Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет254/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
Ежелгі өркениет
(Мысыр, Месопотамия, Орталық Азия) өңірінің дамуында 
қоғамның дамуының тарихи кезеңінің әрқайсысында қала құрылысына үстемдік көзқарасты 
паш ететін қоныстану түрі ретінде қалалар қалыптасты. Ежелгі Мысыр тұрғындарының 
жасауындағы антропогенді ландшафтылар пайдакүнемдік мақсатта қызмет етті. Ылғалы аз 
орындарда каналдарды байлай орналастырылды. Қала пландарының геометриялық 
торкөзділігі храмдық кешен құрылысының өстік симметриялығы, каналдардың тікбұрышты 
бөлінуі Мысыр бағының композициялы өзгешелігін анықтады: ол симметрия өсімен нақ 
жасалған жөнделімі бау – бақша. Сонымен қатар кіру алаңы, көгалдандырылған дәлізі, су 
қоймасы көшеттері бар ішкі қабырғалар қоршауындағы шаршы формадағы бақтар да болды. 
Ежелгі Мысыр бақтарына діни, пайдакүнемдік және эстетикалық қатысымдылықтың 
шектеулі тұтасуы тән болды.
Бүгінде Ежелгі Мысырда нақ композициялы – жоспарлы қағидалармен: симметрияны 
қолдану мен композицияның осьтік тұрғызылымын қосатын; тұйық композицияны 
қалыптастыратын; бақтың басты бөлігі саналатын су қоймаларымен; композициялық 
тәсілдерінде ырғақты қолдану және аллеялық, қатарлық көшеттерді отырғызуды қолданумен, 
экзотикалық ағаш өсімдітерін қолданумен бау-бақша қалыптасты. 
Месопатамияның аспалы бағы төрт ярусты пирамиданы елестетеді. Ол Мысырлық 
жөнделімді тегіс тұйық бақтар жасанды терасса санымен, олардың осьтік тұрғызылыммен 
және қала планының жөнделімді тор көзіне қосылыммен ерекшеленеді. Міне, осы жерде сая 
бақты әр түрлі ландшафты аумаққа бөлетін алғашқы, ұқыпты қырқылған тірі қоршаулар 
пайда болды. Осы массивтер қазіргі ағашты саябақтың үлгісі ретінде есептелінеді. 
Үндістанда кіру орнының саны жеткілікті, жеке ойлау, даралану орындары мен 
бақтар, саябақтар кең таралған.
Индияның сәндік бақтарына геометриялық формалар тән. Олардың аумағы іргелес әр 
түрлі өсімдіктер тығыз отырғызылған ашық гүлді кілемді құрайтын нақты тік 
төртбұрыштарды иемденді. 
Бүгінгі күні бұл тиімді дизайнерлік тәсіл мекебардер деп аталады. Каналдар мен су 
қоймалары арасында орналасқан кішігірім учаскілердің жоспарлануы ырғақтылығымен 
ерекшеленді: әрқайсысының ортасында екі типариспен қоршалған апельсин ағашы өскен 
сопақ шеңберлі клумбалармен бөлінген. Сегіз бұрышты немесе жұлдызша пішінді гүлдермен 
әшекейленген партерлер кездесті.
Иранда әсем баулар жер асты аквадутардың ( су ағар науа ) – кәріздердің көмегімен 
өсірілді. Мұсылман бағының негізін ортасынла субұрқағы немесе бассейні бар, суы бар 


268 
каналдармен төрт бөлікке бөлінген «шахар-бақ» немесе «шар-бақ» деп аталатын бақтар 
құрады. Төрт санының нышаны тым ежелгі, ол киелі элементі білдіреді (от, ауа, су және жер) 
Парсы бағының элементтері: 1. Күн сәулесі мен оның құбылуы – кеңістік композицияны 
құруда маңызды фактор. Текстулар мен формалар әр элементті көрсете, құбылта таңдалды. 2. 
Көлеңке – құрғақ климатта онсыз бақтар қолданысқа жарамсыз болар еді. 3. Су – жергілікті 
жағдайымен байланысты ажырамас элемент.
Персия бақтарының келесі негізгі стильдері бөлінді: классикалық, формальді, 
күнделікті, қоғамдық, жеке. Гүл өсіруден өзге геометриялық үлгіді табиғи композиция жасай 
бұтақтарды бұталарды фигуралы қырқу өнері - топияри дамыды. Мұсыман бақтары орта 
ғасырлық Бптыс Еуропалық – шіркеу, замок (қорған) бақтарына маңызды ықпал етті. Ежелгі 
Парсы бақ өнерінің ықпалымен әлемнің көптеген бақтары дүниеге келуі – Туркияда, 
Испаниядағы Мавритан бақтары, Қорымдағы татар хандарының бақтары, тағы басқалары. 
Қытайда философиямен, даоизм дінімен байланысты, негізінде табиғатқа ерекше 
қарым-қатынас жатқан ландшавтылық немесе пейзаждық саябақ құру дамыды. Қытайдағы 
бақ құрылымы екі бағытқа ие болды: 1. Кішігірім жер учаскілеріндегі миниатюралы бақтар, 
қоршаған ландшафтар бөлінген табиғат учаскелері («әуелі орындар саябағы – бодарчу»); 2. 
Бірегей композицияға біріктірілген, су қоймасы бар кеңейтілген жер учаскілердің баулар мен 
саябақтарға қолдану. Осы екі бағыттағы бақтық – саябақтық өнердің ерекшеліктері 
келесілерде қорытылады: бақтың және саябақтың негізін жасауға елдің пейзаждары қызмет 
етеді: саябақ пейзажына кескіндемеден алынған образдан қолданылады; рельеф табиғат 
жасағандай өңделеді; бақтың маңызды элементі су; бақ әр-түрлі құрылымдармен 
толтырылады (повильондар, күркелер, галереялар, қабырғалар, қоршаулар, көпірлер т.б.); 
урно түріндегі фарфор және қола бүйымды, шамдар, аңдар мен құстардың мүсіндік 
бейнелері; бақтағы ағаш түрлері сан алуан болып келеді. 
Жапон бағының өзіндік ерекшелігі – сол немесе басқа пейзажды жете түсінген 
адамның пайымдауы есебінде құрылған, нышандық элементтер мен табиғи көріністе, Жапон 
бағы немесе саябағы негізінен үш типте болады: су қоймасынсыз жазық бақ; аралдары мен, 
су қоймалары мен жазық бақ; төбешіктері мен жіне су қоймалары мен бақтар, «кебу бақтар». 
Жапонияның бақтық – саябақтық өнерінің ерекшеліктері негізінен келесі жағдайларға саяды: 
типологиялығы; дәстүрлігі; нышандығы; табиғаттың оьразды түсіндірілімі, «ашық» 
тұрғындық кеңістік және оны қоршаған табиғаттағы жалғасы; кескіндемемен байланысты; 
саябақтық компоненттер – тастар, сулар, өсімдіктер, салынымдарды қолданудағы 
композициялық тәсілдерді қағидаттау.
Тұрғындық кеңістік пен ландшафтының органикалық өзара әрекет идеясы, тірі 
табиғат образы ретінде Жапон бағын түсіну – қазіргі урбанизацияланған ортаны жобалау 
идеясына бай материал болады. 
Ежелгі Грекияда қалаларда абаттандыру мен көгалдандыру дами бастады, «көпшілік 
бақтарға» - храм жанындағы киелі орындарға тек қана билеушілер емес аристократтар да 
бара алды. Ежелгі Грекияның бақтық – саябақтық өнеріне аумақты көгалдандырудың келесі 
түрлері жатады: киелі ормандар – героондар. Батырлардың ғибадаты өмірге жыл сайынғы 
сайысты (агондар) әкелді. Бірақ, ірі сайыстар батырлаға емес құдайларға арналды. Мәселен: 
Карнос тауының етегіндегі, Алфея өзенінің жазиралы жазығындағы өткізілген сайыстар. 
