге дейін бар. Кейбір сөздер түбір болып жеке 
айтқанда басқаша, сөзбен тіркесіп келгенде басқаша дыбысталады. Бұл дегеніміз бір сөздің 
өзі екі қалыпта айтылады деген сөз. Мысалы, «ақ ат» сөз осылай жазылғанымен, «ағ ат» 
болып дыбысталады. Осындағы «ағ» сөзін жеке алатып оқитын болсақ «ағ» сөзінің «ақ» 
деген мағына екенін оңай түсіне қоймаймыз. Ғалым осы жөнінде айтқысы келген секілді. 
Екіншіде «азған сөз» дегенде «үйтіп», «бүйтіп», «сүйтіп» деген сөздер. Сөздің азып 
өзгеруі бар, айнып өзгеруі бар. Соңғысы дыбысы айнып, өзгеріп бірде басқа, бірде басқаша 
айтылуынан болатын өзгеріс.
Үшіншіде үйлестікпен дүмәдәл естілетін дыбыстар деп, б – п, т – д, ж – ш, з – с, ш - з 
болып етілуін айтып тұр. Мұндағы дүмәдәл дәл есту деген мағынада қолданса керек. Бұл 
қазіргі дыбыс үндестігіндегі дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы басым болып, 
дауыссыздардың басқа дыбысқа ауысу заңдылығына сәйкес келеді. Бұл жүйе бойынша 
М.Балақаев «Тіл мәдениеті мен қазақ тілін оқыту» атты кітабында «сөздер айтылуы мен 


222 
жазылуы нұсқаларында мүмкін болғанша жақындық, үйлесім болуға тиіс» - дейді [5]. 
Ғалым бұл сөзімен қалай естілсе солай жазылсын дегісі келді.
Шынымен 
де 
қалай естілсе солай жазған кішкене жеңіл болатын сияқты, бірақ олай жазсақ кейбір сөздерді 
жеке алып оқығанда мағынасын түсіне алмай қалатын жағдайлар да болуы мүмкін. Алайда, 
қалай естісек солай жазатын болсақ, орыс тілінен енген әріптерді қолданыстан шығарып, 
өзіміздің төл дыбыстарымызбен таңбалауға болар еді. Мысалы, «ұят» сөзіндегі «я» әріпін 
өзіміздің төл әріптерімізбен «ұйат» деп таңбаласақ та болады. Бұл мәселе кирилл 
графикасын қабылдау процесінен бастап қазіргі кезге дейін талқыланып келе жатқан 
мәселелердің бірі. Бұл жөнінде қазіргі ғалымдарда өз пікірлерін айтып жүр. 
Қазақ грамматикасындағы ғалымдардың ұсынған пікірлері қазақ орфографиясы мен 
орфограммасы үшін өте құнды мәселелер. 
Осы күнге дейін мәселе болып келе жатқан 
ы, і 
әріптерінің емлесі жайында ғалым 
«Оны қалдырмастан жазамыз сөздің аяғында. Ортасында, басында ашық естілетін һәм 
жазбасақ кемшілік болып жоқтығы еленетін орында. Мысалы: жаны – жанына. Ал түбір 
ішінде, сөз басында 
ы
- ны жазса да, жазбаса да солай оқитын орындарда, жазбағанда 
оқуымызға кемшілігі болмаса оны жазуға да қажеті жоқ» деп топшалайды [3, 214 б ]. Бұл 
мәселе сонау көне түркі жазуында тасқа қашап жазу барысында қиындыққа соққандықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет