Iii.Қорытынды: IV. Пайдаланылған әдебиеттер



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі71,02 Kb.
#142509
  1   2   3   4
Байланысты:
Батырлар





Жоспары: I.Кіріспе: II.Негізгі бөлім:
1.Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру 2.Отансүйгіштік тәрбие беруді ұйымдастыру
3. Батырлар ертегілеріне мысалдар
III.Қорытынды:
IV.Пайдаланылған әдебиеттер:


Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең жеткіншектерді тәрбиелеуде батырлар ертегілерінің мән-мағынасын санамен ой елегінен өткізе отырып, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: (1999) «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын еске ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезегімен өткеннің талаптары, обьективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек», [3.98] Осыған байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізгілік, имандылық тұрғыда өмір сүріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете алатын, бәсекелеске бейім, өмірге икемділігін, ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды тұтастықта меңгере алатын, отансүйгіштік сезімі қалыптасқан жаңа азаматты тәрбиелеудің қажеттілігі туындауда.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беру өзекті мәселелер болып отыр. Себебі, бүгінде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында қызметін өтеуден қашу сияқты келеңсіз жайттар жиі кездесіп жатады.
Сондықтар мектепте отансүйгіштік тәрбие беруді қолға алудың маңызы зор, тәрбиенің бұл түрі жастарды елін қорғауға, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды.
Мектепте өткізілетін сабақтар, алғашқы әскери даярлық пәндері бойынша оқушыларға берілетін отансүйгіштік тәрбиенің тереңдеуіне, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды халықтың игілігі үшін еңбек етуге, егеменді еліміздің мүддесін қорғауға даярлау үшін еңбек етуге, егеменді еліміздің мүддесін қорғауға даярлау үшін мүмкіндіктер туғызады. Қазіргі әлемдік ғылымда Отан және адам дүниесінің үйлесімділік идеясын басшылыққа алуды қажет етіп отырған кезде ғылымдар жүйесінің интеграциялық бағыты адамның интеллектілік өрісін байытумен бірге жалпы адамзаттық құндылықтың біртұтастығын көрсетеді. Соның ішінде, отансүйгіштік тәрбие барлық адамзатқа ортақ қасиет екендігін ғылымдар айқын көруге болады.
Бүгінгі таңда отансүйгіштік тәрбие берудің Отанға, елге деген саналы көзқарастың қалыптастыру қажеттігі, педагогика теориясы мен практикасында жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырып отыр.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіш сезімін қалыптастырудың педагогикалық – психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу зерттеу жұмыстың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары» деп таңдауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің көкейтестілігі-отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу тәрбие отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу.


1.Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттарда да, экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардын иесі болады. (Қазақстан-2030 бағдарламасы) Әрине, «Келешектін иесі — жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңгі шығармашылық кемеңгерлерін тәрбие-леу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасатыны белгілі. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді. Грек ғалымы Платон «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деп тегін айтпаған. Бала бойындағы төрбиенің бастауын ата-ана қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине, тәрбиешісі мұғалім болып табылады. Ұрпаққа беріліп жаткан адамгершілік дене, экономикалық, экологиялық, ақыл-ой тәрбиесімен қатар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын алады.
«Мен келешектін иесімін» деген ұрпақтың бойында білім, білік, адамгершілік, ар-намыспен қатар Отанды сүюге деген қасиеттер болады. Баланың өз Отанын сүюі немесе оған түсінбеушілікпен қарауы оның ес білгелі көрген тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы ата-бабамыздың ұлы байтақ жерін тұмсықтығы шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай ұстап аман — сау жеткізуінің өзі, бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана тәрбиелемей отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеуінің негізгі дәлелі.
«Бесік жырымен» бойына сіңіретін отансүйгіштік қасиет «Багырлар жыры», шешендік сөздермен әрі қарай дамиды.
Қобыланды мен Тарғынаарды өзіне үлгі қылып алған бала келешекте осы кейіпкерлердің (батырлардың) ерлігін қайталауға, елі үшін күресуге, әділетсіздіктің тамырына балта шабуға өзін-өзі дайындап өседі.
Мектепке дейін отбасында «Отан», «Ел» деген сөздердің мағынасын онша түсіне білмейтін баланың осы түсініктерді қалай, қай тұрғыдан қабылдауы мектеп жасында қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда біз мұғалімдер — тәрбиенің негізі адамгершілік, ақыл-ой деп аламыз да, білімді, адамгерішлігі жоғары ұрпқ болашақтың негізі болады аеп қате пікір туғызамыз. Бала бойындағы білімін, күш қуатын Отаны, елі, жері үшін жұмсауы керектігін ұмытып кетіп жатамыз. Сондықтан балаға білім бере отырып, біз өз білімін отаны үшін жұмсайтын, ұлттық ар-намысын барлық қасиеттерінен жоғары қоятын ұрпақ төрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Әрбір сабақ барысында баланың бойында ұлттық ар-намысын оятатындай ой тастап отыру қажет. Мысалы бастауыш сыныптарда Ана тілі пәніндегі «Біздің тілегіміз — достық», «Менің алыстағы достарым», тарауларымен танысқанда өз Отанын, өз ұлтын басқа елдерге, әлемге таныстыру келешек ұрпақтың әлемді тануы, өздерінің қолында екендігім ұғындырып отыру керек.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында қалыптастыруы қажет. Окушыларға тәрбие бере отырып мұғалім өзінің бойындағы тәрбиелік қасиетін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс. Сабақ барысында «Ана тіліміздің тұғырын биікке көтерейік» немесе «Ұлттық ар-намысымызды ту қылып ұстаңдар» деген патриотгық сөздерді айта отырып, өзіміз орысша сөйлеп тұрсақ, (оқушылардың ортасында емес) болашағымызды бұлыңғыр деп есептесек, біздің алдымыздағы оқушымыздан ешқандай патриот, «Отаным» деп жүрегі соғатын ұрпақ шықпайды. Сондықтан да ең бірінші өзімізді еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеуіміз керек. Окушы бойындағы патриоттық, ұлттық рухты көтеру үшін бірінші мұғалім өзі үлгі болумен қатар, баска да үлгі боларлық жұмыстар атқаруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда екінші сыныпта өткізілетің тәрбие жұмыстарының маңызы зор. Патриоттық тәрбиелік маңызы орын алатын «Мен елімнің ертеңі», «Отан — отбасынан басталады» тақырыбындағы сынып сағатгарын айтар едім. Сынып сағатында оқушылардан Отан, туған жер, тіл туралы мақал-мәтелдер, өлеңдермен шектеліп қана қалмай, осы тақырыпта оқушыларға шығарма жаздыру да керек. Себебі окушы Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық салт- дәстүрді сыйлауға, қастерлеуге деген құштарлықты өз ортасынан, айналасынан тауып қана қоймай, өзінің жан дүниесінен де Отанға, елге, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің шоғы бар екендігін сезеді. Шығарма жазу арқылы баланың тілі ғана дамымайды, ол өз бойындағы қасиеттерді де жүйелеп дамытады. Үшіншіден, дүниетану сабағында тікелей қоғаммен, туған жер тарихымен тығыз байланысты. Мысалы: «Қоғам» тарауында оқушы қоғамның белшектері — өзі екенін түсініп, осы қоғамға қандай қызмет көрсете аламын деген сауалға жауап іздеп мемлекет, қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі. «Туған ел», «Отан» тарауында туған жердің тарихымен, қазіргі тұрмыс-тіршілігі, әлемдегі орны туралы оқып танысу барысында оқушының Отанын қорғауға, Туған жерінің абыройын асқақтатуға деген қызығушылығы арта түседі.
Төртіншіден, бала бойында ұлттық рухты дамытудың жолы отан қорғаушыларымен кездесу өткізуі болып табылады. Ардагерлермен кездесу кезінде балалар ерлік оқиғаларды басынан өткізгендіктен олардың әңгімесінен шынайы ерліктің ізін көре алады.
Бесінші жолы, патриоттық тақырыптағы мерекелер мен даталы күндерді атап өту, мерекелік салтанаттарға қатысу болып табылады. Бұл мерекелерге 9-мамыр Жеңіс күні, 7-мамыр Ұлан күні, 30-тамыз Конституция күні, 25-қазан Республика күні, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні, 17-желтоқсан — желтоқсан құрбандарының күні. Әрине, мерекелік салтанаттың тарихымен таныстырып өткізу міндетгі түрде жүргізілуі керек. Бұлардан басқа ұлттық рухты көтеретін диафильмдер, суреттер, көркемфильмдердің де ролі айтарлықтай болып табылады. Осы тұрғыдан балалармен жүргізілген патриоттық тәрбиелік шараның мәні жоғары болып табылады. «Тәуелсіздік туын тіккен күн», «Отан қорғаушылар күні» тақырыптарындағы ертеңгіліктер, кездесулер кезінде оқушылар шекара қызметкерлерімен танысып, олардың әңгімелерін тындап, отанды қорғаудың өзі ерліктің кішкене де болса лебі сезілген қызмет екендігі ұғынады.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу-Насыр Әл Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ. елі үшін де тәрбие саласындағы бағытгарды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажетгілігін алға тартып отыр. Оқушылар мен жастардың мектептен тыс баратын жерлері ауданда санаулы ғана. Атап айтар болсақ спорт мектебі, мұражай, өнер мектебі, анда-санда тек даталы күндерге орай «Абыл» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызмет көрсетеді. Сондықтан «Жас турист», «Жаяулар туризмі» кешеңдері жұмысын бастаса, оқушылар туған жер табиғатын аралап көзбен көріп, қорғау керек жерлерді қорғауга алса, ашылмай келе жатқан туған өлке тарихын зерттеп білуге, ел табиғатын сүюге, байлығын қорғауға әзірлеуге айтарлықтай үлес қосар еді. Балалардың ізденісі мен танымын салауатты өмір салтын қалыптастыруда «Тарихи» өлке тану мұражайларының, белсенділері, «Жас дерігер» үйірмелері ашылса, олардың атқарар қызметтері де айрықша болар ма еді? Маңғыстау, Бейнеу — тарихи орындардың ордасы, түкпір-түкпірі тұнған, сыр, өр тасы жатқан құпия. Осыларды көзбен көргізіп, қолмен ұстаса қандай ғанибет болар еді. Бұл бағытта да «Тарихшы-өлкетанушы» үйірмесі болса, оған көрсетіп демеуші болардай ауылымыздың алдыңғы толқын қоғамнын тірегі, өз ұлтым деп, жүрегі елжірей соғар ағаларымыз көмегін берсе деп ойлаймын. Себебі өз ауылының өткені мен бүгінін білмей өскен бала, өскенде бүкіл мемлекетіміздің, Отанымыздың елжанды азаматы болады деу әсте бола қояр ма?
Әрбір ғылымның негізгі бұтағы әдіснама екенін ескере отырып, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында фиопософтардың, психалоттардың, педаготардың берген ғылыми тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды. Патриоттық тарбиенің әдіснамалық, негізін ашуда тарихи-педогогикалық тұрғыда талдау жасай отырып, мәдениеттану, аксиакогиялық және өркениеттілік тұрғысынән айқындауға жағдай жасалды.
Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Бесік жырынан бастапатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл — ерлік. Қазақ деген ұғыының өзі ер, ерпік деген мағынаны береді.
Аксиологиялық тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықар болып табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Қөне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық, Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағаның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді»- Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында фраицуз халқының ұлттық батыры Жанна д’Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншы-армен күресіп, ез Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған адалдык, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сеэімдерінің бірі. Патриотизм - Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспетшілік
«Патриотизм - дегеніміз (грек. раtriotes - отандас, раtrio- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін ана тілің елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сяқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», -деп атап көрсетеді.
«Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемшлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем ұғымды, жеке адаммен яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді»
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында керініс беретін, балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принципі.
Патриотизм - тұлғаның байындағы Отан үшін қызмет етуге
лайық шын берілген Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті.
Патриотизм -өз Отанына және отандастараына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернационализм басқа халықтар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты.
Патриотизм - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тарихы қалыптасқан отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етумен көрінеді.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Кез келген ледагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Қудияррова: «Оқыту әдістері -оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» - дейді. Алт Ресей профессоры Г.И.Пидкасистый: «Оқыту әдістері - дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс әрекеті» - деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып біз оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс әрекеті деген анықтамаға қосыламыз.
Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа пробпемалық әдіс, звристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше.Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.) түрлендіріп, алмастырып отырады.
Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық-сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмаларды беру) арқылы меңгертіледі.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің XVII ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын Рахметов, Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуін төмендігін кестеден көруге болады.
Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке-жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алады.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгей. Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:

  • шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;

  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.
Үшінші, эвристикалық, деңгейдің тапсырмалары оқушы пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды,
Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды.
Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық әнциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген. Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиын болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекетіне теселдіреміз. Ойын сабақтың кез-келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырын дамыумен қатар тәрбие мақсаттарының орындалуына да әсер етеді. Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады. Топтық жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне байланысты.
«Отан — от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі -Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес, күллі қоғамнын келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан әсте шықпағаны абзал.
Бір сәт «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. «Дала Демосфендері» деп аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің «Біз қазақ» және Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты жырлары арқылы күрмеуі көп қиыи заманда ел тағдырын жырлап өткен қос тұлғаның жыр шумақтары бүтінгі ұрпақты өз жерін елін сүюге баулиды.
Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт-бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:
Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, - деп қазақ елінің ешкімге барып соқтықпағаны, «Жаным - арымның садағасы» -деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал, XX ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев:
Мен қазақпын мың өліп, мын тірілгең
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, - деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады»,- деген болатын Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отаның елін, жерін суюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде керкем шығарманың маңызы зор. Көркем тал, батырлық, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғаның оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Халықты сүйсіндірген бүл әңгімелер, оның мақалаларында да айрықша орын алып отырған. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық, істер жайында туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой-тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, үлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырылтағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел-отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық деп көрсетеді. Мысалы «Ел іші — алтын бесік», «Туған жердің тауы да ыстық». Ад сонымен қатар туған елді, жерді басқа елдермен салыстырып, әркімге өз елінен артық ел жоқ екенін аңғартатын мақалдар да баршылық. Оған дәлел: «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Кісі елі — күміс, өз елің -алтын» т.б. мақалдар. Өзінің мақалдарында туған жер, ел — отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық, оларды қорғау әрбір ер азаматтың борышы деп біледі. Өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дүшпаннан елін, отанын қорғап қалу халқын сүйген әрбір азаматтың міндеті болатындығын көрсеткен. Оны мына мақалдардан; «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ер болар», «Жүнті нар көтерер, қайғыны ер көтерер» көруге болады. Мұндай мақалдарда ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарғаң қиядан тартып жол салған, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған батырларды, азаматтарды ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ерлік, батырлық жасау тек отанын, ел-жұртын, халқын сүйген адамдардың ғана қолынан келеді, осындай адамдар ғана ел намысын қорғайды деп сипаттайды.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осындай мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндіріп, патриоттық сезімге, ұлттық мақтанышты, Отаң елін, жерін сүюге тәрбиелеудің іргетасын қалауға болады деп түйіндейміз.
Ауыз әдебиетінің тағы бір жанры -жұмбақтар. Жұмбақтар халықтың табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынғаи ойынан туған. Жұмбақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, халықтың қоғамдық тұрмысының, кәсіп тіршілігінің өзгеріп отыруына байланысты мазмұны, тақырыбы жағынан үнемі жаңарып, байып отырады. Жұмбақтардың тақырыбы сан алуан. Сол тақырыптарына, мазмұндарына қарай жұмбақтардың туған кезеңдерін шамалауға болады. Жалпы жұмбақ  тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Ол айналадағы өмірді тани білуге үйретеді. Сондықтан оның жастар үшін білімдік, тәрбиелік маңызы зор. Сонымен қатар, жүмбақтар бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбие қалыптастырып, балалардың тілін дамытады.
Оқу-тәрбие үрдісінде жер, отан, тау, тәс, табиғат, жан-жануарлар т.б. туралы жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін дамытады.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі — ертегілер. Ертегілер халқымыздың тарихын тұрмыс-салтың әдет-ғұрпын, нанымың дүниетанымын білдіреді.
Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өэ заманының адамдарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген Оларды зұлымдық әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ қолға алғаны ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізеді.
Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Оның негізгі салалары мыналар: қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер. Ертегілерде өмірде болмайтын нәрселер туралы, елдің тұрмыс тіршіліктері туралы мәселелер, қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, еңбекші халықтың наразылығы, күресі, сол замандағы қоғам тіршілігі айқын көрінеді. Ертегілер оқушылардың қиялын дамытып, жақсы мінез-құлық қалыптастырады, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, өзінің елін, жерін а, суюге тәрбиелейді.
Халыққа көп тараған, ескі заманнан келе жатқан асыл мұрамыздың бірі батырлар жырының патриоттық тәрбие берудегі орны ерекше екендігі белгілі. Ал, жұмбақ-жаңылтпаштар бастауыш сынып оқушыларының тілін ширатады. Жұмбақ-жаңылтпаштар белгілі бір затқа, құбылысқа құрыла отырып, сол туралы түсінік береді, сол заттың немесе құбылыстың оның өміріне қатыстылығы түсіндіріліп, құрметтеуге тәрбиеленеді. Жұмбақ-жаңылтпаштардың тақырыптарының әр алуандығы оқушыларға туған жері туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ойын, тілін дамытып, елін, жерін сүюге тәрбиелейді.
Көркем шығармаларда, оның ішінде ауыз әдебиеті үлгілерінде халық өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу оның басты ерекшелігі болып табылады. Мазмұны батырлық, ерлік, ар-намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейлінше қатал өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын, өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін шығармалар арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені сабақта беруге болады. Мұндай шығармалар оқушыларды батылдыққа, ерлік ісіне, табандылыққа, әділеттілікке, ақылдылыққа тәрбиелейді. Біріншіден, мұндай шығармалар балаларды елін, өз жерін сүйетін намысына берік, отаншыл етіп үйретсе, екіншіден, отанына, еліне қастандық жасамақшы болған сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулиды. Бұл жөнінде В.П.Велинский: «Балаларға жалпы адамзаттық, дүниежүзілік асыл қазыналарды неғұрлым көбірек білдіріңдер, бірақ оларды көбінесе өзінің туған елінің аз ұлтының көріністері арқылы таныстыруға тырысыңыздар», — деген. Осы тұрғыдан алып қарағанда, көркем шығармаларға тән мұралар жас ұрпақты өз елдерінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге болатын асыл қазына деп бағалаймыз.
К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» — дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз. Бұдан шығатын қорытынды, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келген жанрын бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушылардың тілін дамытудың, дүниетанымын қалыптастырудың, оларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу — бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз — оқушы өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы, Сондықтан рухани адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау; жақсыылыкқа ұмтылу; өзін-өзі дамытып, жетілдіру.
Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дәмыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Ш.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин т.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген дамыта оқыту технологиялары дүниеге келді.
Бала мен мұғалім әрасындағы қарым-қатынастағы рухани-адамгершілік байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш.Амонашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында рухани тұтастық пайда болады»,- деп рухани адамгершілік қарым-қатынас қай кезде орнығатынын осылай пайымдайды..
Е.Н.Ильиннің: «Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады», — дегем пікірі оқушының рухани-адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда. Негізгі мәселе — оқушылардың «субъект-субъект» аралық қатынасын дамыту, әрбір адамның құндылығын, даралығын, ерекшеліктерін, сезімін және өзіндік баға беруін қалыптастыру. Мұнда баланың назарын өз өміріндегі епеулі өзгерістерге бурып, оны саналы түсінуіне қасиет-сапаларына баулу көзделеді. Рухани адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

  • оқушылар рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында
    әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;

Демек, рухани адамгершілік тәрбидегі басты мәселе — баланы құрметтеу. Әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екекдігін түсінуі тиіс деп ойлаймыз. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтастықпен қызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Сондықтан мұғалімге мынадай қасиеттер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс. Сыныптағы рухани адамгершілік, психолопиялық ахуал бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебі. Демек, осы өз сыныбында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қапыптасады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түйсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық өмірлік іс — әрекетіне ықпалын тигізеді. Солардың кейбір көңіл бөліне бермейтін маңыздыларына тоқталатын
болсақ, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі – мұғалім өзінің әрбір ісі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан келіп шығатын нәтижеге
жауапкершілігі. Бұны іске асырудың тетігі мектепте туындап отырған әртүрлі ахуалдарды шешуде әділетті, дұрыс жөн табу. Өз ісіне жауапкершілікпен қарау өзін-өзі тексеруден басталады. Үнемі сағат сайын, минут сайын бос уақытта өзін-өзі тексеру. Өйткені олар тез естіп, сезіп, біліп
қояды. Мектепте тәрбиенің дұрыс іске асырылып жатқандығының басты белгісі: оқушының мұғалімнен еш нәрсені жасырмауы, оларға қарай үнемі ұмтылысы, жақын болуы. Осындай жағдайда ғана рухани жақындық туады. Мұғалім мен оқушының қарым — қатынасы алуан түрлі
іс-әрекет барысында жүзеге асады. Мұғалімдер осы жерде еңбектің балаға тигізетін ықпалына көңіл бөлуді естен шығарып алмауы қажет. Еңбектеніп жатқан бала емес, еңбек нәтижесі олар үшін маңыздырақ, тағы бір мұғалімнің қатерінен тыс қалатын нәрсе, оқушыларға көрсете, нұсқау бере отырып, істеген шаруасын бағалап, кемшілігі үшін тез отырып бірлесе істеу.
Педагог ғалымдар істің өзі емес, сол істегі мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастың мәнді екенін, мұғалімнің тәлім-тәрбиелік ықпалы осындай жақын, бірлескен қарым-қатынас барысында іске асатынын дәлелдеген. Мұнда тағы бір маңызды мәселе шешіледі, ол — баланың істеп жатқан еңбегіне қызығушылығын ояту, оның пайда — зиянын білуі.
Дәстүрлі институттардағы тәрбиенің әдістері мен ата-бабаларымыздан келе жатқән тәрбие құндылықтары мен өлшемдерін салыстырмалы түрде қарастырғанда мектептегі шаруашылықты жүргізу рухани адамгершілік тәрбиемен тығыз байланысты екендігі байқалады. Қазіргі кезде уақыттың талабына сәйкес оқу мен тәрбиенің тиімділігіне қойылатын міндеттер мен талалтар езгеруде. Бұрынғы кездері үлкендер тәрбие жұмысының негізін білім, іскерлік, дағды және құндылықтарды балалардың бойына жинақтау деп түсінді. Соның негізінде балалар, олардың ата-анасы өмір сүрген ортаның қағидаларына сүйенеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік өзгерістер ғылыми-техникалық, мәдени, тұрмыстық жағдайлардың күрт өзгеруіне бәйланысты болғандықтан, балаларды осы ыңғайға дайындауымыз қажет сияқты. Сондықтан тәрбиенің жетістіктері оларға өздерінің іскерліктері мен дағдыларын беру ғана емес, олардың жеке әрекет жасауға және шешім қабылдауға өз бетінше үйрене алуына мүмкіндік туғызу. Жас ұрпақ үнемі өзгеру жағдайында болады, оның психикалық реакциясы да ауыспалы болып отырады.
Мұғалімнің оқушылар алдында жаза баспау, оларға теріс әсер етпеу жолдарын ойлап, өздерін жетілдіруге бейім тұруының өзі олардың рухани-адамгершілік тәрбие беру жолындағы дамуын көрсетеді. Егер олар бәрін білеміз, оларға ықпал етуге, тәрбиелеуге дайынбыз деп ойлал, тәрбиелеумен ғана шұғылданса, ұрпаққа зиян келтіруі ықтимал»… ересектердің өзін емес, балаларды тексеріп, олардың қателіктерін тізбектеуі абырой әкелмейді» -дейді Я. Корчак»… өзімізді өзіміз жұбатып, өзімізге өзіміз риза болып, өз қателіктерімізді кешіріп, оңалу міндетінен құтылу» мұғалімдік парыздан құтылумен бірдей болады да, бала тәрбиесіндегі сезімталдық пен ақыл парасаттан ажыратады.
Осы күні педагогикалық білімі жоқ адамдар да білетін ереже – «Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек», бірақ кейбір мұғалімдеріміз өзін-өзі тексеріп, өзін-өзі қайта тәрбиелеуде бас тартқандардың жауабы біреу — енді кеш, болары болды дейді. Тағы да сол ұлы ғұламалардың айтқаны бар «Үйрену ешқашан кеш болмайды», ал халқымыз «Ештен кеш жақсы» дейді. Мектептегі тәрбие өз оқушыларын артынан ертіп, еліктетіп әкетуді, онда тек жақсы істермен ғана үлгі көрсетуді көздесе, оның басты жолы рухани-адамгершілік тәрбиесі болмақ. Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын — тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көзқарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып қана шығады. Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеяларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықтары өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Оқушысының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалім дер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерін байқап, оған қолдау көрсетіп отырған мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Оқушыларды ибалыққа баулып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру — әрбір мұғалімнің және мектептің басты парызы.
Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштері жатады. Мінез ол — адамның өзіндік бағыт-бағдардың, жан дүниесінің ерекшеліктерінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктерінен туындайды.
Дана ақын, рухани адамгершілік қасиеттерін талдап жеткізген халықтың ырысы «Құтты біліктің» негізін қалаушы Ж.Баласағұн — адамның мінез-қүлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс деген ойлары жақсы мәлім. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу -қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие білім беру адам дамуының рухани үйлесімділіктерін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбиенің адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастыратындығын естен шығаруға болмайтын сияқты. Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқу шебері тулға ретінде тани біліп қана қоймай, үш кезеаді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет;

  • бұрынғысы;

  • қазіргісі;

  • болашағы.

Мұғалімнің негізгі қызметтерінің ең бастысы оқушы тәрбиесіндегі сәттілікті айтуға болады. Ол үшін ең қажеттісі:

  • Оқушыны тек тәрбиенің жемісі ғана емес, сонымен қатар ол өз елінің және өзінің өмірлік орның мектебіне және өзіне байланысты мінез-құлықты анықтайды. Нақтылап айтқанда, оқушы өзіне тәрбиеші.

  • Оқушылар өзінің аз тәжірибесінде, өзіндік ойлауы арқылы айналасындағыны қабылдайды әрі бағалайды. Олардың мінез-құлқын, әсерін түсіну үшін өмірге олардың көзімен қарау қажет.

  • Оқушыларға тек біз айтқан нәрселер ғана әсер етпейді, сонымен қатар
    мұғалімдердің оқушының мінез-құлық ерекшеліктерін ескеруі де қажет сияқты.

Сондықтан маңызды мәселелерді зерттеп қана қоймай, олардың тәрбие үрдісінің тиімділігіндегі өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне жете назар аударуымыз қажет деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет