Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


IV-семестр 10- тақырып. Іргетастар құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар (2 сағат)



бет9/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

IV-семестр


10- тақырып. Іргетастар құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар (2 сағат)
Дәрістер жоспары:
1. Құрастырмалы таспалы іргетастарды бөлу
2. Іргетастарды орнатуды бақылау
3. Монолиттік таспалы іргетастар қалыптамасы
4. Анкерлік болттарды орнату

Іргетастарды орнату бойынша геодезиялық жұмыстардың алғашқы деректеріне ғимараттар мен имараттар арасындағы осьтерінің сызбасы және ара қашықтықтары, іргетас құрылымдарына байланысы, таспалы іргетастар мен технологиялық жабдықтардың іргетастары және қазаншұңқырлар жоспары мен қиындысы, негіздері мен іргетастардың тіреулік беттерінің белгілері жатады.


Іргетасты орнатудың дәлдігі іргетастар осінің монтаждық осінен ығысу мөлшері және тіреулік беті мен жазықтықтардың жобалық деңгейінен ығысуы бойынша анықталады.
Геодезиялық бөлу жұмыстарының жалпы принциптері мен тәсілдері бірдей болғанымен әр түрлі типті іргетастардың орнатылуында өз ерекшеліктері болады.
Ғимараттардың ұзындығы үлкен болған жағдайда 15-20 м интервалымен бірнеше аралық (маяк) блоктар орнатылады. Басқа блоктар тартылған сым бойынша қаланады, бұрын қаланған блоктардың сыртқы қыры бойымен бекітіледі. Төселген іргетастар тұғырықтарына іргетастық блоктардың ішкі қырларын белгілейтін осьтерді көшіреді және осы осьтердің ізі бойымен блоктардың монтажы жүзеге асырылады.
Қалыпты орнатқан кезде тіктігін тіктеуішпен, биіктігін нивелирмен тексереді.
Қадалы іргетастарға негізгі құрылымдардың тірелуіне арналған құрама немесе монолит ростверкті салады. Екі жағдайда да ростверктің жоғарғы бетінің тік жағын бақылауды жүзеге асырады.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [1]
2. [2]
3. [3]
4. [4]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (10-тақырып) [1,2, 3, 4]

  1. Іргетастарды орнату бойынша геодезиялық жұмыстар

  2. Іргетасты орнатудың дәлдігі

  3. Блоктардың орнату дәлдігі



11- тақырып. Жер асты коммуникациясының эксплуатациясы және құрылысы кезіндегі геодезиялық жұмыстар (2 сағат)
Дәрістер жоспары:
1.Іздеулер кезіндегі геодезиялық жұмыстар
2.Жобалау кезіндегі геодезиялық жұмыстар
3.Бөлу жұмыстары
4.Атқару түсіріс

Су құбырлары, жылу және газбен жабдықтау қысымды болады. Канализация жүйелері өздігінен ағады. Топографо-геодезиялық іздеулердің мақсаттары, мазмұны және көлемі жобалау кезеңімен, жобаланатын ғимараттар сипаттамасымен, аймақ зерттеумен және басқа жағдайлармен ерекшеленеді. Іздеудің негізгі мақсаты болып жергілікті жердің планын және құбыр трассасын жасау саналады.


Жиынтықтарды жобалау үш кезең бойынша орындалады: жобалау тапсырма, техникалық жоба және жұмыс сызбалары. Су құбыр, канализация және жылумен жабдықтау екі кезең бойынша орындалады. Іздеулер бойынша қолданылатын инструкция ғимарат түріне және жоблаудың кезеңіне байланысты әртүрлі масштабты топографиялық түсірістерін қарастырады. Жүйелерді жобалау қалалар және тұрғын мекендер жобаларын дайындаумен бір уақытта орындалады. Жүйелерді жобалау жағдайлары арнайы инструкциялар бойынша орныдалады.
Жер астылы ғимараттар трассаларын болмысқа шығару үшін бөлу сызбаларын құрастырады, оларда қажетті құжаттар жазылады.
Су құбырлары, канализация және жылу жабдықтау құрылыстары кездерінде кезеңді атқару түсіріс жүргізіледі. Орналастырылған құбырлардың атқару түсірісі оржолдарды жабуға дейін жүргізіледі. Орындалатын геодезиялық жұмыстар 1:500 масштабтағы план мен 1:50 вертикаль және 1:500 масштабтағы профильді құруды қамтамасыз ету керек. Планға құбыр трассасы байланыстырылған ғимараттарды белгілейді.
Трасса профилін құру үшін құбырларға нивелирлеу орындалады. Профильде құбырлардың ылдилықтары, құдықтар арасындағы ара қашықтықтар, құбыр диаметрлері мен құбыр жасалған материалдар жазылады.

Ұсынылатын әдебиеттер


1. [1]
2. [2]
3. [3]
4. [5]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [1,2, 3, 5]
1.Іздеулер бойынша инструкцияны зерттеу
2.Су ағар жылдамдығын есептеу
3.Белгілер қателіктерін есептеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет