Ііі нұсқа 1-билет



бет4/5
Дата09.02.2020
өлшемі1,08 Mb.
#57527
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 нұсқа
3 нұсқа

Шірік-Рабат қаласы - Сырдарияның ескі арналарының бірі Жаңадарияның бойында, Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде Қармақшы ауданы территориясында орналасқан. Ежелгі Шірік-рабат қалашығының жоспары сопақша келген, ол бүкіл төбешіктің үстін қамтиды (850х600 м). Ежелгі қамал (б.з.б. ІҮ-ІІ ғасырлар) ауданы 4 га-дан астам, ол екі қабатты дуалмен қоршалған. Осы уақытқа орталық бөліктегі тікбұрышты бекініс те жатады. Ескерткіштің оңтүстік жағын ортағасырлық кезеңдегі қоршау қиып өтеді. Оған ежелгі дөңгелек кесене қосылған. Сол кездері кейінгі уақытқа жататын тікбұрышты цитадель де салынған. Қала ормен қоршалған (ені 40 м шамасында, дуал түбінен есептегендегі тереңдігі 4 м). Ежелгі қамал қабырғасында (қалыңдығы 4,5 м) оқ ататын галерея (ені 1,8 м) орналасқан. Қабырға тікбұрышты кейіптегі одан 6 м шығып тұратын мұнаралармен күшейтілген. Мұнарада да, қабырға сияқты кірер-шығар жерінде бір биіктікте оқ атуға арналған орын болды. Қаладағы тұрғын жайлар ескерткіштің оңтүстік бөлігіндегі, ішкі қорғаныс қабырғасының жанынан түсірілген шағын қазбадан анықталған. Мәдени қабаттың жалпы қалыңдығы 2 м-ден асады, жоғарғы қабаты ХІІ-ХІІІ ғасырларға, төменгі қабаты б.з.б. VІ-ІІ ғасырларға жатады.

Баланды қалашығы – үш ескерткіштен тұратын бекініс. Баланды-1 шағын қамалы, оған жалғасып жатқан қоныс пен Баланды-2-3 атты екі қабір құрылыстары. Баланды-1 бекінісі Сырдариядан тартылған канал бойында орналасқан. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша ол егін шаруашылығымен айналысқан елдің орталығы болған. Ескерткіштің көлемі 80х130 м, төртбұрышты, бұрыштары төрт тарапқа бағытталған биік қорғанмен қоршалған.  Ескерткішті 1959 жылы Хорезм археологиялық-этногарфиялық экспедициясы ашып, 1960-1961 жж. барлау қазбаларын жүргізді. Қазба жұмысының нәтижесінде ескерткіштің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бірнеше бөлмелер ашылып, біршама бағалы заттар табылды. Олардың арасынан ою-өрнегі бар сүйек пластиналарды, антикалық үлгіде жасалған жапырақ тәріздес әсем қола бұйымдарды, Сирияда жасалған өрнекті шыны ыдыстарды, түйенің тас мүсінін атап өткен жөн. Бөлме қабырғаларындағы сылақта полихромдық оюлар ізі сақталған. Бұл аймақ қайтадан 2006 ж. Шірік-Рабат археологиялық экспедициясының барлау тобымен зерттелді. 40 жылдық үзілістен кейін 2007 ж. тамыз айында бұл ескерткіште стационарлық археологиялық зерттеу жұмыстары қайта жалғасты.

Бәбіш-Молда қалашығы - «Үлкен үй» жоспары кірер есіктен басталып, екі көлемді мұнаралармен жиектелінетін өсті анфиладты ғимаратымен ерекшелінеді. Үйдің шығыс бөлігінен аршылған жоспары мұнда ерекше жағдайларға және қабылдауларға арналған салтанат залы болғандығын аңғартады. Бұл кешеннің жоспарлану принципі ахеменидтік архитектураға тән. Мұндай құрылыстарды салу Ахеменидтер державасының күйреуі алдындағы солтүстік шеттегі сатраптықтарда жүзеге асқан болатын. Тек Сырдарияның төменгі ағысындағы аумақ Ахеменидтер державасы құрамына енгеннен кейін ғана, мұндағы б.з.б. ІV ғасырда шикі кірпіштен соғылған монументтік құрылыстарды, керамика кешендерде осы бағытта байланыстыруға болады, олар Орта Азия оңтүстік аудандарынан (Соғды, Парфия, бәлкім Бактрия), Ахеменидтер державасының шығыстағы егіншілікпен айналысатын шеткі облыстарынан табылған заттарға ұқсас болып келеді.

2.Алтын Орда мемлекетінің басқару жүйесінің ерекшелігі



Білікшілер – Хатшылар (жазу істерін, іс-қағаздарды жүргізеді)
Әмір – Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер
Ноян – тайпа көсемі (мыңдықтар бағынған)
Беклербек – әскери істерді басқарушы (нояндар бағынған)
Уәзір – азаматтық билікті жүргізеді
Мәлік – жергілікті жерлердегі әкімдер (түрік әулеттерінен шыққан)
Даруғалар – салық жинаушылар
Басқақтар – басқару, бақылау жұмыстарымен айналысқан

Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары – ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының  қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.

Монғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған әкімдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты, монғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ. Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды монғол шенеуніктері қадағалап отырды.

Қазақстан жеріне монғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын «Ясыларын» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін әрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндеттелді. Бүкіл халықтан хан әулетіне сыбаға тиіс деп есептелді және оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер копчур деп аталатын салық төлеуге тиісті болды, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды-әрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж(жер салығы) алынды. Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, монғолдар белгілеген салықтың кемінде 20 түрін атап көрсетеді.



3.Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

Көтерілістің себептері, барысы. Орыс әскерлерінің Хиуаға жорығы.Қоқан хандығы ұстаған бағытХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанның бірсыпыра аудандарында экономиканың өскендігі байқалды. Бұл жалпыресейлік рынокқа кірумен байланысты болатын. Бұл кезде Қазақстандағы саяси жағдай тұрақсыз болды. Сыр бойында өмір сүріп жатқан қазақтардың жағдайы ауыр болумен қатар, Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлай бастауы, Сыр өңіріндегі Хиуа хандықтарының өктемдігі олардың өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысты. Бұл жағдай осы өңірдегі қазақтардың наразылығын туғызып, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің шығуына әкелді. Өйткені Хиуа ханының ұлы Мұхамед-Рақым Аллахұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында көптеген қамалдар тұрғызуына орай, 1843 ж. өзінде-ак Жанқожа Нұрмұхамедов Қуандарядағы Хиуа бекінісін қиратып, 1845 ж. көктемінде киратылған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген 2000 адамға жуық хиуалық отрядты талқандады. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзгеше стратегия қолданып, қамалға шабуыл жасап, оны қиратты. Оның әскерімен Жаңақала бекінісі алынды. 1847 және 1848 жылдары ол Райым бекінісі маңындағы хиуалықтарға тойтарыс беруде орыс әскерлеріне бірнеше рет жәрдем берді. Жанқожа Кенесары көтерілісіне де қатысты. (кейін, шынында бүл қозғалыстан кетеді) және Кенесарымен бірге Созақтағы хиуалықтар бекінісін талқандады.

1849 ж. Райым қамалына Орынбор казактарының алғашқы отбасылары қоныс аударды. 1857 ж. таман 3000-ға жуық қазақ отбасылары өздері тұрған орындардан жүретін жері жөне егін суаратын суы жоқ жерлерге қуылды. Бір жағынан хиуалықтардың езгісі, екінші жағынан — жерсіз қалу кішкентай шекті руының егінші қазақтарын ашық көтеріліске алып келді. Көтерілісшілер өздерінің апатына басты себепші Қазалы форты деп ойлады. Отаршылдық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұахмедовтың көшбасшылығымен Арал өңірінің қазақтары көтерілді. Олар: улкен шекті жөне кішкене шекті  болыпекіге бөлінетін шекті руынан шыққандар еді. Бірінші басшы Жанқожа Нұрмұхамедов, ал екінші  Есет Көтібаров. Сөйтіп, көтерілістің басшысы Жанқожа Нұрмұхамедов (1770—1860 жж.) болды. Ол қарапайым еңбекшілер арасында беделді және мақсатты батыр деген даңқты иеленді. Жанқожа, болашақ шекті руының басшысы егінші қазақтардың күшті отарлық езгіге тап болғанын байқады. Сондықтан көтерілістің  басты мәселелерінің бірі жер туралы болды.



Патша әскерлерінің Ақмешітті алуы. Қазақтардың Қоқан бектерінің үстемдігіне қарсы күресі. Ақмешітті (1853 ж.) алған соң казактар мен қоныс аударғандарды орналастыру үшін қазақ жұртының иеленуінен алынған үлкен алаңдарды межелеп бөліп беру мақсатымен Сырдария әскери шебі қүрылды. Қазақ жұртының өзіне үй басы салығы салынды. Бүдан басқа, сондай-ақ көптеген міндеткерліктер - жолды күту, көпірлер салу, күре жолдардағы арықтарды тазарту, көлік-арба міндеткерлігі  талабы бойынша жүмысқа түйелер бөлуі, қамал қүрылысына адамдар бөлуі және құрылыс материалдарын тасуға мал берулері керек болды.

1856 ж. патша әскерлері мен көтерілісшілер арасында тікелей әскери әрекеттер басталды. Бұрын Жанқожа Хиуалықтармен күрескен орыс әскери командованиясымен одақтас болса, ал қазіргі орыстардың Сырдария мен оның салаларындағы аудандарды отарлауына қарсы шыққан белсенді күрескерге айналды.

Көтерілісшілерге қарсы форттағы Михайлов отряды әрекет жасады. Майор Булатовтың көшбасшылығымен патша әскерінің тағы бір отряды көтеріліске қатысушылардың лагерін атқылады. Күрес ауыспалы басымдылықпен жүрді. Ақмешіттен портқа генерал-майор Фитингофтың отряды жіберілді.

1857      ж. 9 қаңтарда Арықбалық  шатқалындағы көтеріліске қатысушылар мен Фитингоф отрядының арасында шешуші шайқас болып өтті. Нәижесінде Жанқожаның 5000-ға тарта қарулы салт аттылары болғанымен, көтерілісшіер жеңіліс тапты. Шайқастан соң Фитингоф көтерілісшілердің ізіне түсіп, оларды Хиуа хандығы Сырдарияның оң жағалауына өтуге өтуге мәжбүрледі. Жанқожа өзіне Хиуаханы Бұхардан немесе Қоқаннан одақтастар табуға тырысты, бірақ ол мұны жасай алмады. Жанқожа отряды ауыл-ауылды аралып, тұрғындардың малдарын тартып алды. Қазақтар арасында аштық басталып, көптеген адамдар өлді.

Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шамалы жерлерді қамтыған халық қимылы болды. Оған әр түрлі руларға жататын, қазақтардың едәуір бөлігі катысты.

Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80 – нен асқан Жанқожа батыр  жазалаушылардың оғынан қаза болды.


21-билет 1. Тасмола мәдениеті (орналасқан жері, ерекшеліктері)

Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Ол исседеон тайпаларынан қалаған. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Сондықтан да Орталық Қазақстанның осы ескерткішке ұқсас жерлеу орындары кейін Тасмола мәдениеті деп аталды.



Тасмола мәдениетінің ерекшелігі - “мұртты обалар”. Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған.Өлген адамның аруағына арналып жылқы шалып, оны бірге көмген екен. Қазақта өлген адамға арналып сойылған жылқының басы оның қабірінің үстіне қойылған. Бұл әдет шығыс аймақтарындағы қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған. 

“Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі - үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі - екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі - алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі - үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады. 

“Мұртты обалар” бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен. 

“Мұртты обалар” Орталық Қазақстаннан басқа Солтүстік, Шығыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерден де табылған. «Мұрт» сияқты құрылыстың ұзындығы 10 метрден 30-40 метрге дейін созылады.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты» қорғандар бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұрттты» қорғандар белгілі бір бұрышпен салынған да оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.
2. 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз.

 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ірі бас көтеру болды. Әлеуметтік мәселелер ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті. Олар: жастар арасындағы жұмыссыздық, жұмыс күшін вахталық əдіспен сырттан əкелу, тұрғын үй бөлуде жəне балабақшаға орналастыруда бұрмалаушылыққа жол берілуі, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер.

 Əлеуметтік   қақтығыстың түрткісі: вахталық әдіспен келгендердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен санаспауы, дөрекі түрде кемсітуі. Жанжал алдымен жергілікті ұлт өкілдері мен кавказдықтар арасындағы қайшылықтан басталды. Сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатында өтті. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы əскерлердің күшімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мəселелер бұрынғысынша шешілмей қалды.

 1989 жылғы шілде айында Ресейдегі Кузбасс,Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағандыдағы кеншілер ереуіліне ықпал етті. Олар экономикалық жəне саяси талаптар көтерді: еңбекақыны арттыру, азық түрлерін көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту. Сонымен бірге Семей ядролық полигонын жабу,одақтық министрліктердің монополиясын жою мәселелерін көтерді.

Ереуілді тоқтату үшін КСРО көмір өнеркəсібі министрінің келуі кеншілерді тоқтатпады.

Қарағандыға ереуілшілерді тыныштандыру үшін келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі М.И. Шадатовтың жауаптары кеншілерді қанағаттандырмады.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев шұғыл ұшып келіп, кеншілермен бірнеше кездескеннен кейін ереуіл тоқтатылды. Республика басшылығы кеншілердің талаптарын орындауға уəде берді.

Кеншілер құрған ереуіл комитетін Д.Тегісов, П. Шлегель, М. Рамазанов, В. Перебейнос т.б. басқарды. Кеншілер құрған ереуіл комитеті ұзақ уақыт бойы өз қызметін жалғастыра берді.


3. Е.Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

Есет батыр Көтібарұлы (1807–1888) — халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.

Көтерлісті қамтыған жерлер: 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847–1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847–1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.

Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853–1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды. Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853–1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А. Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А. Есмамбетов, Қ. Қарин және Е. Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.

Есет батыр Көтібарұлы 1888 жылы қартайған шағында дүние салды.Есет батыр Көтібарұлы бастаған көтерлістердің тарихи маңызызор болды. Ол көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегендігін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары өз бастарын қатерге тіге отырып, ХІХ ғасырдың 60- жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты.



22-билет 1.Шілікті патша қорғандары, зерттелуі.

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездеседі. Бұл жерде сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51оба бар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге жетеді. 

Берел обасына жерленген адам астау-саркофагқа салынып, қарағаймен қаланған қабір ішінде жатыр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы, ер-тұман бірге көмілген. Ат әбзелдерінің алтынмен апталғанына қарағанда, обада тайпа көсемі, ру ақсақалы, бай немесе батыр адам жерленген болуы керек. 

Археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б.з.б.8 ғасырға жататын 3-Шілікті қорымындағы №1обадан тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Алып ғимараттың ішіне патшаны жерлеген. Ол сом алтыннан құйылған 4325 (2011 жылғы баспада 4303 деп берілген) қаптырма және әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жатыр. Патшаның жанынан биліктің белгісі болып саналатын алтын бесжұлдыз табылды.

Бұл жәдігерді ғалымдар “Шілікті алтын адамы”деп атады. 

1998 -1999 жылдары З. Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде Берел кезеңіндегі №11оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Балқарағайдан ойылып жасалған астау табытта 45 жастағы ер адам мен әйел жерленген (б.з.б.294 ж.). Олардың киімдері інжу-моншақтар және алтын жапырақшалармен әшекейленген. Обадан ат-әбзелдері мен ішкі құрылысы бұзылмаған 13 жирен жылқы табылды. Әр жылқы алтынмен апталып, күміспен күптелген салтанатты әбзелдермен безендірілген. 

Осы аумақтағы Шілікті қорымындағы 51 обаның бірі “Алтын қорған” деп аталады. 1960 жылы зерттелген “Алтын қорған” обасында ер адам мен әйел жерленген. Балқарағай бөренелерінен салынған қабірден 13 қола жебе, қорамсақ , алтын қаптырма табылды. Ғалымдар бұл қорғанды б.з.б.7 - 6 ғасырларға жатқызады. 
2.Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.

Ыбырай  Алтынсарыұлы (1841-1889) – ағартушы, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, қоғам қайраткері. 1844   жылы   əкесі   қайтыс   болып,   атасы Балқожа биден тəрбие алған. 1857 жылы Орынбор шекаралық  комиссиясы  жанындағы  мектепті  алтын медальмен бітірді. Мектепте орыс, араб, татар, парсы тілдерін  меңгеріп, үздік оқыды. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану  ғылымының көрнекті өкілі    В.В. Григорьевпен жақын танысып, оның бай кітапханасын пайдаланды. Ыбырай мектепті бітіргесін атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. 1864 жылы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларына арналған мектепте оқытушы болды. Жаңа  мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз ету барысында Ыбырайдың педагогтік  көзқарастары қалыптасты. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Бұл қызметінде ол облыстық губернаторға тікелей тәуелді болды, ағартушылық қызметіне шек қойылды. Ыбырайдың жарқын істерінің бірі - қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастыруы. Ол өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғайдағы ауыл шаруашылық мектептің қарамағына қалдырған.



Ыбырай - қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.

1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейін Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ыбырайдың ауылдық, облыстық мектептерді жиілетіп ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстық шенеуніктердің наразылығын туғызды. Орыс - қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазды: “Қырғыз хрестоматиясы”(1879 ж), “Қырғыздарды  орыс  тіліне  үйретуге негізгі басшылық”. Орыс алфавитінде құрастырылған бұл оқу құралы мектептерде пайдаланылды. Миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз байланыста болуы Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына əсер етті. Ыбырай Алтынсарыұлы– ғалым-этнограф.  Әсіресе оның көңіл аударған саласы– қазақ халқының әдет-ғұрпы. Ағартушы  шығармаларында рулық- патриархаттық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды, əдепсіздікті сынады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялап отырды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды.“Қыпшақ Сейітқұл”әңгімесінде Торғай өзені бойындағы егіншілікпен айналысқан қазақтар өмірін уағыздады. “Талаптың  пайдасы”,  “Байлық неде” шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.



3. Ж.Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

Отан тарихында Ресей еліне қарсы бағытталған көтерілістердің көп болғаны белгілі. Солардың бірі 1822-1824 жылдары Батыс Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық күрестің Отан тарихында алатын орны ерекше екендігін айта кеткен жөн. Бұл қозғалыс патша үкіметіне қарсы бағытталған алғашқы және ірі көтерілістердің бірі болып саналады. Көтерлістің қамтығын жерлері: Ол бастауын БатысҚазақстаннан алып кейін тамырын республика бойынша кең жайып үлгерді. Шағын көтеріліс ауқымынан шығып, жақсы ұйымдастырылған қозғалыс деңгейінде болды. Ол үлкен аумақты қамтыды, негізінен бір ру өкілдері қатысқанына қарамастан өте ауқымды болып табылды. 1822-1825 жж. қозғалыс солтүстікте Батыс Қазақстандағы Елек, Қобда, Шыңғырлау т.б. өңірлерден бастап оңтүстікте – Жем, Сағыз, Ойыл,Темір бойлары және ішінара Солтүстік Үстіртке дейінгі аралықты қамтыса,1837-1840 жж. Ырғыз, Торғай, Қарақұм өңірлеріне де тарады. Осы соңғы кезеңде көтеріліске алдыңғы Табын, Тама, Ақкете руларынан басқа Шөмекей, Төртқара,Шекті және Қыпшақ руларының бөлімдері де қосылды. Сондықтан да Батыс Қазақстанда орын алған бұл көтерілістің қазақ тарихында алатын орны зор болып саналады.

1822-1824 жылдары Ресейдің бекіністеріне жүзден аса шабуыл жасалып қазақтар өз тәуелсіздіктерін сақтап қалуға тырысты. Осындай қарқынмен ұлтымыз елімізді отарлау саясатын біраз уақытқа тежеу мүмкіндігіналды. Сол кезде Ресей үкіметі ежелден қазақ даласында қалыптасып қалған хандық биліктің көзін жоймақ болған еді. Сонымен қатар, өз әкімшілік реформаларыненгізіп толықтай билікті қолдарына алмақ болды. Ал, Жоламан батыр бастағанкөтерілістің арқасында орыс халқының ойға алған мақсаттарының орындалуларыбіраз қиындыққа ұшырап. біршама уақыт кейінге қалдырылған болатын. Сондықтан Батыс Қазақстанда орын алған көтеріліс ұлтымыздың тәуелсіз ел болу жолында өз септігі мен әсерін молынан тигізді. Қазіргі таңда азат ұрпақ ата-бабаларымыздыңсол заманда жасаған ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Бұл көтеріліс кейінқазақ тарихында үлкен қозғалыстардың бірі болып саналатын Кенесары Қасымұлы бастаған топқа қосылуымен де ерекше. Осы арқылы Ресей үкіметінің толығымен Азия елдерін басып алуға жол бермеуімен ел тарихында жоғары бағаға ие болды. Жалпы,Жоламан Тіленшіұлы қолбасшылық еткен көтеріліс еліміздің біртұтас ел болып қалыптасуы мен азат ел атануда үлкен рөл атқарғаны анық.
23-билет

1.Савромат, дай тайпалары

“Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б.3 ғасырдан бастап кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б.8 ғасырда савроматтар деп атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, үлкен Плиний, Полибий жазған. Геродот жазбаларында савроматтарды скиф тілінде сөйлеген дейді. 

Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында, негізінен Жайық пен Елек, Жем өзендерінің бойында кездеседі. 

Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Босфор мемлекетімен байланыс орнатқан. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жорықтар жасаған. 

Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде жерлеу орындарымен қоса, аруақтарға арнап ас беруге және мінажат жасауға арналған ғибадатханалар кездеседі. Ғибадатханаларда құрбандық шалатын тас үстелдер және саны 30-40-қа жететін діңгек тастар орнатылған. Бұл жерден от жағылған орындардың белгісі жиі ұшырасады. Осыған қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған. 

Геродот пен парсы патшасы Ксеркс өз жазбаларында Арал-Каспий теңіздерінің аралығында б.з.б.1 мыңж. ортасында өмір сүрген тайпалар туралы жазған. Бұл тайпаларды дах (дай, даг), сақ-массагет деп атайды. 

Дайлар бірнеше ру-тайпадан тұрған. Б.з.б.248-24 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның бір бөлігін және Гирканияның шеткі аймақтарын басып алды. Олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған. 

Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы Сарықамыс-Құлсары аралығында саз топырақты төбешіктер табылды.

Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Жайық , Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген.

Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б.8 ғасыр мен б.з.5 ғасырында мекендеген. Сарматтарды тарихи деректерде б.з.б.8 ғасырда савроматтар деп атаған. Ал б.з.б.3 ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған.2.1920-1940 жж. ересектер арасында сауатсыздықты жою бойынша жүргізілген іс-шаралар.



Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жылы "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Халыққа білім беру 1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесң «Қазақ АКСРОсы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жылдың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта түсті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың құрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы сыныптарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар болды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.

Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.

Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізіді. Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізілді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрғындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргізілді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дәрігерлік т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орындары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды

3. Саржан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.





Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 -1836ж.ж.) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты округтер және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солтүстік Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Бұл қозғалысты Абылайдың отыз ұлының ең кенжесі Қасым сұлтан бастаған болатын. Әкесімен бірге отаршылдық езгіге қарсы оның балалары Саржан, Есенгелді, Ағатай, Кенесары және Наурызбай атқа қонды. Қасымның 12 ұлы бар еді. Оның әрқайсысының өзінде 500 үйге тарта төлеңгіттері болатын. 1825-1826 жылдары Қасым Сібір және Орынбор аймақтық өкімет орындарына ашу-ызаға толы хаттар жазып, округтық приказдарды таратуды талап етті. Сұлтан қазақтардың кең-байтақ дала төсінде ұзаққа көшіп кету мүмкіндігі бар екенін ескертті. Сонымен қатар ол Ресеймен тату-тәтті бейбіт көрші болуды қалайтынын да атап көрсетті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады.

1825 жылдың көктемінде Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы қозғалысты Қарқаралы округы қазақтарының Қарқаралы округы қазақтарының басқарушы-сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрі-бері өткен керуендерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көшті. 1826жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша үкіметінің әскерлеріне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келді. Алайда олар жеңіліп қалды. Саржан Кіші жүз қазақтарының арасына көшіп кетуге мәжбүр болды.

1831 жылдың орта кезінде патша үкіметінің құрамында 500 солдаты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кетті. 450 бейбіт тұрғын қаза тапты. Ондаған адам тұтқынға алынды.

Кейінірек патша үкіметінің әскерлері тықсырып, тиісе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшіп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегіне үміттенді. Бірақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екі арада шиеленісті оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттің билеушілері Саржанды және оның бауырлары Ержан мен Есенгелдіні Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтірді. Ал 1840 жылы олардың әкесі Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты.

Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталды. Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерлісшілер патша үкіметінің жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімшелеріне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бқл көтерлістің қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына негіз қалады.
24-билет 1.Сақ және савромат қоғамындағы әскери демократия. Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдыретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келсімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды.

Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар- малшылар құрады. Халық жиналысының , яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиылысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге ықпал жасады. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын.

Тайпа мүшелері өз жиналыстарында көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайлым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі. Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар “ (арбада тұрғандар) деп атаған. 

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемдері болып та сайланатын.

Сарматтарда да әлеуметтік теңсіздік болған. Әлеуметтік теңсіздіктің болғандығын археологиялық ескерткіштер дәлелдейді. Сарматтар қоғамындағы әскери демократия басқа көшпелілердікінен өзгеше еді. Сақтардың әскери-демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жастағы ерлер үшін болды. Ал сараматтардың әйелдері жасақ құрамына кірген.Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.  Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды.

Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды.


2 Ағартушы, ақын, философ Абай Құнанбаевтың көзқарасының қалыптасуына талдау жасаңыз

Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы (1845-1904) - қазақ халқының жазба əдебиетінің негізін салушыойшыл, ұлы ақын, сазгер. 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Абай  Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нəрсені байқаған Абайдың əкесімен көзқарастары бір болмады. Абайдың маңайына топтасқандар ірі ру басылары, белді ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан қазақ жастары еді.



Абай ұлы ақын, әрі ойшыл.

Абай ақын ретінде ХІХ ғасырдың 80- жылдардың ортасынан бастап таныла бастады. Абай «Жаз», «Ескендір», «Масғұд», «Әзім әңгімесі»өлеңдерін жазды.

1890-1898 жылдары жазылған «Қара сөздер» деп аталатын этикалық –философиялық еңбегінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы сипатталды.

Орыс зиялы қауым өкілдерімен араласуы

Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократиялық бағытта қалыптасуына əсер етті.

Абай орыс демократиялық мəдениетінің өкілдері А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, М.Е.Салтыков - Щедринге, Л.Толстойдың шығармашылығына бас иді. Абай Пушкиннің “Евгений Онегинінен” өзі аударған бөлімдеріне əн шығарды.

Аудармашылық қызметі Абай орыс тілін жақсы игерді. Ол М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан», «Дұға», «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау», «Теректің сыйы» сияқты өлеңдерін аударды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Ә Бөкеханов қырғыз даласында ақындардың Абай аударған өлеңдерді әнге қосып айтатын жазды. Абай орыс тілінен 50-ден астам өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Абайдың ең алғашқы жинағы Кәкітайдың арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абайдың өлеңдерін жинап, бастыруға күш салған ақын Көкібай Жантайұлы (1864-1927) болды. Бұл өлеңдер Әлихан Бөкеханұлы редакциясымен басылып шықты.

3. 1860-1870 жылдарындағы қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестері болған аумақтарды карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.



Орал мен Торғай облыстарындағы көтерлістер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет