Iii.Қорытынды: IV. Пайдаланылған әдебиеттер



бет4/4
Дата11.05.2022
өлшемі71,02 Kb.
#142509
1   2   3   4
Байланысты:
Батырлар

Қорытынды:
Қорыта айтқанда, жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертегі шығармашылық кемеңгерлігін тәрбиелеу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында қалыптасатыны белгілі. Бала бойындағы тәрбиенің бастауын ата-аналары қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине, тәрбиешісі мұғалім болып табылады. Ұрпаққа беріліп жатқан адамгершілік дене, экологиялық, экономикалық, ақыл-ой тәрбиесімен қатар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын алады. «Мен келешектің иесімін» деген ұрпақтың бойында білім, білік, адамгершілік, ар-намыспен қатар Отан сүюге деген қасиеттер болады. Баланың өз Отанын сүю немесе оған түсініспеушілікпен қарауы оның ес білгелі көрген тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы ата – бабамыздың ұлы кең байтақ жерін тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай ұстап ұрпаққа аман-сау жеткізуінің өзі, бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана тәрбиелемей отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиеленуінің негізгі дәлел.
«Бесік жырымен» бойын сіңіретін отансүйгіштік қасиет «Батырлар жыры», шешендік сөздерімен әрі қарай дамиды.
Бала бойындағы білімін, адамгершілік қасиетін, күш қуатын Отаны, елі, жері үшін жұмсауы керектігін ұмытып кетіп жатамыз. Сондықтан балаға білім бере отырып, біз өз білімін отаны үшін жұмсайтын ұлттық ар-намысын барлық қасиеттерін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Ұлттық отансүйгіштікті қалыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында қалыптастыру қажет. Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие бере отырып мұғалім өзінің бойындағы тәрбиелік қасиетін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс. Сабақ барысында «Ана тіліміздің тұғырын биік көтерейік» немесе «Ұлттық ар-намысымызды ту қылып ұстаңдар» деген патриоттық сөздерді айту қажет.
Сондықтан да ең бірінші өзімізді еліміздің нағыз отансүйгіші болуға тәрбиелеуіміз қажет. Оқушы бойындағы отансүйгіштік, ұлттық рухты көтеру үшін бірінші мұғалім өзі үлгі болумен қатар, басқа да үлгі болатын жұмыстар атқаруы тиіс. Отансүйгіштік тәрбиелік маңызы орын алатын « Мен елімнің ертеңі», «Отан-отбасынан басталады» тақырыбындағы сынып сағаттарын айтар едім.
Үшіншіден, дүниетану сабағында тікелей қоғаммен, туған жер тарихымсен тікелей байланысты.
Төртіншіден, бала бойында ұлттық рухты дамытудың жолы отан қорғаушыларымен кездесу өткізу болып табылады. Ардагерлермен кездесу кезінде балалар ерлік қағидаларды басынан өткізгендіктен олардың әңгімесінен шынайы ерліктің көзін көре алады.
«Тәуелсіздік туын тіккен күн», «Отан қорғаушылар күні» тақырыптарындағы ертеңгіліктер, кездесулер кезінде оқушылар шекара қызметкерлерімен танысып, олардың әңгімелерін тыңдап, отанды қорғаудың өзі ерліктің кішкене де болса лебі сезілетін қызмет екендігін ұғынады. Болашақ ұрпаққа ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болатынын айта отырып, адамзат қоғамын апаратын құдіретті күш тек білім екенін түсіндіру.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Наурызбай Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұрағат, Алматы 1995 ж барлық беті.
2.Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. Алматы, Жазушы 1985-560 б
3.Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап, Алматы, Жазушы
4.Бастауфыш мектеп 3, 2007, 10 б
5.Білім №1 (31) 2007, 43 б
6.Бастауыш мектеп 5-6-2007, 63 б
7.Махамбет энциклопедиясы – А, ҚРҰ ғылым академиясы 2004, 3-5 б
8.М.Өтемісұлы –А, Қазақстан көркем әдебиеті баспасы, 1984, 91 б
9.Қ.Р. «Білім туралы» заңын жүзеге асыруға қатысты құжаттар жинағы. 1999. 350 б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет