Ііі нұсқа 1-билет


Орал мен Торғай облысындағы



бет5/5
Дата09.02.2020
өлшемі1,08 Mb.
#57527
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 нұсқа
3 нұсқа

Орал мен Торғай облысындағы көтерлістің шығуына 1867-1868 ж.ж. реформа себеп болды. Орал мен Торғайдағы көтеріліс 1868ж. Желтоқсан айынан 1869ж. Қазан аралығында болды.

1868-1869 жылдары Орал мен Торғайдағы көтерілістің жетекшілері ру басылары болды.

1869 жылы 6 мамырда көтерлісшілер 20000 қолмен Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасады.

1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерлісшілер феодалдық топтарға 40 астам шабуыл жасады, оған 3 мың көтерлісшілер қатысты.

Оралдағы көтерілісті басуға полковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскер қатысты.

Маңғыстаудағы көтеріліс.

Маңғыстаудағы көтерілістің шығуына 1867-1868 ж.ж. ереже себеп болды. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары Д.Тәжұлы, И. Тіленбайұлы.

40 мыңға жуық шаңырақтан тұратын адай руы 2 жылдың ішінде 160 мың сом шаңырақ салығын төлеуге тиісті болды.

Көтеріліске түрткі болған жағдай- патша жазалаушы отрядының адайлықтар көшіп-қонып жүрген жерге жақындауы болды. 1870 жылы наурызда Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин көшуге жиналған адайлықтарды тоқтатуға тырысты.

Бозащы дегенжерде 200-ге жуық көтерлісшілер жиналып, жазалаушы топқа кенеттен шабуыл жасады. Жазалаушылар талқандалып, Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Бұл жағдай көтерілісшілердің рухын көтерді.
25-билет 1.Батыс Сібір хандығы (этникалық құрамы, саяси тарихы).

Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Батыс Сібір тайпаларымен көрші қонып, оларға ықпал еткен қазақ тайпаларының ұйытқысы қыпшақтар болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулеті жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы - Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ ханды өлтіреді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды. Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.1428 жылы Әбілқайыр Батыс Сібірге жорыққа шығып, Махмұд қожа жеңгеннен кейін Батыс Сібір осы хандықтың құрамына кірді. Әбілқайыр өлгеннен кейін оның баласы Шайбанның екінші бір ұрпағы Ибақ хан болды. Ибақ хан қазақ хандары Керей мен Жәнібек хандармен одақтасып, Әбілқайырдың баласы Шайх-Хайдарды өлтіреді. Оның баласы Мұхаммед Шайбани Астраханға қашып кетеді.

Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғары болды. Ибақ хан 1481-1484 ж. Орыс пасшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым-қатынасын орнату туралы келсім жасады. Ол тайбұғалықтарды биліктен шеттетіп, 1495ж. оны күтпеген жерден өлтірді.

Ресейден Сібірге жорық жасаған Ермак 1582 жылы Көшімді жеңді. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, оның құрамындағы тайпалар ХVIғ. Аяғында Қазақ хандығына қосылды.


2. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» заңының тарихи маңызы.

Қазақ тілі — өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері, мемлекеттің бастапқы қалыптасу кезеңінде мемлекеттік тілді дамытудың келешегін анықтайтын нақты стратегиясы қабылданған болатын. 1997 жылдың 11 шілдесінде № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның қабылдануы қазақстандықтар үшін маңызды тарихи оқиға болды. Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында бекітілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» нормасын нақтылап, мемлекеттік егемендіктің аса маңызды атрибуттарының бірі ретінде таныды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.



Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
3. 1905-1907 жж. буржуазиялық- демократиялық революция кезеңіндегі қазақ жеріндегі ірі бас көтерулер болған аумақтарды карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.



Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.

Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.


26-билет 1. Ғұндардың мәдениеті мен шаруашылығы.

Ғұндар егіншілікпен де айналысқан. Олардың үйлерінен астық сақтайтын ұралар табылды. Ал еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі. 

Ғұн шеберлері ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Cүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды. 

Аммиан Марцеллин ғұндар туралы: “Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық-суыққа, шөлге үйренген” деп жазған. 

Ғұндар - көшпелі патриархалды ел. Билеушісі-шаньюй, билік мұрагерлікпен қалдырылып отырған. Ғұндарды ақсақалдар кеңесі басқарған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген, ұсақ қылмыстар үшін бетін тілу жазасы берілген. 

Көшпелілер алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғалымдар б.з.б.7 ғасырға жататын безендірілген алтын заттар тапқан. “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. 

Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған. 

Ғұндар көшпелі өмір сүрген. Римдіктер мен гректерге ғұндардың өмір салты өзгеше болып көрінген. Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әр түрлі көзқарасты кездестіруге болады. 

Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин: “Ғұндар төзімді келеді. Күні-түні ат үстінен түспейді, сауда-саттығын да ат үстінде жүріп жасайды, ат үстінде ішіп-жейді, ат үстінде қалғып ұйықтайды, тіпті түс де көреді”деп сипаттап жазған. 

Ғұндардың қалалары болған. Прииск ғұн әмірінің сарайының әсемдігі туралы жазды: “Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр”. 

Приискіні Аттиланың сарайындағы аппақ тастан қаланған монша ерекше таңғалдырған. 2. 1930-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуы.

Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны- педогогикалық институт 1928 жылы ашылып, оған кейіннен Абайдың есімі берілді. 1931-1932 жылдары Оралда және Қызылордада педогогикалық институттар ашылды. 1929-1931 жылдары Алматыда зоотехникалық- малдәрігерлік, ауыл шаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды.1934 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.

1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі болды. Өлкенің тарихы, этнологиясы, экономикасы зерттеле бастады және жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секцияларының жұмысына С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов,

М.Жолдыбаев, А.П. Чулошников, А.Ю. Якубовский және көрнекті ғалымдар белсене қатысты.



. Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды.Бастапқыда оның құрамында ботаника және зоология секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді. 1935 жылы Геология және тарих секторлары құрылды. Ғылым академиясының базасына құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шаруашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қосылды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылымайдаМосквада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

Ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. республика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.

Қазақ әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері өсіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктеріментанысты. 3. ХІІІ ғ. Қазақстан аумағында құрылған ұлыстар мен олардың құрамына кірген өңірлерді кесте бойынша толтырыңыз.




Ұлыстар

Жошы ұлысы

Шығысты Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ, қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығысы қарады



Шағатай ұлысы

Оңтүстік және Оңтүстік –шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады.



Үгедей ұлысы

Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қарады




27-билет

1. Үйсіндердің әдет- ғұрыптары және діни наным– сенімдері.

Үйсіндер жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді. Археологтар арнайы шырақ жағатын табақ пен құрбандық ыдыстарын тапқан, қыш ыдыстарға күннің суреті салынған. 

Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Теріден күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киімдер тікті. Бұдан басқа тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан және сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылған. Ағаш ұсталары қайыңнан астау, табақ, тостаған, ожауды ойып істеген. 

Үйсін әйелдері саз балшықтан ыдыстар жасаған. Жасау тәсілі екі түрлі болған: арнайы ұршықшамен және құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру. 

Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі - 20 метр, биіктігі - 2 метрге жуық. Үйсіндер мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қабірде жерлеген. Ежелгі үйсіндер өлген адам қайта тіріледі деп ойлаған. Сондықтан адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады деген бұйымдардың бәрін бірге көмген. Ер адамдардың жанына сауыт-сайманы, қару-жарағы: садақ, жебе, найза, қамша, пышақ секілді заттар қойлған.

Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген. Олар сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді.

Архелогтар арнайы шырақ жағатын табақ, құрбандық ыдыстарды тапқан. Қыш заттар мен ыдыстарға күннің суреті салынған.
2. Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс пен К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерді салыстырыңыз.
1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тиым салынған болатын. Патшаның бұл  жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі тұрғысынан қабылданған-ды. “Игельстром реформасының” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлерге көшіп-қонуға патша үкіметінің рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы ол қосөзен аралығында Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанның басқаруымен жеке иелік құрылды.  Бөкей сұлтан  тек 1812 ж. ғана патша үкіметінен “хан” атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды.

Қараөзен мен Сарыөзеннің  бойы шекаралық аймаққа айналды.  Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдарынан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске ұшырады.  Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақтардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал-мүліктерін тонап кетіп отырды.  Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігі мұндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көп жағдайда мәселеден жалтарып кетіп отырды. Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен МахамбетӨтемісұлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш әр жерде ұйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа ұласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң  орнына Исатайдың жақын серігі М.Өтемісұлын тағайындайды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, әрі татар және орыс тілдерін үйренеді. Ол Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге  Орынборда да тұрады. Жәңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырысады, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828-1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралық үкімет тарапынан “Еділ арқылы құпия өткені үшін”  деген айыппен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. 1831 ж. онда тырысқақ (холера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді. 1834 ж. Жәңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ бұл тағайындауды Шекаралық  комиссия бекітпейді. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде  сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық.  Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.



Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда  жаңа бекіністерді салып,  қазақ жерлерін күштеп тартып алуды  одан әрі жалғастыруы,  қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың  шиеленісуі Кенесары Қасымұлы  бастаған ұлт-азаттық  көтерілістің  шығуына себеп болды. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған  басқа барлық  көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тән саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төрткара, Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жаппас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен  билер және басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Кенесарыға белсенді  қолдау көрсеткендердің бірі оның әпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары  сұлтан Сортек пен Досан Әбілқайыровтарды  Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң  күйеуін тастап,  баласымен  көтерілісшілерге  қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады.

Кенесары бастаған азаттық  күрестің мақсаты  :Абылай хан тұсындағы  қазақ хандығының  территориялық тұтастығын  қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген  қазақ жерлерінің  тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы  азаттық соғысты бастамас бұрын  бірнеше дипломатиялық  қадамдар жасады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс әскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: "Ата — бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмүрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті", - деп көрсетеді.  Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша әкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды

1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының  әскері бекіністі  өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.

1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор әскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді.  Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский  алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ,, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының әскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын.

1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар  Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік құрылыс қайта ұйымдастырылды. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, сұлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырылды. Хан жарлықтары мен Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп және орындалуын талап етіп отыратын арнайы басқарма құрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Әскери мәселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң әскери тәртіптегі мыңдықтар және жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайына ыңғайлы жасақтар ұйымдастырылды.

Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген кейін, 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге межбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.



1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Петербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал-губернатор болып Обручев тағайындалады. Обручевтің Перовскийге қарағанда Кенесарымен  арадағы меселені шешуде көзқарасы басқаша болды. Ондай жағдайды пайдаланған Сібір губернаторы Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуға Сотниковтың басқаруымен отряд жібереді. Нәтижесінде, Орынбор әкімшілігімен жасалған бітім Горчаковтың тарапынан бұзылды. Ал, 1843 жылдың 27 маусымында патша  І Николай Кенесары Қасымұлы бастаған күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлемдегі әскери жорық ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Сонымен қатар, Кенесары ханның басын кесіп әкелген адамға 3000 сом сыйлық тағайындады. 

1843 жылдың көктемінде патша әкімшілігі қазақ даласына үш отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Ол отрядтарға Ор бекінісінен, Ұлытаудан және Тобыл өзені бойынан бір уақытта аттанып, Кенесары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауға алып, шешуші соққы  беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған қоса, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебедевтің және қазақ сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен құрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қосымша отрядтар жасақталды. Кенесары ханның әскеріне қарсы соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ол кезде Кенесарының  20 мыңдай әскері бар еді.  Кенесары хан патшаның жазалаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-жеке соққы беруді ойластырды. Ол  өз жасақтарының бір бөлігін Батыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай шегіне шайқас жүргізіп, жазалаушы отрядты басқа жаққа қарай бұрып әкетеді. Ал, кейіннен Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен дәрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға шақыртылып, қызметінен босатылып, сотқа тартылады. Кенесары болса, бұл кезде өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісіне  шабуыл жасап, 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің  бойында Ахмет Жантөриннің отрядын қоршауға алып талқандайды.

Осы 1844 жылы Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан Бұғы руы манаптарының бірі Боранбай Бекмұратов Ресейдің билігін мойындауға дайын екендігін патша І Николайға хабарлайды. Бірақ манаптың бұл ұсынысын Ресеймен арадағы жердің қашықтығын сылтауратқан патша жауапсыз қалдырады. Кейбір қырғыз билеушілерінің Ресей билігін мойындауға ыңғай танытуы Кенесары ханды ызаландырған болатын. Ал, Кенесарының қырғыздармен қақтығысының қарсаңында қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап Ресей өкіметінің құрамына қабылдауды сұрайды және қазақ ханы Кенесарыға қарсы күресте қолдау көрсетуді өтінеді. Бұл жағдай Кенесарыны одан әрі ерегістіре түседі.

1846 жылдың басында Кенесары хан әскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың  батыры Жаманқораны өлтіреді. Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шауып, Саурық батырды  жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тартысына ашық кіріспей, Алатау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да әлсіретіп барып, осы өңірге өз әскерін кіргізудің қолайлы жолдарын қарастырды. Осындай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады.

Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына  тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.

Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш, Басығара, Жанайдар, Жәуке, Иман, Байсейіт, Сұраншы, Жоламан және т.б.  батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының  Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жөне қырғыз ауылдарын шабуы кері әсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті әлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымүлы бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
3.Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қарастырылған мәселелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз

1.Жер дауы.



2.Үй іші мен бала тәрбиелеу.




3.Ұрлық-қарлық, барымта.




4.Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.



5.Ұлтын жаудан қорғау.




6.Құн дауы.




7.Жесір дауы.

«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

«Жеті жарғының» жеті заң мен жеті жарлықтан тұрған. Жеті жарғысына тоқталсақ:

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жекеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді»

«Жеті Жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш болып табылады. «Жеті Жарғыға» сәйкес қанға-қан, жанға-жан қағидасы заңдастырылды. Адам өлтіруші өлім жазасына кесілді. Кей жағдайда, мәселен, өлген адамның жақындары кешірім жасаған жағдайда айыпталушы құн төлеу арқылы өлім жазасынан құтыла алды. Құнның көлемі екі жақтың әлеуметтік шығу тегіне байланысты болды. Қарапайым шаруаның құны бір мың бас қой тұрса, сұлтанның құны жеті мың бас қойға бағаланды. Осыдан-ақ «Жеті Жарғының» қазақ үстем табының мүддесін қорғаған заң екенін анық көреміз. Заңның негізгі баптарының мазмұнынан үзінділер келтіре кетсек, олар төмендегідей:

- қанға қан алу (біреудің кісісі өлтірілсе) немесе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);

-Егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі, ал  ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

-Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

-Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

-өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді.

-әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;

-әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

-құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

-ата-анасына тіл тигізген  ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының қолына беріледі;

Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» баптары сол заманның талаптарына сай келді. Ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды.


28-билет 1. Қаңлылар туралы ежелгі жазба деректер.

Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген. 

Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады. 

Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі - Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр. 

Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен. 

Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр. 

Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады. 

Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қонысынан б.з.1мыңжылдығының алғашқы жартысына жататын қала орны табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады. 

Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған. 

Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған. 

Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған. 

Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жылдан астам бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар - б.з.5 ғасыры аралығында өмір сүрген. 

Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған 

Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген. 

Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы ) болған деп көрсетілген. 

Б.з.б.6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.

2. 1867-1868 жж. реформаларға қарсы қазақ даласындағы көтерілістер.( Орал,Торғай, Маңғыстау)1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.

Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.

Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.

Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.

Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.

Қазақтардың бүкіл азаттық үшін күресінің негізгі көкейкесті мәселесі — жер. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша қазақтардың ата-қонысы мемлекет меншігі деп жарияланды. Жер қауымдық пайдалануға берілді.

Кіші жүз қазақтары мен Жайық казактары арасындағы жер жөніндегі қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Малдың тебінде болғаны үшін әскер атаманының пайдасына қой басы — 15 тиын, ірі қара мал — 18 тиын, жылқы — 23 тиын, түйеге — 38 тиыннан ақы алынды. Бұдан басқа станицалық қоғамдар «өздерінің жеріне» көшіп Келген әрбір үй үшін қазақтардан 4 сомнан ақша алып отырды.

Жерге зәруліктің, жайылым жетіспеуінің салдарынан XIX ғасырдың 60-жылдарында рулар арасында, жартылай отырықшы және көшпелі қазақтар арасында күрес күшейді. Жер дауы көшпелі қоғам бірлігіне нұқсан келтірді. Оны дағдарысқа ұшыратты.

Казақстанның оңтүстігінің Ресейге түпкілікті қосылуы 1867—1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» жасалуына тікелей байланысты. Бұл заң Ресейдің империялық пиғылының арта түскендігінің көрінісі. «Уақытша Ереженің» түпкі астары—қазақтардың әлеуметтік-мәдени және этностың тұтастығынан айыру еді. Көшпелі қоғамның тірегі — рулық құрылымды бұзып, әкімшілік басқаруды оларға түсініксіз, сан алуан сатылы билік иерархиясымен ауыстырды. Орал облысы қазақтарының жері Орал казак әскерлері жерімен біріктіріліп, оны басқару казак атаманының қолына берілуі де қазақтардың наразылығын туғызды. Қазақтар дүниетанымы мен көшпелі өмір салтына қайшы келетін сырттан күшпен таңылған жаңа реформаны қабылдамады.
Көтерілістің басталуы

Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.