Ойындар биік ағаштар қатарымен қоршалған, арба жарысына ипподромдар тұрғызылған 
киелі ормандарда өткізілді.
Грек саябақтарында бассейндер, мүсіндер, баспалдақтар салынды. Саябақтардың түзу 
жолдары мен тік бұрышты алаңдары спортпен шұғылдануға арналды. Жолдар мен 
алаңшалар, шынарлар, теректер тағы басқалар қатарымен қоршалды. Ертеректегі бақтық-
саябақтық өнер сонымен қатар діни танымның бөлігі болып табылды да шаруашылық 
маңыздылыққа ие болды. Әрі қарай діни сеніммен байланыссыз қоғамдық саябақтың киелі 
орманнан бөлінуі көзделді. 2. Нимфеялар – құдайлардың, нимфалардың, және музалардың 
мекені, ортасында бұлар көзі бар киелі еменді, самырсынды немесе зәйтүнді орманды 
елестетеді. Нимфалардың құрбандық шалуға арналған міндетті компоненті мехрап болды. 3. 


269 
Гимнасиялар, өзінің даму кезеңінде философтардың әріптестерімен, оқушылары мен және 
достарымен кездесуіне арналған, көптеген көлшімектерімен гүлдерден бақты елаестетті. 4. 
Спортпен шұғылдануға арналған ғимараттар (клистостар) пальмалар, шынарлар, зәйтүн, 
пісте тағы басқа ағаштары өскен орманмен қоршалған жүзу бассейнін, михраптарды, 
храмдарды қамтыды. Орман арасында, аллеларды статуялар, вазалар биіктеп көрінді және 
субұрқақтар су шашып тұрды. Героондардың мұраға қалған дәстүрмен қоғамдық 
саябақтарда біздің заманымыздан бұрыңғы V – ғасырдың аяғынан бастап сол кездегі 
танымал азаматтар мен гимназия мұғалімдері жерленді. 5. Философтар бақтары ғалымдарға 
әңгімелесуге және сабақтарға арналды, бұлар киелі орманнан өзгеше, діни сенніммен 
байланыссыз қоғамдық саябақтар болды. 6. Агорларды көгалмен көкемдеу (қала алаңдары, 
көшелер) ғимарат көшелері бойлай қатарлы отырғызулардан тұрды. Бұлар, пириметрі 
бойынша коллоналармен, отырғызылған шынарлармен әшекейленген қоғамдық бақтар 
болды. 7. Жекеменшік иелігіндегі бақтар таза пайда табу үшін қызмет етті. Онда гүлді 
өсімдіктер, бау бақша өнімдері өсірілді. 8. Сонымен қатар Ежелгі Греция бақтық саябақтық 
өнеріне ортасында су қоймасы бар ішкі аула театрлар жатады, кейінірек бұл патио үйдің 
жанына орналасты. Негізгі белгілері: терасса тәрізділігі, текшелігі, еркін 
композициялылығы, декоративтілігі, жасыл масса гармониясы мен әшекейлілігі.
Біздің дәуіріміздің І ғасырында Ежелгі Римде бақтардың келесі түрлері қалыптасты: 
1. Киелі ормандар (бұлақ көздері элементтері, кішігірім храм, сағаттық немесе мехраб). 2. 
Қоғамдық ғимараттар алаңдары жанында орналасқан қалалық қоғамдық бақтар. Су 
нысандарынан басқа мұнда қатар отырғызылған ағаштармен, демалуға арналған орны бар 
жабық галлереялармен көркемделген аллеялар бөлінді. 3. Қалалық жеке иеліктегі бақтар үй 
жоспарлануына бағынды. Атриумно пери стилді тұрғын үй түрінің ауласы «пери стиль бақ» 
мүсіндермен, бұталармен, гүлдермен., субұрқақтармен, бассейндермен көркемделуі. 4. Қала 
сыртындағы виллалар мен сарайлардағы бақтар сатылы композициялы шешімдерді 
иемденді, гүлдермен, субұрқақтармен, мүсіндермен, әртүрлі сәулеттік кешендермен 
көркемделіп сатылармен байланыстырылды. Негізінен үш бөлікке бөлінді: декоративті бақ, 
жемісті бақ және бақша. Декоративті бақ өз кезегінде үш бөліктен тұрды: жаяу серуендеуге, 
атпен серуендеуге арналған және саябақтық жер. Серуендейтін бөлік бірінші терассада, 
үйдің алдында орналасты. Аллеялар мен жолдар газондармен, гүлзарлармен, сәнді қиылған 
ағаштармен, салқын сәнді бассейндермен мүсіндермен, субұрқақтармен қамтылған 
учаскілерді геомтриялық дұрыс бөле, тікбұрыш жасай байланысты. Атпен жүруге немесе 
зембілмен серуендеуге арналған бақ кең аллеялармен бөлінген көлеңкелі орманнан тұрды. 
Сонымен Ежелгі Римнің бақтық саябақтық өнеріне келесі белгілер тән: антикалық Грекия 
тәсілдерін жетілдіріп өзіндік дүниеге әкелу; бақтардағы композициялық бірліктің болмауы.
Римдік бақтық саябақтың өнер дәстүрлері қайта өрлеу дәуіріндегі Итильян 
бақтарында, содан кейін Европанын бақтарында өз дамуының жалғасын тапты.
Демалыс отртасын: кеңестік ұйымдастырудың тарихи таәжірибесін, философиялық
идеяларды, жоспарлау ұстанымдары мен көгалдандыру тәсілдерін талдау негізінде және 
жобалау жұмыстарын оқып үйрену барысында бізбен айқындалғандар: 
-
Қазіргі кезеңдегі экологиялық жағдайдың төмендеуі табиғатқа антропогенді жерді 
зеріктеуді ширатуға мәжбүрлейді және өткен тәжірибеге сүйене қала ортасын 
жобалаудың экологиялық, эергономикалық әдістерінің жаңасын іздеуді талап етеді; 
-
Қала ортасын кеңестік ұйымдастырудың тарихи тәжіриби оқып үйрену негізінде адам 
өмірінің сапасын жақсарта, табиғатқа теріс жерді азайта қоршаған орта түйіткілдерін 
шешкен жөн; 
-
Саябақтарды құру, қала көшелерін көгалдандыру, аулаларды көгалдандыру, квартал 
арлық бақтарды, скверлерді, қала магистарльі жанындағы саябақтарды құру, 
бульварлар мен жағажайларды көгалдандыру арқылы қазіргі қалалардың экологиялық 
жағдайын жақсарту мүмкіндігі. Бұл орайда көгалдандыру әр элементін атқаратын 
функциялары: рекциялық, санитарлық – гигиеналық, микроклиматтық, эстетикалық, 
табиңат қорңаушылық, тәртіптеушілік. 


270 
-
Тарихи тәжірибе негізінде ықшамаудандар мен көшелерді экожүйе ретінде жобалау, 
адам жасаған элементтердің табиғатпен үйлесімі тиімді екенін айқындайды. Тарихи 
концепциялар және табиғат пен адамның өзара іс-әрекет идеясы үйлесіміндегі жаңа 
экологиялық шешімдер тұрақты даму жолына әкелу мүмкін. 
Заманауи ландшафтылық сәлуттің дамуы толықтай екі бағытта келеді: біріншісі, ірі 
саябақтар мен орманды бақтарды құруда табиғаттың барын мүмкіндігінше сақтай, жасанды 
компоненттерді мейілінше азайта жобалаудың экологиялық тәсілінде; екіншісі, үлкен 
реакциялық жүктелімдер немесе демалыс, спорт, ойын-сауықтың спецификалық формаларын 
қала қоршалымында табиғи ландшафт формасында жасауға болмайтын жағыдайда бақтар 
мен саябақтарда жасанды ландшафт ретінде қалыптастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет