Iii нұсқа 1-билет ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.


Картадан ерте темір дәуіріндегі тайпаларды көрсетіңіз. Олардың археологиялық ескерткіштері туралы баяндаңыз



бет3/13
Дата28.01.2018
өлшемі9,24 Mb.
#34200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3.Картадан ерте темір дәуіріндегі тайпаларды көрсетіңіз. Олардың археологиялық ескерткіштері туралы баяндаңыз.

Ерте темір дәуіріндегі тайпалар: атауы-САҚ. Тарихи шеңбері-б.з.б. VIII (VII)-IV Ғ.Ғ. Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерінде мекендеген.Археологиялықескерткіштері:Шірік-Рабат, Баланды, Бәбіш-Молда, Бесшатыр, Есік. Атауы-ҒҰН. Б.з.б 204-216 ж қамтиды. Бүкіл Қазақстан жерін мекендеген. Археологиялық ескерткіштері: Ақтөбе Шауышқұм, Жаманторғай қорымдары, Ниже-Волгинск қалашығы. Атауы-Үйсін.



Тарихи шеңбері-б.з.б. ІІғ-б.з. ІІІғ. Жетісу мен Ілі даласында мекендеген. Археологиялық ескерткіштері-б.з.б. ІІІ-ІІғ.ғ. ертедегі қорымдар: Қапшағай, Өтеген, Қызылеспе, Қызылауыз, Қызылқайнар; б.з.б. І ғ мен б.з.І ғ.: Тайғақ, Алтынемел, Талғар,,Ақтас; б.з. ІІ-ІІІ ғ.ғ.: Шолақжиде, Үңгірқора, Қалқан. Атауы-_ҚАҢЛЫ._Тарихи_шеңбері'>Атауы-ҚАҢЛЫ. Тарихи шеңбері-б.з.б ІІІғ.- б.з. VIIғ. Сырдың төменгі ағысы Қаратаудың солт мен оңт, Арыс пен Таластың бойлары мекен еткен. Археологиялық ескерткіштері- Көк-Мардан, Қостөбе қоныстары, Пұшық-Мардан, Мардан-Күйік. Атауы- САРМАТ. Тарихи шеңбері-б.з.б.VIIғ.- б.з. IVғ. Батыс Қазақстан жерін қамтиды. Архнологиялық ескерткіштері-Целинный 1, Сынтас қорымы, Бесоба қорымы, №4 Володарка, Лебедевка, Аралтөбе.

7-билет

  1. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Тәуекел хан — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай хандың ұлы 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.



Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қаскүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды.

Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхамедті елші етіп жіберді.Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақсстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібір патшасы [[Көшім|Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.

Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар рынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін апарып отырды. Ресейден Орта Азия мен Сібірге апаратын жол Қазақ хандығының аумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынан Орта Азияға апаратын сауда жолы Ертіс өзені арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы Түркістанға дейін, сонан соң Сырдария өзені арқылы Бұхараға өтетін еді.

1598жылы жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді.Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды.1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылһұмин хан болды. Иран шахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған Тәуекел хан шапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды. Тәуекел хан өзінің туған інісі Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды


  1. Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуының тарихи маңызын анықтаңыз.

20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.

1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.


  1. 1867-1868 жж.Уақытша ереже бойынша Қазақ жеріндегі басқару жүйесін көрсетілген кесте бойынша толтырыңыз.

Генерал- губернаторлық

(генерал губернатор басқарады)









Облыс

(әскери-губернатор)









Уезд

Уезд бастықтары









Болыс

(болыс басқарушылары)






Ауыл

«Ауыл старшыны»





8-билет

  1. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Хақназар хан — (15381580) билік құрған. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.



Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылыАстрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.


  1. Ұлы Отан соғысының басталауына байланысты республика өмірін соғыс жағдайына бейімдеу шараларын талдаңыз

Қазақстан түпкіріндегі оңтүстік-батыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастапт өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды. Бұл-қорғаныс өнімдері мен стратегиялық шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, еңбек және материалдық ресурстарды қайта бөлуді іске асыру, майдан шебіне жақын жерлерден әкелінген кәсіпорындарды қабылдау мен оларды жаңа жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Іс жүзінде материалдық және адам ресурстарын қайта бөлумен, өнеркәсіптегі майданға кеткен арнайыдайындығы бар мамандардың орнын жаңа жұмысшылармен толықтырумен қатар жүрген Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру басталды. 1941-1945жж. Республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын(85%) мыс(35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды. Барланған кен орындарының негізінде металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынды. Осының арқасында Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60% -ын, виспуттың 65%-ын, полиметалл рудалары мен қорғасынның 80%-ға жуығын өндіреді. Сөйтіп Қазақстан 1941-45жж. Ұлы Отан Соғысында КСРО-ның аса ірі майдан арсеналына айналды.Сонымен қатар Қазақстан стратегиялық маңызының себептеріне тоқталып қтсек, 1-ші Орасан зор аумақ. 2-ші Майданнан шалғайлығы. 3-ші Инфрақұрылымның болуы. 4-ші Ауыл шаруашылық өндірісі. 5-ші Кен байлықтарның молдылығы. 6-ші мал шаруашылығы.

  1. ХІХ ғ. Қазақ жерінде ашылған жәрмеңкелердің (Талды-Қоянды, Қарқара, Ойыл) орналасқан жерін карта бойынша белгілеңіз.

Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте-мөте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.

Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Ақмола уезіндегі Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темір, Верный уезіндегі ҚарқараЖаркенш, Сырдария облысындағы Әулыеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.

1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.

Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері ор түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.



Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті. Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды

9-билет

  1. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезеңдері.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға қатысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын орындардың көқпшілігі – обалар. Андрондықтардан ерекшелігі:Беғазы –Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршықтастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік,бүйірі шығыңқы болып келеді. Беғазы-Дәндібай құмыраоары әртүрлі өрнекпен безендірілген. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

  1. 1930 жылдардағы жаппай репрессия саясатының мақсаты мен нәтижесіне талдау жасаңыз.

Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.

Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.

Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай ,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.

30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ түрінде жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай мақсатты көздеді:

-саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;

-әлеуметтік-экономикалық салада:Қазақстандағы елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;

-ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін «жақсарту»


  1. ХІХ ғ. қазақ жерінде ашылған ірі өндіріс орындарының (Успен, Қарағанды, Екібастұз, Риддер) орналасқан жерін карта бойынша белгілеңіз.

XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.

Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты.

XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:

- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.

- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.

- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.

Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.



10-билет

1.Энеолит заманының өндірістегі және қоғамдық өмірдегі жетістіктері.Энеолит сөзі - мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі калыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған. Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар - садактың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де табылды. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
2.«Кіші Қазан» саясаты және оның қазақстанға кері әсері.

Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Ф.Голощекин есімімен байланысты болды. Паиша отбасы мүшелерін атуды ұйымдастырушылардың бірі Голощекин Қызылордаға келісімен, ауылда кеңес үкіметінің әлі орнамағанын, онда байлардың әмірі жүріп тұрғанын айтты «Ауылда Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет. Байға қарсы тап күресінде кедейлерге көмек беру керек. Егер бұл азаматтық соғыс болса, біз оған барамыз.» деп Сталинге хат жазды. Ауылдың дәстүрлі әлеуметтік құрылымын жою негізгі міндет ретінде айқындалды. Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» саясатын өмірге енгізе бастады. 1926-27жж. Жыртылатын жерлер мен жайылымдар қайта бөлінді. Шабындық және жыртылатын жерлер ауқатты шаруашылықтардан тартып алынып, кедейлер және орта шаруаларға берілді. Алайда бұл шара ойдағыдай нәтиже бермеді. Ұжымдық шаруашылық жүйесі шаруаларды өндіріс құралдарынан және өнімнен түскен табыстан ығыстырылды. 20-жылдардағы Қазақстан шаруалары тікелей экспортициялау, соңынан жаппай саяси қуғын-сүргін формасына ұласқан «төтенше» науқандардың трагедиялық қатерлі сәттерін өз бастарынан өткізді.

1928-29жж. Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру-іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына геноцид еді. Сол жылдары 40,5млн малдан 4,5 млн ғана мал қалады. Аман қалған 1,5млн-дай қазақтар Ресейге, Өзбекстан, Түркменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды. Қазақстандағы ұжымдастырудың негізгі зардаптары:

-Аштықтан 2млн 100мың қазақ қырылды.

-Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою.

-Шаруалар көтерілісі. Халықтың жаппай қоныс аударуы.



1920–1932 жылдардағы алапат қырғынды, 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын- сүргінді ұйымдастырушы- сол кездегі большевиктік партиясы. Бұл партия қазақ халқынан ашық түрде кешірім сұрауы керек. Өйткені, аштан өлген, жазықсыз зардап шеккен «сталиндік репрецияға» ұшырағандар саны 2 миллион адамнан асты. Мамандар қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді деп айтып жатыр. Мәселен, бұл бағытта демограф- ғалым Мақаш Тәтімовтің тарихи деректерді тауып жариялаудағы еңбегі зор. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «… егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45- 50 миллион халық болып отырар едік» деген. Егер біз қазір 45- 50 миллион халықты құрап отырсақ, даламыз шын мәнінде осыған лайық болатын еді.1930–32 жылдардағы ашаршылықтан, 1937–38 жылдардағы қудалаудан халықтың рухы сынды. Әрине бұл дүрбелеңнен басқа халықтар да өтті. Бірақ, ашаршылық қазақ үшін ұлттық қасірет болды. Оның салдарынан әлі күнге құтыла алмай келеміз. Жоғарыдағы айтылған дозақтардан аман қалған халық, оның ұрпақтары осындай ұлттық қасіретті, қаралы тарихымызды ешқашан ұмытпауға тиіспіз.

Екі ұғым бар: халық және тобыр. Тобыр – бұл кескінсіз бұқара, туысқандықты білмейтін мәңгүрт – адамдар, «нан мен ойын-сауық» қана толғандыратын бәріне бірдей енжар, парықсыз қарайтын тұтынушылар. Халық – бұл өз Отанын сүйетін, өз тарихын есте сақтайтын және өз батырларын құрметтейтін, өз өмірін елдің өмірімен байланыстыратын, ол үшін жаны ашитын, бүгінгі күннің тарихын жасау үшін және бұдан да артық болашақ үшін қуанышты да қайғыныда да бірге көретін, тамырлары осы жермен байланысты адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.


3.ХVІІІ ғ. жоғарғы Ертіс бойында орналасқан бекіністердің (Семей, Өскемен, Жәміш, Кереку, Омбы) орналасқан жерін карта бойынша белгілеңіз.

XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.

XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы,Өскемен, Жәміш,Кереку қалалары) салу аяқталды.

Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.



11 нұсқа





Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет