ІІІ тоқсан
Аптасына 9 сағат
Р/с
|
Өтілетін тақырып мазмұны
|
Сағат саны
|
Өтілетін күні
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
1
|
«Көркем тәсіл – сөз бояуы»
С. Сейфуллин
«Сыр сандақ»
|
2сағ
|
10.01.2020
|
С. Сейфуллин
«Сыр сандақ» кітабы
|
2
|
Жұмбақтар құрау, жинақтау
|
2,5сағ
|
17.01.2020
|
|
3
|
«Табиғат ғажайыптары» саяхат сабақ.
|
2 сағ
|
24.01.2020
|
|
4
|
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» М.Мақатаевың туған күніне орай кеш ұйымдастыруға дайындық
|
2,5сағ
|
31.01.2020
|
М.Мақатаев «Аманат»
|
5
|
Өтірік өлең жазуды үйрету.
|
2сағ
|
7.02.2020
|
|
6
|
Мәнерлеп оқу сайыстарына қатысуға дайындық
|
2,5сағ
|
14.02.2020
|
|
7
|
Н.Ә. Назарбаевтың ұлағатты сөздерінен кітапша жасау
|
2сағ
|
21.02.2020
|
Н.Назарбаев «Ақыл- парасат» кітабы
|
8
|
Абайдың қара сөздерін оқу, талдау
|
2,5сағ
|
28.02.2020
|
Абай ІІ том
|
9
|
М.Жұмабаевтың жастар туралы өлеңдері
|
2сағ
|
6.03.2020
|
М.Жұмабаев «Сүй, жан сәулем»
|
10
|
«Өлең, мен сені аялап өтем!» көркемсөз оқу сайысы
|
2,5сағ
|
13.03.2020
|
|
11
|
«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!» эссе жазу.
|
2сағ
|
20.03.2020
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Үйірме тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Күні: 10.01.2020
Үйірменің мақсаты: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп оқыту
Үйірменің міндеттері: Ақынның өзіндік мұратын таныту;
Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Қолданылатын әдіс – тәсілдері: “Бес жолды өлең”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”.
Күтілетін нәтиже: Ақын өлеңдерін жатқа оқу.
Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;
Бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.
Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, ақын өлеңдерінің жинағы, суреттер, ватман, маркер.
Ой қозғау "Сакен кім?"
Сәкенді кім деп айтуға болады?
Сәкен –ақын. Сәкен — жазушы. Сәкен –революционер. Сәкен- драматург Сәкен- лирик. Сәкен — қоғам қайраткері, Сәкен- ел қамын ойлаған адам. Сәкен –жазықсыз жаланың құрбаны.
“Сыр сандық” - Сәкеннің көңіл – күй лирикаларының ішінде адамға адамның достығы мен ар тазалығының нәзік сырларын шерткен қазақ поэзиясының шоқтығы биік шығармасы.
Ақын "Сыр сандық" өлеңін досына хат түрінде жазған. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған.
Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.
Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.
Сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық»
Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.
«Сыр» деген не?
«Сандық» деген не? «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?
Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.
Лирикалық кейіпкер – өлеңдегі ішкі сезімін, көңіл – күйін білдіретін ақынның өз бейнесі, жиынтық образы. Лирикалық өлеңдегі кейіпкер – ақынның өзі.
Сыр сандықтың кілтін ашатын, адал жанның сырын ұғатын досты іздейді. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам – дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауып ашып, көңілдің күй пернесін басады. Айтқанынан қайтпас табанды, сырға, серті берік шын достар ғана. “Қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар ” қарсы қойылған.
Дос – адалдық, әдептілік, шыншылдық, сенімділік.
Бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім?
(Адамгершілігі мол).
Өлеңнің негізгі идеясы: адал достықты дәріптеу.
Оқушыларға тапсырма:
Дос, достыққа байланысты мақал – мәтелдер жазу.
Бес жолды өлең. «Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқыту
Достарыңызбен бөлісу: |