Key words:
linguistics, linguistic studies, ethnoculture, ethnolinguistics, ethnolinguistics,
linguoculturology.
«Кешегі күн – бүгінгі тарих» деген аталы сөз бар қазақта. Біздің кешегіміз бен
бүгініміз салыстыра қарағанда үлкен бір тарих, үлкен бір өмірдің, соқпақ жолдың жемісі.
Осынау тарихи жолда ұлтпен бірге қоғам да дамыды. Қоғам дегеніміздің өзі біздің
түсінігімізде адамдардың ортақ мақсатпен, ортақ территориямен бірігуінің нәтижесі. Ұлт
болған жерде тіл де болады., қоғам дамыған жерде ұлт та дамиды. Қоғам болған жерде
мәдениет те болады, қоғам дамыған сайын мәдениет те дамиды. Ал сол қоғамның дамуы
тікелей тіл мен мәдениетке байланысты.
Тіл және әдебиет – лингвистермен қатар тарихшылардың, философтардың,
психологтар мен этнографтардың, мәдениетшілердің, әдебиетшілердің де назарын аударып
келе жатқан көп салалы мәселелердің бірі. Мәдениет пен тіл үздіксіз өзара қарым-қатынаста
болатындықтан бұл мәселенің тілдік аспектісі екі жақты болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда
лингвистика бұл мәселені шешу жөніндегі бірқатар қызықты да батыл қадамдарды ұсынады.
Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен мәдениеттануда
түрлі қырынан зерттеліп жүр. Тіл білімінде бұл сауалға тарих пен мәдениеттің, этнография
мен лингвистиканың ортақ мәселелерін сөз ететін пәнаралық этнолингвистикалық
зерттеулер, ізденістер жауап береді.
Қазіргі лингвистикадағы антропо және этноцентризм қағидаларына сүйенетін
лингвоелтану, этномәдениет және этнолингвистика салалары тіл табиғатын оны тұтынушы
халықпен бірге қарастыруды мақсат етіп келеді. ХІХ ғасырда өмір сүрген неміс ғалымы
В.фон Гумбольдтің «Среди всех проявлений, посредством которых познается дух и характер
народа, только его язык и способен выразить самые своеобразные черты народного духа и
характера и проникнуть в их сокровенные тайны» [1,69] деген тұжырымы, ой-
199
қорытындылары тілді ұлттық феномен деп танитын бүгінгі тіл біліміндегі жаңа бағыттарға
жол сілтеді.
Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір сүреді. Ол
мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғышарттардың міндетті түрдегі
басқышы қызметін атқарады, осылайша қайсы бір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін
этнос мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа салаларына қарағанда
тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос өздерін өзге топтардан
сыртқы физиологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат қауымының
белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру
образымыздан хабар беретін тәжіри-білігімізбен идеяларымызға тәуелді [1,185].
Мәдениетке берілген анықтамалардың әртүрлі болып келуін ғалымдардың,
зерттеушілердің тағылым алған ғылыми мектептерінің, айналысқан ғылым салаларының,
көздеген мақсат-міндеттерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Мысалы,
мәдениет – әлеуметтік тұрғыдан «табиғаттан және индивидтің биологиялық, физиологиялық
қасиеттерінен тыс, бірақ қарым-қатынас біріктірген адамдар тобына тән құбылыс»
(В.Освальт), когнитивтік тұрғыдан «танымдық әрекеттер мен білім қордалау үрдістеріне
қатысты
құбылыс"
(В.Гудинаф),
семиотикалық
тұрғыдан
"алдымен
әлемнің
репрезентациясын жасайтын, содан кейін қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын
таңбалар жүйесі» (К.Леви-Стросс) ретінде анықталады. Ғылыми мектептерінің ағымына,
ғылыми
тұжырымдарындағы
айырмашылықтарға
қарамастан,
мәдениеттанушы
ғалымдардың қай-қайсысы болмасын бұл күрделі құбылыстың құрылымындағы тілдің
орнын, маңызды рөлін мойындайды.
Э.Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін маңызды әдіснамалық
көзқарастарын ұсына отырып: «Мәдениет белгілі бір қоғамның әрекеті мен ойлауының
көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі. Ендеше, тіл мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін
бөлшегі», - деген қорытынды жасайды [2,193-194].
Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес, мәдени білім
аккумляциясының да басты құралы болып саналады. Күрделі таңбалық жүйені құрай
отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау, қолдану, қайта жаңғырту қызметін
атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық жүйе
(семиотикалық) болып табылады, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға
қабілетсіз, себебі мәдениет ең алдымен – жады, оның басты қасиеті – жинақтау, сақтау [3,
227] және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну. Өзінің абсолюттік ерекшеліктерін
танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа түспей, мәдени диалог жасамай тұра алмайды.
Сондықтан «тіл – ұлт (ұлттық тұлға) – мәдениет» - бүгінгі лингвомәдениеттанудың орталық
үштігі, ғылымның осы саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын
ғажайып күш (орысша айтқанда фокус) [4, 12-13].
Мәдениет туралы айтқанда материалдық мәдениет пен (еңбек құралдары, үй-тұрмыс
жабдықтары, киім-кешек т.б.) рухани мәдениеттің (таным, адамгершілік, тәлім-тәрбие және
ағартушылық: тіл, дін, құқық, философия, этика, ғылым, өнер, әдебиет, этнология,
мифология т.б.) ерекшеліктерін ескерген жөн. Мәдениеттің бұл екі тармағының арасындағы
сабақтастығы, диалектикалық байланысты көрсету әдіснамалық тұрғыдан аса маңызды.
Материалдық мәдениет көп жағдайда рухани мәдениетке субъекті болады. Мысалы, адам
ойлау қабілетіне ие болғандықтан жаңалық жасау мақсатында жаңа бір нәрселерді ашу
мақсатында талпыныс жасайды. Осы ой арқылы материал өмірге келеді. Тізіп айтар болсақ,
адам ойлады, ғимарат салу ойға оралды, оны салды, тағы да идея туындады, көлік жасап
шығарды, оны шынайы болмысқа айналдырды. Яғни, ойлау өз жемісін берді.
Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің
бір-біріне өзара ықпалы, әсері, мұнда «мәдениет» ұғымы «...расматривается приминительно к
аспектам взаймодействия с языком и языковой личностью» [5, 297].
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысында лингвистика тұрғысында лингвистика
ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланысы туралы көптеген
200
тұжырымдар кездеседі. Орыс тіл білімінде бұл мәселе жөнінде «тіл – мәдениетті жеткізудің
құралы». «Мәдениеттің компоненті» [6, 47], «Мәдениеттің бір құрамдас бөлігі» делінген
делінген бағыттағы біршама еңбектері бар. Сондай-ақ тіл мен мәдениеттің
парадигмасындағы жеке тұлға аспектісіне назар аудару қажеттілігі айтылып келеді. Мұнда
мәдениеттің феномені мен тілді тұтынушы тұлға арасындағы байланыс зерттелуі қажет. Ал
бұл мәселе кез келген этнос өмір сүретін қоғамда болып жататын әлеуметтік-қоғамдық
өзгерістерге байланысты. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысының зерттеушілер, яғни
лингвомәдениеттанушылар осы мәселені жан-жақты, ауқымды түрде қарастыруға талпыныс
жасап жатыр.
Халықтың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен
қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік
лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, философия және тағы басқа пәндердің
негізінде зерттеп келеді.
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық-мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы
белгіленуі ғылымда ретроспективалық ыңғайда этнолинвистика аясында қарастырылып
келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық
құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи
орта, өсімдік, жан-жануар ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі
жан-дүниесі белгіленгендіктен, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын
тілдік құралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым-
қатынасы көрінетінін айқындауға ұмтылыс күн санап артып келеді.
А.Вежбицкая: «Каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются
не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального
характера его носителей», - дейді [7, 21].
Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын танып, жүйелі
түрде қарастыратын ғылым саласы. Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени
құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді. Осыған байланысты тіл мен мәдениеттің
элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын, синтездейтін «лингвакультурема»
түсінігі [8, 5] лингвомәдени өріс, лингвомәдени компетенция деген түсініктер аталып, түрлі
объекттермен жұмыс істеуде жиі қолданылып жүр. Бұл аталған терминдік ұғымдардың
әрқайсысының арқалайтын жүгі әртүрлі. Соның ішінде «лингвокультурема» терминін алғаш
ұсынған –В.В. Воробьев. Зерттеушінің пікірінше, лингвокультурема – лингвистикалық және
экстралингвистикалық ұғымдардың диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді
деңгейаралық бірлік [8, 97].
Қазақ тіл білімінде лингвистикалық мәдениеттану мәселелері түрлі аспектіде
қарастырылып келеді, тіл мен этностың мәдени бірліктердегі көрінісі (Ә.Қайдар,
М.Манкеева); ақын-жыраулар поэзиясындағы этномәдени дереккөздер (Р.Сыздық);
этномәдени атаулардың этимологиялық негіздері (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, А.Алдашева,
Г.Смағұлова,
Р.Авакова,
З.Ахметжанова,
М.Копыленко,
Г.Сағидолда),
көркем
шығармалардағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі (Г.Снасапова, Қ.Қайырбекова,
Ж.Нұрсұлтанқызы), тұрақты тіркестердің этимологиялық сипаты мен ұлттық-мәдени негізі
(Қ.Ғабитханұлы, Б.Ақбердиева).
Лингвомәдениеттану бағытының ұлттық тілдің болмыс-бітімін, дүниетанымын
айшықтап көрсетудің, дамытудың негізі екенін соңғы жылдары Г.Смағұлова, А.Алдашева,
Ж.Манкеева, А.Салқынбай, А,Сейсенова, Г.Қажығалиева, Н.Аитова, А.Сейілхан т.б. бірқатар
ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдейді. Бұл қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикадан басқа
лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын дәлелдейді.
Тұрақты тіркестердің этномәденилингвистикалық қалыптарын олардағы ұлттық
психологиялық табиғатты зерттеп жүрген ғалым Р.Авакова: «Әлемді бір бүтін дамудың
орталығы деп танитын мәдениет іспетті тіл де бізге өзінің қырлары мен сырларына, жұмбағы
мен құпиясына толы шексіз қасиеттерін ашуда» - деп қорытынды жасаса [9, 47], тілдік
бірліктер туралы деректердің номинациясының маңызын арттыруда ұлттық мәдени өмірімен
201
байланыстылығы жайлы ғалым А.Салқынбай былай тұжырымдайды: «Тілдік деректерді
лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманитарлық,
мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі
құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен
оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады [10, 41].
Ал
профессор
Г.Смағұлова
лингвомәдениеттану
пәнінің
өзгешелігін:
«Линвомәдениеттану – этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық
мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерттеп, тілдің дәл
қазіргі қолданыс қызметін көрсететін, ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз заманға сай
келбетін таныту. Бұл ретте тіл – ұлт – мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану
пәнінің зерттеу нысаны болмақ» деп көрсетеді [11, 147].
Аударматанудың
лингвомәдени
мәселелерін
қарастырған
А.Алдашеваның
тұжырымынша: «Лингвомәдени ерекшеліктер – ұлттық мәдениетпен біте қайнасқан, ұлттық
мәдениеттен бөлшектенбейтін төл сипат-белгі [12, 158].
Аталмыш пәндердің «тіл мен мәдениеттің» өзара байланысын зерттеудегі әдіс-
тәсілдері, кейбір теориялық принциптері мен негіздері бір-біріне ұқсас болып келеді, қазақ
тіл білімінде профессорлар Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Ж.Манкеева және
Н.Уәли т.б.ғалымдардың ғылыми, зерттеу еңбектерінің негізінде этнолингвистикалық
зерттеулер ерекше қарқын алды. «Тіл мен мәдениет» мәселесі қазақ тіл білімінде
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар Е.Жанпейісов. Р.Сыздықов, О.Нақысбеков,
Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова, т.б. еңбектерінде сөз
болған.
Ғалымдардың
«...Мәдениет
пен
өркениеттің
жұмбақтарын
зерттеу
–
лингвомәдениеттанудың ең маңызды мақсаттарының бірі...» [11, 254] - деген
тұжырымдаманың мәні ерекше.
В.В.Воробьевтің пайымдауынша, «дүниенің тілдік бейнесін жүйелі түрде суреттеуге»
лингвомәдениеттану – мәдени құндылықтардың белгілі бір тәртіппен таңдалған және
ұйымдасқан жиынтығын, сөйлеуді тудыру мен қабылдаудың коммуникативтік үдерістерін
ұлттық ақыл-ой мен тілдік дербестік тәжірибесін зерттеп, әлемнің тілдік бейнесін жүйелі
түрде суреттейтін жаңа филологиялық пән [13,39-40].
Қорыта келгенде, тіл мен мәдениет сабақтастығы – тілде бейнелейтін, тіл арқылы
көрінетін ұлттық-мәдени құндылықтарды, ұлттық-мәдени ерекшеліктердің қолданылатын
жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |