XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Қазақ» газетінің орны мен рөлі.
1905ж патшаның қол қойған манифесі бойынша елде сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды. Мұның өзі Қазақстанда қазақтардың өздері шығаратын демократиялық басылымдары- газеттер мен журналдарды шығаруына мүмкіндік берді. 1907ж Санк-Петербургте қазақтардың тұңғыш қоғамдық саяси газеті «Серке» жарық көрді. Ол татар тілінде шығатын « Ульфат»газетінің қазақша қосымшасы ретінде шыға бастады. Алайда, ол елде саяси реакцияның күшеюіне байланысты жабылып қалды. Содан 1913ж ғана жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы А.Байтұрсынов болды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейхановтар барща қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар осы газеттің белсенді авторлары болды. Атақты баспагерлер «Қазақ» газетінің төңірегіне Ш.Құдайбердіұлы, Х. Ғаббасов, Х. Болғанбаев, Ғ. Қарашев М.Саматұлы сияқты көптеген көрнекті қайраткерлер мен ақындарды топтастыра білді. Газеттің әр нөмірінің таралымы орта есеппен 3мың данаға, кейде 8мың данаға дейін жеткен. «Қазақ» газеті ХХ ғасырдың басында азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Газет өз беттрінде ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті, газет мұсылман діні мәселесі бойынша, ғылыми негізделген бағыт ұстанды. Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды. «Қазақ» газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды, өз ұлтының көкейкесті мүдделеріне адал қызмет етті. Ол бүкіл қазақ халқын өзінің төңірегіе топтастыра білген ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби баслым болды.