Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқу кітабы.
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, өз бетінше жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың көңіл – күйін сұрау. (бармақпен көрсету)
- Сабаққа дайындығымыз қалай? (3-рет шапалақ)
- Балалар, алдарыңдағы суреттерге қарап, оны жоғары көтеріндер. Осы суреттер туралы не айтасыңдар?
- Бұларды қалай атаймыз?
Бүгін біз өтірік өлеңді оқуды жалғастырамыз.
Оқулықпен жұмыс:
- мұғалімнің оқуы
- оқушылардың тізбектей оқуы
Мазмұнын ұғынуға сұрақ- жауап:
Неліктен өтірік өлең деп ойлайсындар?
Осы өтірік өлеңді қай жерде кездестіруге болады?
Сергіту сәті. Жел соқты гу- гу,
Жаңбыр жауды тырс –тырс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
Дәптермен жұмыс. «Менің өтірігім» өлең жазу
Ойтолғау.
«Балдырған журналынан» өтірік өлеңдер оқу.
- Өтірік өлеңді жатқа білетін оқушы бар ма? (1-2 оқушыдан сұрау)
Әр топ өз ойларынан сахналық қойылым көрсету.
Қорыту.
- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелесті?
- Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: Әр оқушы өтірік өлең құрастырып келу
Достарыңызбен бөлісу: |