Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Поэзиядағы домбыра бейнесі



Pdf көрінісі
бет258/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
Поэзиядағы домбыра бейнесі 
І.Жансұгіров; 
«Тарт күйінді домбыра, 
Төгіл-төгіл тәтті күй. 
 Тау суындай сылдыра, 
Желпін-желпін жел соқтыр. 
Тауда тұман тұрмасын, 
Қөкте бұлтты ыдыра, 
Тыңдамаған қалмасын, 
Ойды-қырды қыдыра, 
Құлшына тарт домбыра! -деп жырласа,
 
Қадыр Мырзалиев ; 
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл–сәл кем бұра
Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ ─ домбыра! 
– деп, жырға қосқан. 
Домбыра – қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа 
қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы 
Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт, 
Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт 
Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы 
Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды ─ 
деп, Қадыр Мырзалиев сезім құбылуын, ішкі жан сырын білдірудегі домбыраның ролін 
осылайша танытады. 
Домбырам, қоңыр қазым, аққуымсың! 
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың! 


272 
деп, Мұқағали Мақатаев мұңы мен шаттығының бәрі домбырада екенін үлкен эмоциямен 
жеткізеді. Бүл жерде ақындардың домбыраны суреттеу тәсілдері ұқсас.
Екі ақын да аспапты, оның үнін құс пен жануарға балап суреттейді. Міне, осы тұста 
ақындардың суреттеу ерекшелігі байқалып, поэзиядағы домбыра бейнесі ашыла түседі. 
Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам 
Бірі, ұлым, өзіңсің, 
Екіншісі – домбырам ... 
деп, Жұмекен Нәжімеденов ақындық жүрегінің домбыраға деген махаббатын білдіреді.Ұл 
баласын ұрпағым деп, ал домбыраны қазақ жұртының көзіндей аманат етіп қалдырып, өз 
ұлымен тең санайды. 
Есік қағам мен ылғи асыққаннан кешігіп, 
Қағам сонда күйменен махаббаттың есігін . 
Кекіліңнен сипамас бұрын сонда мен сенің 
Сипап көрем домбырамның қос ішегін кеш, ұлым!
Бұл жерде ақын өз халқының символы – домбыра бәрінен қымбат екенін аянбай жырлайды. 
«Орыс сыншысы Белинскийдің қағидасынша, ақын өмірдегі құбылыстарды басқалардан 
бұрын тез сезеді. Өзі көріп сезгеніне сүйінуі де, күйінуі де шапшаң... Ол қазір өмірдегі бір 
көрген тамаша қызықты әсерге қуанып, шаттанып отыратын болса, ендігі бір кезекте өзіне 
жайсыз әсер еткен уақиғаны көріп, сезіп, ол күйінеді, ызаланады» дейді Е. Исмайлов 
«Ақындар» кітабында. [ 1,18 б] Жоғарыда берілген өлеңдерде ақындардың осындай ерекше 
қасиеті байқалады. Сүйінген немесе күйінген сәтте ақынның қамқоры домбыра болатынына 
көзіміз жетіп отыр. 
Ақындардың осы туындыларынан домбыраға, қазаққа деген ортақ мінезді көреміз. Әр ақын 
өз стилімен жырласа да, ой өрісі мен сезімі бір. 
Бақыт жайлы толғанам көп, 
Менің бағым – домбыра. 
Қалам ұстай білмесем – 
қайғырмас ем, ал, бірақ 
домбыра ұстай білмесем, 
күйдің мәнін, сүйсінбесем, әр ұғып, 
өлер едім, жүрегім қасіреттен жарылып ! 
деп, ақын Ж. Нәжімеденов толғанады. [11, 258 б] домбыраны шерте білмеген үлкен қасірет 
деп санайды. Ақынның жан-жүрегіне ыстық зат бірінші кезекте қағаз бен қалам болса, 
екіншісі – домбыра екенін айтады. Өйткені, домбыра қазақ жұртының көзі, тарихы, 
менталитеті, арманы, бақыты. Қазақтың қоңыр үнді домбырасына қара өлеңмен соғылған 
ескерткіштің озық үлгісі. 
«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді», – депті 
Бауыржан Момышұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет