Психологиялық дайындық жасату. Ана тілім – бала шағым, өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Оқушылар суреттерді алып,түсіне сай топтарға бөлінеді.
Туған ел, Туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар:
1. Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас.
2. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Отан үшін отқа түссең - күймейсің,
Арың үшін алыссаң - өлмейсің....
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
«Елтаңба мен Ту туралы жыр».
Мұғалім: Мәтінді оқу ережесін сақтап оқы.
Оқушылар: Мәтінді іштей, түсініп, шапшаң оқиды.
Мұғалім: Дауыстап оқыту.
Мұғалім: Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.
Оқушылар: түсініктерін айтады. Оқушылармен бүгінгі тақырыпты аша түсу үшін «Әңгімелесу әдісі» ұсынылады.