Ұйымдастыру комиссиясы, ең алдымен, үй есебін алуға, онбасы, елубасылардың сайлауын өткізуге, олардың арасынан ауыл старшындарын, болыс билеушілерін сайлауға, елді ауыл-ауылға бөлуге, жаңа мөлшерде үй басы салығын жинауға тиіс болды. Бірақ бұл комиссиялар ауылдардың табанды қарсылығына кездесті. Қазақ еңбекшілері «Уақытша Ереженің» негізгі мәнін дұрыс ұғынып, оны қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Жаңа әкімшілікке бөлу жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы келе жатқан тәртібіне үйлеспеді: бір рудың жайлауы, қыстауы басқа уездер мен болыстардың қарамағына ауысып кетті.

«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.

Орал облысында 1869 жылы 12 қаңтарға дейін 11 болыс шеп бойындағы қазақтардан ғана құрылды. Торғай облысында 1 ақпанға дейін 9 болыс құрылды. Алайда көп ұзамай ұйымдастыру комиссиясы өз жұмысын бірінші Орал облысында, кейіннен Торғай облысында тоқтатып, шепке кейін қайтуға мәжбүр болды. Комиссия сөзіне қарағанда, «Уақытша Ережені» қабылдамауды қазақтардың барлығы бірігіп шешкенге ұқсайды. Ал комиссияның бетін қайтарған қазақтардың қатары толыға түсті. Өздеріне орыс бастықтарының тағайындалуына, түтінге санақ жүргізуге наразылардың қатары өрши берді.

1869 жылы ақпанда комиссия күзетші жасақ пен бұрынғы сұлтандарды ертіп қайта шықты. «Уақытша Ережені» қабылдамай қайсарлық көрсетушілерге қарсы әрі Елек комиссиясына көмекке Ембі постындағы күшке қоса екі зеңбірегі бар 200 казак жіберілді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский мен Орал облысы әскери губернаторы Н.А.Веревкин қарсылық көрсетушілер Жем өзені бойындағы жайлаудан айырылатындығын ескертіп, қорқытумен болды.

Комиссия Елек өзенінің бастауы тұсындағы 30-дистанцияға қарасты қазақтардың күштірек қарсылығына кезікті. Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.

3. 1916 жылғы көтеріліс барысында құрылған ұлттық билік құрылымын кесте бойынша толтырыңыз.

Лауазымды тұлға

Міндеті

Елбегі

Бейбіт халықпен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді әрбір мың шаруашылыққа тағайындаған елбегі (әкімшілік жетекшісі) шешті

Жасақшы

Көтерлісшілер үшін салықтар мен азық-түлікті жинаушылар

Қазынашы

Қаражат жөніндегі жұмыстарды басқарды

Сардарбек

Әскердің бас қолбасшысы

Сарбаздар

Ондық, жүздік, мыңдықтарға бөлінді.


29-билет 1. Сақтардың діни наным–сенімдері.

Сақтар аспан денелеріне табынған. Оны Томиристің Кирге айткан "Күн" атынан ант етемін деуі, Сақтардың күнге табынтанын байқатады. Тарих атасы Герадоттың жазба деректерінде сақ тайпаларының әдет- гұрып, салт-санасы, киім киюі, шаруашылығы, тамақ пісіруі сияқты іс- әрекеттерінен көптеген мағлуматтар қалдырған. Мәселен Сақтар киізден тігілген шошақ қалпақ, штан киіп қолдарына айбалта, садак, қысқа найза сияқты қару-жарақ асынатын дейді. Мал өсіруде қой, жылқы, сиыр малын көп өсіреді, ал шошқаны есірмеген, керек болса өз жерінде ондай жануардың мұлде болмауын тілеген. Аса бір қызықты хабар сақтар малдың қарнына өз етін салып оны жерге кеміп үстіне от жағып пісіретін. Мұндай жағдай қазақтарда да болған және бір қызық хабар киіз үйдің ішінде тас қыздырып оған су шашып үстіне кендір (өсімдік) салып монша жасау. Қазақтар қызған тастың үстіне адыраспан салып булап моншаға түскен. Мұндай әдеттің сонау «сырлар тереңінен соңғы кездегі қазақтарға дейін келуін бұлардың арасында этникалық байланыстың үзілмей келгендігін байкау киын емес. Герадот сақтардың үй-жайларын арба үстіне тігіп, тиеп алып көшіп жүретінін де жазады. Ал археологиялық зерттеулерде қазақ жеренің жартастарындағы суреттерде түйе, огіз, жылкы қосып жүк артып немесе киіз үй тігіп алып көшіп жүрген сақтарды көреміэ. Мұндай жағдайды ХУ-ХУІ ғғ қазақтар да көшіп жүрген деп Фазлаллах та жазған.

Ал сақтардың шошақ қалпақ киетіндерін парсы деректерінен де кездестіруге болады. Мәселен: Дари «Мен өз әскерлеріммен шошақ қалпақ киетін сақтарға қарсы соғыстым» деген сөзінен тек тигрехауа сақтардың ғана қаллақ киіп қоймай басқа да сақтардың кигендігін дәлелдел отыр. Ал Даридін сақтар дінсіз екен, мен Скунканы өз дініммен жазаладым деуі сақтардың парсыпарға наным-сенім жағына, ешбір ұксас еместігін көрсетеді. Бұдан байқалатыны сақтардың иран тілдес болмағандығын анықтайды. Бұған екінші бір дәлел, Есік обасынан табылған күміс зереннің сыртындағы жазудың түрік тілдес екендігін түрік тілінің маманы А.С.Аманжоповтың оқуы. Ондағы "Халықта азық-түлік (мол-болғай)! дегені - патшаның артында қалған еліне білдірген тілегі. Осындай дәлелдерге қарамастан әлі болса дакейбір ғалымдар сақтарды парсы тілдес деп жүр.

Міне, бұл жоғарыда келтіріліп отырған антикалық дәуірдегі және соңғы ортағасырдағы жазба деректер сақтар мен қазақтардыңарасындағы этникалық байланысты айпарадай анық көрсетіп тұр. Сондықтан да сақтар қазақтардың тікелей ата тегі екендігіне ешбір дау болуы мүмкін емес.

2. 1930- шы жылдарындағы кино өнеріндегі жетістіктер.

Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады. Бұл жылы киноға Қызылорда каласында өткен Қазақстан кеңестерінің I съезі түсірілген. Осы жылы «Қазақ АКСР-і құрылуының бес жылдығы» деп аталатын екінші деректі фильм көрсетілді. Ол кезде бүкіл республика бойынша Ағарту халкомының көшпелі киносы болды - Ақтобе, Қызылорда, Темір және Шымкентте, 1928 жылы астана Қызылордадан Алматыға көше бастады. Сол кезде Мәскеуден жаңа астанаға «Востоккино» тресінің өкілдері келіп, республикада өз бөлімшелерін ашуға кірісті. 1928 жылы бірінші «Алматы және оның төңірегі» деп аталған деректі фильм түсіріліп, жергілікті жерде зертханасы болмағандықтан, фильмді өңдеу жөне монтаждау Мәскеуде жүргізілді. 1929 жылы республика экрандарында «Соңғы жаңалықтар» киножурналы көрсетіле бастады. Қазақстан жайлы тұңғыш көлемді деректі-көркем фильм «Түрксіб» деп аталды. Сценарий авторы мен режиссері В.Турин. Осыдан кейін «Востоккино» Қазақстан туралы тағы үш фильм түсірді: «Дала әні» (1930 жыл), режиссері А.Лемберг, «Жұт» (1931 жыл), режиссері А.Коростин, «Қаратау құпиялары» (1933 жыл), режиссері А.Дубровский.

1935 жылы басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да қажетті материалдық базасымен қоса деректі киностудия ашылды. 1935 жылы маусымда «Кеңестік Қазақстан» киножурналының алғашқы нөмірлері шыға бастады.

Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркем фильм Д.Фурмановтың романы бойынша режиссер С.Тимошенко 1929 жылы «Ленфильмде» түсірген «Бүлік» фильмі. 1935 жылы қазақстандық жазушы И.П.Шуховтың романы бойынша «Мосфильм» киностудиясы «Жау соқпағы» фильмін түсірді.

1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді. Ол Қазақ академиялық драма театрының әртістері күшімен қазақ және орыс тілдерінде түсірілді. Фильм режиссері М.Левин, сценарийін В.Иванов пен Ғ.Мүсірепов жазды. Фильмдегі басты рөлдерді Е.Өмірзақов, Ш.Жиенқұлова ойнады. Фильмнің музыкасын А.Жұбанов жазған.   1940 жылы М.Левин М.Әуезовтің сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмін түсірді. Музыкамен көркемдеген сазгер В.Великанов болатын.

3. Төмендегі терминдерінің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.



Диуан

Шығыс классикалык әдебиетіндегі бір немесе бірнеше ақынның шығармаларын қамтитын жинақтың атауы. Диуандағы шығармалар жанр бойынша, әліпбилік тәртіппен орналасады. Шығыс поэзиясында дастандар, поэмалар хамса боп бестен біріктірілсе, Диуанға, негізінен, көлемі шағын көркем шығармалар - ғазалдар, сонымен бірге қасидалар, мұхаммастар, мусаддастар, алты-тармақ, мусаббалар (жеті тармақ, қисалар) (үздіктер), рубай, мәснәуилер кірген.

Инал

Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері

Сюбашы

Әскербасы

Күл-еркін

Билік иелері өкілдерінен құрылған кеңесші ұйым

Елтебер

Қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым

30-билет 1. Ислам дінінің Қазақстан аумағына таралуы.

Ислам діні пайда болып, араб-мұсылман мәдениеті қарқынды даму дәуірінде түріктер бастапқыда Батыс Түрік қағандығы, Түргеш, Қарлұқ қағандықтары, ал кейіннен Қарахан мемлекетіне біріккен болатын. Түргештер заманында арабтар мен түріктер арасында байланыстар болғанымен, араб-түрік мәдени байланыстары қарлұқтар дәуірінде гүлденді деуге болады.

Бір орталықтандырылған мемлекет құрылып, ислам діні қалыптасқаннан кейін арабтар ислам дінін тарату мақсатында аз уақытта Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлеріне басып кірді. Орта Азияның оңтүстік аумағына енді.

Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алды, 714 жылы Шашты алды. Бұхара мен Самарқанд, Отырар мен Хорезм өлкесі де исламды қабылдады.

751 жылы Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар арабтар мен бірлесіп, қытай әскерлерін жеңіп шығады. Арабтардың келуімен бірге Орта Азия мен Қазақстан аумағында ислам діні кеңінен тарай бастады.

Х-ХІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды роль атқарды. Х ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан ислам дінін қабылдады. Ал, оның баласы Мұса хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялады.

Ибн Хаукальдың келтірген дерегіне сүйенсек мұсылман дінін қабылдаған түріктер Шаш пен Фарабтың арасында көшіп жүрген. Археологиялық зерттеу жұмыстары ІХ-ХІІ ғасырлардағы қалаларда ислам дінін кең тарағанын дәлелдей түседі. Сонымен қатар ислам діні біртіндеп көшпелілер арасына ықпалын жая бастады.

Осы жерде тағы да бір ескеретін жайт, исламның қандай жолмен осы аймақта таралуы туралы мәселе.

Исламтанушы Н.Нұртазина: «Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген, кейіннен қазақ халқын құраған тайпаларды арабтар жаулап алды ма? Біздіңше, жаулаған жоқ», - дейді. Қазақстанның басқа аймағын айтпағанда, тіпті Оңтүстік облыстары мен Жетісу жері ешқашанда халифаттың құрамына енбеген. Бірақ та, арабтар жоқ кезде, Орта Азияны мұсылман ирандықтардың саманид әулеті билеп тұрған ІХ ғасырда қазіргі Қазақтанның Оңтүстік облыстары мұсылман әлемі мен ислам дінінің ықпалына ұшырағанын көрсетеді. Парсылар мен соғдылардан айырмашылығы кейіннен қазақ халқын құраған түркі тайпалары исламды мүлдем бейбіт жолмен қабылдаған.

Тарихшы В.Бартольдтың айтуы бойынша «Бұл жерде мұсылмандар исламды қарумен таратудан бас тарта отырып, үгіт-насихаттар арқылы үлкен табыстарға қол жеткізді» .

Дін қазақ арасына сопылар, дәруіштер, қожалар арқылы, яғни миссионерлік жолмен тараған. Кейіннен медреселер, мектептер, мешіттер салу арқылы беки түскен.

Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазады. Бұл деректерді археологиялық қазба жұмыстары толығымен дәлелдеді. Оған мысал, Тараз, Отырар, Баласағұн, Құйрықтөбе қалаларындағы мешіт орындарының аршылуы. Сонымен қатар, мешіттер тек қалаларда ғана емес, қыстақ-кенттерде де салынған.

Ислам дінінің енуі Қазақстан халықтарының арасында адамды жерлеу дәстүріне үлкен өзгеріс әкелді. Археологиялық қазба жұмыстары адамдардың мұсылманша жерленгенін анықтаған. Адамның басын солтүстік-батысқа, яғни құбылаға қаратып жерлеген. Сонымен қатар жерленген адамның қасына ешқандай зат қойылмаған. Қазақстан жерінде зират басына мұсылманша кесене салу үрдісі де осы кезде қалыптасты.

Ислам дінінің Қазақстанда кеңінен таралуына Ташкент, Түркістан, Бұхара, Хиуа сияқты мұсылмандық орталықтардың жақындығы да үлкен әсер етті. Осы қалалардағы қожа-молдалар сауда-саттық керуендерімен еріп жүріп дінін уағыздаумен болды.

Ислам діні Қазақстан жерінен христиан, будда, зороастризм сияқты діндер мен жергілікті пұтқа табынушылық сияқты түрлі наным-сенімдерді біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Сонымен қатар ислам діні Қазақстан жерінде ғылым мен білімнің дамуына да үлкен әсер етті. Араб жазуы қолданысқа еніп, орхон мен соғды жазуын ығыстырып шығарды.

Ислам қазақ тарихында маңызы мол атқарады және оның қазақ мәдениетіндегі орны ерекше. Әлемде әрбір ұлттық ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы діни құндылықтармен астасып жатады. Бұл ислам құндылықтарына да байланысты. Ислам дінінің басты ерекшелігі – ол қоғамның барлық саласын, жеке адамның өмірінің көп сәттерін қамти алатындығында. Адам дүниеге келген күннен бастап мұсылмандық елдерде шарттың, рәміздің, дәстүрдің, салттар мен тәртіптің ықпалында болады. Сондықтан ислам дінінің ішкі тұтастығының мықтылығы адам мен қоғамның игілігін мақсат етуімен түсіндіріледі.


2.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның аяқталуы.

1861- 1863 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде және тез арада иелену жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баяндама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында  бір-біріне қарсы тұрған екі жақта әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отрядында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек,  және құрамында сұлтан поручик Ш.Уәлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің  отряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан әскерлерінің шабуылына ұшырады да бекіністі қоршауға  мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің  әскери шендері жоғарылатылып, генерал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары құрмет” және түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын-ала дайындықсыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.

Қоқан хандығында  саяси күштердің қарсылығы күшейіп,  хан мен оның  төңірегіндегілердің  озбырлығына наразылықтар  көбейе түсті. Қоқан мен Бұхара арсындағы  қайшылықтар шиеленісті. Мұндай қолайлы жағдайды   орыс әскерлері де  өз мүдделеріне пайдалана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу  әскермен бір жарым  жүздік казактардан  тұратын отряды  және Лерхенің  төрт рота жаяу әскер, бір казак  жүздігі мен  мың жарым  қазақтан тұратын  отряды Шымкент түбінде  бірігіп қалаға  шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды.  Түркістан мен Шымкентті  жаулап алғаннан кейін  Орынбор мен Сібір шептері  жалғастырылды.

1865 жылы маусымда  бір апта қарсылықтан кейін  орыс әскерлері  Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында  патша ІІ Александр Ташкентті Ресейдің  құрамына қосу туралы  жарлық шығарды. Бір жылдан кейін  1867 жылы құрамына  қайта құрылған  Жетісу және Сырдария  облыстары кіретін, орталығы Ташкент  қаласы болған Түркістан  генерал-губернаторлығы  құрылғандығы туралы заң жарияланды.

Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б.  бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан  атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне  зеңбіректің 12 снаряды атылып,  оның 11-і  кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап,  қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті,  Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына  орыс әскерлерінің  көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа қатысудан  бас тартуға мәжбүр болды.  Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары  қарсылық көрсеткендері  үшін қатыгездікпен,  аяусыз басып-жанышталды.  Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер  шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы  саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді.

Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды  жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы  ұзақ уақытқа  Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені  басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен  Орта Азия және Қазақстан  Ресей империясының  отары ретінде  заңдастырылды. 



3.Қазақстандағы Ақпан революциясының нәтижесін кесте бойынша толтырыңыз. Қазақстандағы Ақпан революциясы Қандай мәселені шешті Қандай мәселелерді шеше алмады

Қазақстандағы Ақпан революциясы

Қазақстандағы Ақпан революциясы

Қандай мәселені шешті

Қандай мәселені шеше алмады

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті. Монархия құлатылып, патша тақтан тайдырылды. Соғыс жөніндегі мәселенің шешілуі үшін мүмкіндіктер жасалды. Самодержавие жойылды. 1917 жылы 7 наурызда көтерліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды. 1917 жылы 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды.

Соғыс тоқтатылған жоқ. Аграрлық мәселе шешілген жоқ. Самодержавие кезеңінде қазақтардан тартып алынған жерлер қайтарылған жоқ. Қазақстандағы орталық басқару аппараты қиратылған жоқ. Іс жүзінде патша үкіметінің саясатын жалғастырды.Қазақтардың автономиясы жөніндегі мәселелер күн тәртібіне қойылған жоқ. Қоныс аудару басқармалары қазақ еңбекшілерінен шұрайлы жерлерді тартып алуды жалғастыра берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет