Ііі нұсқа 1-билет



бет2/5
Дата09.02.2020
өлшемі1,08 Mb.
#57527
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 нұсқа
3 нұсқа

2-билет

1. Барон Игельстромның реформасы және Кіші жүзде хан билігінің жою әрекеттері.

2. XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Айқап» журналының орны мен рөлі.

3. Қыпшақ мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз




1.Игельстром реформасы (1786) – Кіші жүзді басқарудың 1786 жылы Екатерина ІІ қуаттаған жобасы.

1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты.



XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүздеп хандық билікті жоюға әрекеттер жасаған еді. Ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болған болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады.

2. Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдық­саяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді. Журналда Ш. Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5), «Сөз таласы» (1915, № 6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912, № 4.) мақала, хабарлары жарияланды. Оларда Ш. Құдайбердіұлының философиялық ой­толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5) сауалнамасында Ш. Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын — бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен…» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат­бейнет (сауап­азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде қазақ зиялыларының пікір қайшылығынан туындаған (көшпелі және отырықшы) мәселеде парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге ой салып, елдік жолындағы саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат­мақсатта береке­бірлікке шақырса, «Сөз таласында» «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарайды. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтардың келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін айтады. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы­ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп­зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандай да болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар­ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады. «Айқап» журналында Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер де берілген.

3.Қыпшақ мемлекетінің астанасы



3-билет

1. Бай қожалықтарды тәркілеу және оның саяси, экономикалық салдарын түсіндір?

2. Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.

3. Қарахан мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеңіз.



1.1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана. Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет