Оқылым Тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, мазмұны негізінде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (15 минут)
– Ренат аға, сұрағымды Астанадағы Тұңғыш президент мұражайында өткен «Мәңгілік елес» атты жеке көрмеңізден бастасақ. Неге көрмені «Мәңгілік елес» деп атадыңыз? – Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында осымен екінші рет көрмем өтуде. Мен әр көрмемді өткізген сайын, оның атауына қатты мән беремін. Өйткені әр картина – менің өмірге әкелген балам іспетті. Сондықтан, өз туындым өміршең болу үшін жақсы ат қоя алу да маңызды. «Адам – ұрпағымен мың жасайды» дейтін халық даналығы барын ескерер болсақ, біздің «ұрпағымыз» - жазған картиналарымыз екені анық. Ал өмір - мәңгілік, шексіз, ұшы-қиыры жоқ елес. Ал мәңгілік елес – ол шынайы өмір дегенді білдіреді.
– Анталаған қасқырдың ортасында, жалаңаш қол, арпалысқан адам бейнесі салынған суретті сіз «өзім» депсіз. Бұл суреттің салынуында өзіндік тарих жатқандай... – Бұл ең нашар картинам. Кәсіби деңгейі жоқ... Өйткені мен біраз уақыт сурет өнерін тастап кеттім. Өзімді басқа саладан іздедім. сол кездегі ішкі күйзелістен туған сәтсіз туынды еді. Бір қарасаңыз, өмір – соқпақтардан құралған сынақ алаңы сияқты. Ал бұл картинада менің өмірімнің алғашқы сынақты сәті бейнеленген.
– Ал Ресейдің Петр патшасына арналған «Петр» атты қартинаңызды да ерекше туынды деуге бола ма? – Бұл енді өзгешелеу қиялымнан туған туындым. Қиял шіркін, шексіз ғой. Оған ешкім тыйым салмайды. Сондықтан қорықпай қиялдай беру керек. Петр негізі жақсы туынды. Ол сурет қазір Санкт-Петербургта тұр. Бірақ кенепке ауыр бас шығару техникалық жақтан дұрыс емес екен. Кенеп созылып, жыртылып қалуы мүмкін. Бұндай тәсілмен сурет салудың болашағы жоқ екенін түсіндім. Әзірге «Петр» бүлінген жоқ. Бірақ, сонша еңбекпен келген дүнием, мәңгілік болып қалмайтын сияқты. Ал суретшінің мақсаты – артына өлмейтін өнер туындысын қалдыру емес пе?! (245 сөз)
https://adebiportal.kz/kz/news/view/20111
Берілген мәтін қай стиль түріне жатады? [1]
А) ғылыми стиль;
В) ресми стиль;
С) публицистикалық стиль;
Д) ауызекі сөйлеу стилі;
2. Қай ақпарат мәтінге сәйкес? [1]
1) Суретші Ренат Елубаев «Петр» атты картинасының тұсаукесерін өткізді.
2) Суретші Ренат Елубаев «Мәңгілік елес» атты жеке көрмесін өткізді.
А) біріншісі;
В) екіншісі;
С) екеуі де дұрыс;
Д) дұрыс жауап жоқ.
3. Суретші өз өмірі туралы қай жауабында айтады? [1]
А) бірінші жауабында;
В) екінші жауабында;
С) үшінші жауабында;
Д) бірінші және екінші жауабында;
4. «Петр» картинасы қандай туынды? [1]
А) автопортрет;
В) қиялдан туған туынды;
С) мозаика;
Д) кенепке салынған туынды;
5. «Адам - ұрпағымен мың жасайды» деген халық даналығын қалай түсіндіңіз? Ойыңызды 3 сөйлеммен білдіріп жазыңыз. [3]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Өз бейнеңді суретте қалай бейнелеген болар едіңіз? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________