Үйірме тақырыбы:Жұмбақтар құрау, жинақтау
Күні: 17.01.2020
Үйірме мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға жұмбақтар туралы толығымен түсінік беру. Сын тұрғысында ой қорытындысын жасауға үйрету. Оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айта білуге, жасырылған жұмбақтардың шешімін табуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Жұмбақ айту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.
б) Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Үйірме әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, қызығушылығын ояту, мәнерлеп оқу, топпен жұмыс, ой-толғаныс.