Ііі тоқсан Аптасына 9 сағат



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі55,11 Kb.
#92708
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәнерлеп оқу (1)

Үйірме тақырыбы: «Табиғат ғажайыптары» саяхат сабақ.
Күні: 24.01.2020
Мақсаты: табиғат туралы ой, ынта туғызу, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.
Міндеттері: 1.Табиғат туралы сөз қозғау. 2.Табиғатты, жерді қалай қорғау туралы айту.
Әдісі: түсіндіру, жазғызу, тақтаға шығару.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті Оқушылармен сәлемдесу, дұрыс отырғызып, сабаққа назарларын аудару. Үйірме тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырып Жаңа сабақ: «Табиғаттың ғажайыптары». «Тәрбие бесіктен басталады» дегендей,болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп,тәрбиелеуді отбасы,ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау-көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі үйірме сабағында табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз.
Сызбатірекпен жұмыс
ТАБИҒАТ
2.Презентация көрсету «ҚР табиғат ғажайыптары»
3.Мәтінмен жұмыс (оқу, аудару, сұрақ-жауап, жоспар құрастыру)
Табиғат -менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғат -тылсым дүние. Бір сәт көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, биіктеп ұшып барасың, алысқа көтеріліп биіктеп барып, бос кеңістікке келдің, қандай күйде болар едің? Ештеңе жоқ, тек қана бос кеңестікте қалықтап ұшып жүресіз. Сен мұндай жерде тұрғың келер ме еді? Әрине, тұрмас едің. Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғатсыз, табиғат адамзатсыз күн көре алмайды. Осы табиғатты қорғау керек дейміз, қалай қорғауға болады?
4.Сөзжұмбақ шешу. Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын табу
ӨРШНІЕКГ- көгершін
ҚТЫОДЛҚА-тоқылдақ
ЙАТОРҒ-торғай
УТАЫҚРКЕҮК-күркетауық
УҚАҚ-аққу
5. Жазбаша жұмысы
Қоршаған ортаны қорғау - әрбір Қазақстан Республикасы азаматының борышы.
Көктемде саябақты тазалауға шығамыз.
Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым.
6.Ойын: балалармен есте сақтау қабілеттерін анықтау мақсатымен ойын өткізу.
Оқушыларға 32 сөз оқылады, сол сөздерді қағазға жазады. Қай топ көп сөзді жазып үлгереді, сол топ жеңеді.
« Аю, терек, раушан, қарға, түлкі, шағала, кесе, қасқыр, қасық, роза, қарағай, табиғат, емен, орман, маймыл, қайың, үйрек, ағаш, қаз, шырша, жолбарыс, орман, арыстан, қарлығаш, қоян, аққу, бүркіт, күркетауық, тауық, таза, керік, экология».
ІІІ.Үйге тапсырма: Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет