Әр топқа постер жасау тапсырылады.
Топтық тапсырма
Дәптерлеріне жазу.
|
Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Топпен талқылайды. Біріне-бірі түсіндіреді.
|
Сергіту сәті
|
«Біз бақытты балдырған» әнін үнтаспадан тыңдау
|
Оқушылар музыка ырғағымен әнге қосылады.
|
Рефлексия
|
«Киностудия» ойыны
|
Берілген таспаға мәтін бойынша сурет салу.
|
Бағалау
|
Мұғалімнің жиынтық бағасы
|
Үш шапалақ,екі жұлдыз,
бір тілек.
|
Үй тапсырмасы
|
Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу немесе сурет салып келу
|
Күнделіктеріне жазады
|
Кері байланыс
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі
|
Смайликтерді жабыстырады
|
Мен өз тәжірибемде көрнекілік әдіс ретінде инновациялық технологияларды да қолдандым. Әр сабағымда презентация, интербелсенді тақта арқылы аудио, видео сабақтар көрсеттім. Сабақта көрнекілік әдістер қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен білім сапасын артыруға болатына көзім жетті.
Сондай- ақ көрнекілік әдістер ретінде кесте, постер сияқты тәсілдерді қолдана отырып. Оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар да жүргізілді.
Сабақтан үзінді.
Көрнекілік әдістерді қолдану арқылы оқушылардың шапшаңдықтарының артқанында байқадым. Бастапқыда оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы сапасы мен үлгерімі диаграммада көрсетілген.
Көрнекілік әдістерді әр сабақта қолдану арқылы тоқсан басы мен соңында білім сапасының арқтанын диаграммадан басқауға болады. Диагностика +13 өсті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістерін оқушылар алатын білімнің қайнар көздері бойынша топтастырғанда, оған сөздік әдісі, көрнекілік және практикалық жұмыс әдістері енеді. Ал, бұл әдістердің өз ішіндегі бастауыш сыныптардағы қазақ тілін оқыту сабақтарында пайдалануға ең қолайлы деген түрлері іріктеліп алынады. Әйтпесе, сөздік әдісінің бірі лекцияны төменгі сыныптарда қолдану жас балалардың ақыл-ойының даму деңгейіне : білім қорына, практикалық тәжірибесіне мүлде лайық келмейді, сол себепті бірінші – үшінші сыныптарда сөздік әдісінің ішінде мұғалімнің түсіндірмесі, оқулықпен жұмыс істеу түрлері ғана қолданылды.
Ал, көрнекілік әдіс түрлерін қолданғанда методикалық шеберлік керек. Мұнда көрнекіліктің көбіне заттық бейнелі түрін, қала берді символды көрнекіліктің ішінде таблицаны пайдаланған тиімді. Ондай таблица әрі ықшам, әрі негізгі тілдік деректерді тануға қолайлы етіліп өрнектеледі.
Мұғалім тақта бетінде сабақ материалын баяндап білім беруімен бірге, сол тақтаны ұқыпты пайдаланатын шеберлігімен, көзтартарлық көркем жазуымен оқушыларға үлгі-өнеге көрсетіп, оларды іскерлікке тәрбиелейді. Сонымен бірге тұтас сыныптың және әрбір оқушының көңіл-күйін қалт еткізбей, қадағалап отырады, дер кезінде көмек көрсетеді. Көрнекілік әдісімен бірге сөздік әдісін қолданып, оқушылардың оқып үйреніп отырған материалды дұрыс түсінуіне бағыт береді.
Практикалық әдіс бойынша, негізінде, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары орындалатыны белгілі. Мұғалім бұл әдісті қолданғанда, әлбетте, әр сыныптың тұрақты оқулықтарындағы практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалардың шарттарын орындатады. Мұғалім бұл арада ең алдымен, сол тапсырманың мазмұнына, оның тіл құбылысын қаншалықты аша түсетініне зер салады. Оқулық материалына осылайша сын көзімен қарау мұғалімді бірқатар олқылықтан, тіпті ықтимал қателіктерден сақтандырады. Соның нәтижесінде оқушыларға әрі дұрыс, әрі айқын ұғым беріледі. Екіншіден, практикалық жұмыс тапсырмаларын орындау шарттары бақылауға алынады. Бұл жағдайда оқушылардың тәжірибелік жұмысы бір сарынды қалыпқа түсіп кетпеуі қадағаланады. Демек, тапсырмалардың орындалуы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға тиімді әсер етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |