171
Күні бүгінге дейін ескерусіз келе жатқан дүниелердің бірі Мырзағұл би
Шыманұлының билік кесімділері мен шешендік сөздерінің жиналып жарияланбауы. Ақтөбе
топырағында дүниеге келіп, 1908 жылы Орынбор түрмесінде бақилық болған.
Мырзағұл
жайлы қазіргі баспасөз бетінде қарама-қайшы пікірлер ұшырасады. Қалай делінсе де бір
мәселенің басы ашық, Мырзағұл елі мен жері үшін күресті. Кешегі қылышынан қан тамған
қызылдардың өзі мұны жоққа шығара алмады, өзге болыс пен биді жерден алып жерге салып
жатқанда «Қазақ совет энциклопедиясында» «Мырзағұл Шыманұлы...1903-жылы Біршоғыр,
Шалқар станциясында басталған шаруалар көтерілісін басқарды...Патша өкіметінің отарлық
саясатына ашықтан-ашық қарсы шықты»[1,99] деп жазды. Бұл
артық боп кетпесін деп сан
мәрте тексерілген, әлденеше екшеуден, одан соң Орталық Комитеттің
идеология бөлімінің
сүзгісінен өткізілген, ақиқат растығына пәленбай дәлелі болған соң ғана таңбаланған
мәлімет.Тағы да
қайталап айтайық, әйтпесе болыс һәм би болған адам туралы мұндай сөз
жазылмайды. Сондықтан Мырзағұлдың халық қамын жегендігінің үлкен айғағының бірі осы
мәлімет десек қате баспаймыз.
Оның ғұмырнамасын ресми түрде қысқаша қайырсақ мынадай болып шығады.
1872-1879 жылы Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған. 1878 жылы қазақ
зиялыларының депутатциясы құрамында Санк-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр
патшаның
қабылдауында болып, Станислав ленталы күміс медальмен марапатталған. 1879-
1887жылдары Тілеу руының аға биі. 1891-1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына
болыстыққа сайланған. Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан. 1901-1905
жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен
«Мақтау грамотасын» алған.
Осындай әкімшілік қызметтерде жүргенімен ел мүддесін көздеген. 1882 жылы
маусымда
өткен Орал, Торғай, Закаспий облыстарында болыстары мен билерінің
құрылтайында шығып сөйлеп, патша үкіметінің жер саясатын ашық сынаған. Отаршылдарға
жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға
сотталып, Орынбор түрмесіне жабылған. Отарлық езгіге қарсы толқулар мен көтерілістер
ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде отарлаушылар
қолынан қаза табады. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында.
Туған жері Шалқар
қаласындағы орталық көшеде ескерткіші бар. Көше атауы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: