Iкомпьютер көмегімен есептер шығарутехнологиясы



бет15/20
Дата20.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#104168
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Iкомпьютер к мегімен есептер шы арутехнологиясы

Матрица енгізу. Матрица енгізудің бірнеше әдістері бар:

  • барлық элементтерді Insert Matrix командасын қолданып бір бірлеп енгізу;

  • матрицаны әр элементін анықтау арқылы енгізу;

  • таблица жасап соған элементтерді енгізу;

  • массив жасауға арналған арнайы функцияларды қолдану (редакторда ондай функциялар бар);

  • массивті басқа программалар көмегімен жасау (мысалы Excel мен MATLAB);

  • сыртқы файлдан оқу арқылы немесе көшіру (импорт) арқылы.

Матрица енгізудің кей әдістеріне тоқтала кетелік. Жалпы әр пайдаланушы өзі ұнатқан әдісін жиі қолданады, кейде есептің тұріне қарай ең тиімді әдісті таңдап соны қолданады.

Матрицаны Insert Matrix командасы арқылы енгізу ең қарапайым әдіс болып табылады:



  • Matrix (Матрица) панеліндегі Matrix or Vector (Матрица или вектор) кнопкасын басыңыз, немесе + пернелерін қолданыңыз. Тіпті болмаса Insert/Matrix (Вставка / Матрица) менюін қолдануға болады (4.12 сурет),

  • Insert Matrix (Вставка матрицы) тілдесу терезесінде бағандар мен жолдардың санын көрсететін бүтін сандар енгізіңіз. Мысалы 3x1 векторын енгізу үшін 4.12 суреттегіну қолданыңыз;

  • ОК болмаса Insert (Вставить) кнопкасын басыңыз. Сонда құжатқа матрицаның үлгісі түседі (4.13 сурет);

  • О
    рынкөрсеткіштері тұрған жерге матрицаның сәйкес элементтерін енгізіңіз. Бір орынкөрсеткішінен екіншісіне көшу .шін жүгірмекті немесе стрелкалар салынған пернелерді қолдануға болады.

Дайын матрицаға жаңадан жолдар немесе бағандар қосу да осы сияқты жасалады.

  • оң жағына жаңа баған немесе төменгі жағына жаңа жол қосылатын элементті енгізу сызығымен белгілеңіз;

  • сол жерге матрица қосыңыз (жоғарыда айтқандай), мұнда қосылатын матрицаның жолдары немесе бағандарының саны 0 болуы мүмкін (4.14 сурет);

  • о
    рынкөрсеткіштердегі орындарды толтыру керек.

4.14-15 суреттерде осы этаптар толық көрсетілген (Insert Matrix тілдесу терезесінде Insert (Вставить) кнопкасын басу арқылы). Айта кететін жайт матрица элементтері тек қана нақты жіне комплекс сандар болып қана қоймай математикалық өрнек те болуы мүмкін (4.16 листингі).

Енді матрицаны бір элементін анықтау арқылы енгізуді қарастыралық.



  • матрицаның әр элементіне мән беру арқылы;

  • реттелген айнымалыларды қолдану арқылы (4.15 листингі);

Бұл процедуралар арқылы матрицаның кез келген элементін, немесе барлық элементін анықтауға болады. Кейде матрицаның жалғыз элементін анықтайды (4.17 листингі); бұл кезде басқа элементтер нольдік мән қабылдайды. Құжаттың кез келген жерінде матрица элементінің кез келгенін, немесе матрицаның өлшемін өзгертуге болады. Матрица өлшемін өзгерту үшін индексі матрицаның өлшемінен тысқары жатқан элементке кез келген мән беріңіз (4.18 листингтің екінші жолы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет