Үйірме тақырыбы: М.Жұмабаевтың жастар туралы өлеңдері
Күні: 6.03.2020
Үйірме мақсаты : а) білімділік: Мағжан –Абай поэзиясын
жалғастырушы,ұлтын сүйген ақын екендігін таныту.
өлеңдеріндегі ұлттық рух, еліне деген сүйіспеншіліктің жырлануын дәлелдеу. Жастардың келешегіне зор үмітпен қарағанын көрсету
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау , танымдық
қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу
б) тәрбиелілік:Елжандылыққа , ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап, М О Т «Мені түсін», «жылдар сөйлейді», Деңгейлік тапсырмамен жұмыс, СТО « Екі жақты күнделік», «топтастыру»
Сабақтың типі : Жаңа ұғымды меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы,
ақынның өлеңдер жинағы, ақын туралы естеліктер (буклет), мультимедия
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Бұл кімнің өлеңі?
Мағжан кім? Ол қандай ақын, оның қандай өлеңдері бар?
Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында:
Мағжан – ұлы ақын, Мағжан – лирик, сыршыл ақын
Мағжан – эпик ақын
Ақынның өлеңдерінің идеясы неде, оның өмірі, өлеңінде қандай тұлғалар туралы баяндалғанын ортаға саламыз.
Тапсырма:
“Білім” “Түркістан” өлеңі бойынша тапсырма
1- топ “Түркістан өлеңінің тақырыбы мен идеясы неде?
2- топ “Жылдар сөйлейді”
( 1893. 1905. 1910. 1912. 1913-1916. 1919. 1923-1928. 1929.1936.1938)
( Оқушылар жылдар бойынша ақынның өмірінің басты оқиғасын айтады)
3- топ Өлеңдегі жалқы есімдерді ата. Қандай тұлғалар туралы жырлаған?
(Өлеңдегі жер-су аттары, адам аттарын айтады)
«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы
поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)
Мағжан Жұмабаев
“Мен жастарға сенемін” өлеңі
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Ақын өлеңінде жастарды қарсыласуға , өз дегенінен қайтпай ,шындық үшін өмір сүруді үйретеді.
Мағжан өлеңдерінен өзекті өртер қайғымен бірге асқақ арманды, үмітті қатар көреді. Ол толықтай уайымға берілмейді. Өкінішті айта отырып, жарқын болашаққа сенім артады.
Өлеңді 2-3 оқушыға мәнерлетіп оқыту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын оқушылардың біліктілік дағдысы арқылы айқындау.
Үйге тапсырма : «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |