Ііі. ТӘжірибелік бөлім


ІІ. ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРНЕКІЛІК ӘДІСТЕРІ



бет8/13
Дата09.06.2020
өлшемі1,5 Mb.
#72796
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы

ІІ. ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРНЕКІЛІК ӘДІСТЕРІ

2.1 Педагогикадағы тәжірибелік (практикалық) әдістер мен оқыту әдістері

Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы педагогикалық тәжірибе әдістерін қарастырайық. Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерін оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.



Оқыту әдістері мектептегі оқыту жүйесіне байланысты түрлі кезеңдерде, өзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25 тамыздағы қаулыда оқыту әдістері 4-ке бөліп көрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2) оқулықты пайдалану; 3) өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту әдістері.

Дидакт Р.Лембергтің "Дидактические очерки" кітабында мектептегі оқыту әдістерін 10 түрге бөліп көрсетеді: ауызша мазмұндау, байқау, оқулықпен жұмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының хабарлауы, практикалық жұмыс, көркем өнерді пайдалану.

1965 ж. жарық көрген "Қазақ тілін оқыту методикасы" атты еңбекте Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов оқыту әдістерінің 6 түрін көрсетеді: байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау.

Ал С.Рахметова оқыту әдістерін негізінен 3 топқа бөлген.

1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;

2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;

3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері [6, -14].

Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1-ші топқа

- сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді);

- индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді).

Ал 2-ші топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері;

3-ші топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.

Қазақ тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, таңдап қолданады.

Тіл дамыту әдістерін тілдің әр саласына тоқтала отырып қарастырғанды жөн көрдік.

Төрт жылдық бастауыш мектеп бағдарламасында: «Бағдарламаның мақсаты — бастауыш сынып шәкірттеріне әр пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игертіп, оқушылардың іс-әрекетке икемділігін қалыптастыру болып табылады»[134]. Ал мектептегі «Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістері бағдарлама талаптарына сай оқушылардың тиянақты білім мен дағдылар алуына мүмкіндік беретін болуға тиіс», — деп жазылған. Бастауыш сыныпқа арналған типтік оқу жоспары негізінде жасалған бұл бағдарламада белгіленген білім берудің мазмұны және балалардың оқуға деген икемділігі мен дағдыларын анықтау саласында көптеген ғалым-әдіскерлер, тәжірибелі ұстаздар мен ғылыми-зерттеу мекемелері шұғылдануда. Мектепке арналған оқыту мазмұны жайында М.Н.Скаткин, М. А. Данилов, И. Я. Лернер, С. Рахметовалар өз еңбектерінде қарастырған.

И. Я. Лернер оқыту мазмұнына төмендегідей іс-әрекет тәжірибелерді жатқызады:

1). табиғат, қоғам, іс-әрекет амалдары және адам жайында білім жүйелері;

2). игерілген білімдерді іс-жүзіне асыру, практикада пайдадану;

3). шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

4) іс-әрекетке эмоционалды қатынас тәжірибесі. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған балада қоршаған орта жайында біршама түсінігі болғанымен, қоғам, табиғат құбылыстары туралы пайымдауы өте тар. Қарапайым болып келеді. Сондықтан мектептің алғашқы міндеттерінің бірі — оқушылардың, қоршаған ортамен табиғат туралы білімдерін тереңдету, сол арқылы кеңістік пен уақыт жайында түсінігін кеңейту.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тілі бір жақты, тек от басы, ошақ қасында пайдаланатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық мәнді және түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті кездеспейді де. Бастауыш сыныптарда балалардың сөздік қорын молайта түсу, тілін дамыту екі бағытта өтеді: біріншіден, ана тілінің құрылымын, грамматикалық емлелерді үйрену арқылы болса, екіншіден, сөздік қорлары жаңа сөздермен толығу арқылы өтеді.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытуда мынадай мақсаттар қойылады:

1. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде түсініктері мен білімінің кеңеюі негізінде сөздік қорын молайту;

2. Оқушылар сөздік құрамындағы сөздердің мағынасын анықтау, оларды сөйлеуде (ауызша, жазбаша) қолдану, пайдалану дәрежесін белгілеу;

3. Сөздік қорын ауыспалы мағыналы сөздермен молайту;

4. Оқыған мәтіндеріне, не мұғалім сөзінде пайдалануға жаттықтыру, пассив сөздерді активтендіру;

5. Сөздерді дұрыс оқып, қатесіз жазуға дағдыландыру.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту үшін мынадай жұмыстар жасау керек:

1) қоршаған ортаны бақылау (табиғат, балалардың оқу, ойын, еңбек іс-әрекеттері);

2) құрдастары және үлкендермен қарым-қатынас жасау;

3) сыныпта және сыныптан тыс оқу. Оқылған мәтін мазмұнын талдау және ол туралы пікірлесу;

4) арнаулы тілдік, орфографиялық және орфоэпиялық жаттығулар жүргізу арқылы қазақ тілі грамматикасын игеру;

5) әңгіме, ертегі, өлең т. б. мазмұнын баяндату, олардың ерекшеліктерін, тілін талдау, түрлі тақырыптарда мазмұндама және шығарма жаздыру арқылы баланың сөздік қорын молайтуға болады. Яғни бұл жаттығу жұмыстары тіл дамыту (ауызша және жазбаша) көздеріне жатады [85].

Баланың негізгі сөздік қоры, ең алдымен, сол сыныпта жүргізілетін пән оқулықтары, пайдаланылатын көрнекі құралдар және сыныптан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттермен анықталады. Бірінші, екінші сыныптарда игерілетін сөздер осы сыныптарда жүргізілген оқу құралдарында берілген, міне сондықтан оқушылардың сөздік құрамына үнемі мән беріп отырғаны жөн. Мұғалім сабақ барысында балаларға түсініксіз бірде-бір сөз мағынасы анықталмай, назардан тыс қалмауыға тиіс.

Балалар жаңа сөздермен тек сыныпта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды, сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау және теледидар бағдарламасын көру нәтижесінде де жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады. Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше меңгерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануды да мұғалімнің міндеті болып есептеледі. Бала сөзінде пайда болған жаңа сөз, сөз тіркестердің мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде пайдаланудың жолын да мұғалім көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет