Iкомпьютер көмегімен есептер шығарутехнологиясы



бет18/20
Дата20.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#104168
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Iкомпьютер к мегімен есептер шы арутехнологиясы
2, ТЕСТ Әлеуметтану каз, Задания итоговой аттестации учащихся 9-х классов по предмету «Ру (1), Рүстем Аққұндыз Мінездемееe (копия), Жер бетінің ауданы

Интеграл есептеу

Mathcadта скалярлық фунцияның анықталған интегралын есептеуге болады, иинтегралдың шектері нақты скаляр сан болуы керек. Интеграл астындағы функция комплекс мәнді функция болуы мүмкін, сондықтан анықталған интеграл мәні де комплекс сан болуы мүмкін.

Интегралдау операторы. Анықталған интегралды есептеу үшін оның кәдімгі математикалық формуласын құжатқа жазып шығу керек. Интеграл символын Calculus (Вычисления) панелінен енгізеді (пернетақтайдан +<7> пернелерін басу арқылы да енгізуге болады). Сонда бірнеше орынкөрсеткіштері бар интеграл символы енгізіледі (7.1 сурет). Орынкөрсеткіштердің орнына интегралдың жоғарғы және төменгі шектерін, интеграл астындағы функцияны енгізу керек.

Анықталған интегралдың шектерінің біреуі де екеуі де шексіздік болуы мүмкін. Шексіздік символы Calculus (Вычисления) панелі арқылы енгізіледі. Минус шексіздік енгізу үшін шексіздік символынығ алдына «-» таңбасын енгізеді.

Анықталған интегралды есептеу нәтиежесін алу үшін теңдік белгісін немесе символдық шығару операторының тағбасын «→» енгізеді. Теңдік белгісін енгізсе анықталған интеграл жуықтап есептеу алгоритмінің көмегімен есептеледі. Ал екінші жағдайда, сәті түсіп кетсе Mathcadтың символдық процессоры анықталған интегралдың дәл менін шығарып береді (символдық есептеу интеграл астындағы функцияның кез келген түріне жарамайды).

Әрине интеграл астындағы функцияда интеграл есептеп отырған айнымалыдан да басқа айнымалылар болуы мүмкін. Қандай айнымалы арқылы интегралды есептеуді көрсету үшін сәйкес орынкөрсеткішке сол айнымалының атын енгізу керек. Егер интегралдың сандық мәні есептелуі керек болса қалған айнымалылардың сандық мәндері берілуі керек (7.2 листингі).

Интегралдау операторын басқа оператор сияқты қолдана беруге болады: мысалы функциялар анықтау, циклдарда, реттелген айнымалыларды енгізгенде т.с.с. 7.3 листингте интегралдау операторынығ пайдаланушының функциясын енгізгенде қалай қолданылатыны көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет