Икт крит руководство для учителя 1 каз indd



Pdf көрінісі
бет31/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   358
Байланысты:
Зайцев Педтехнологии лекция книга 1
Өзін-өзі бақылау
Өзін-өзі бақылау
немесе өзіндік «мен»-іне қолдау көрсетіп, нығайту үшін кері байланыс 
орнату басқа адамдар не дейтінін жорамалдау арқылы реттілікті орнату қажеттігінен 
туындайды. Дәл өзін-өзі бақылау арқылы индивидтер өздеріне қатысты шынайы түсінік 
негіздерін қарастырады және жүйелейді. Дегенмен, олар өзгерістер мен қиындықтарға төзімді 
болуы мүмкін. 
Атрибуция теориясына сәйкес, индивидтердің табысқа қол жеткізуі немесе сәтсіздіктерден 
қашуы олардың өз жетістіктерін түсіндіруіне байланысты болады.
Гуманистік психология адамдарға және олардың өз тағдырын бақылау қабілетіне оң 
көзбен қарайды, жеке тұлға дамуындағы шексіз болып көрінетін мүмкіндіктер сыныптағы 
оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді.
Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы
Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын 
қарастырады. Бұл теория дамып келе жатқан адамдар мен өздері тұрып жатқан мәдениет 
арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын атап өтті. Әлеуметтік-мәдени теорияның 
негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана, 
тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты 
болады. 
Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі 
түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, 
әуелі 
интерпсихикалық 
санат ретінде адамдар арасында, содан кейін 
интрапсихикалық 
санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». Бұны осы дәрежеде ерікті зейінге
логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әлеуметтік-мәдени 
теория үлкендер мен құрдастардың индивидтің оқуына ықпал етуіне ғана емес, сондай-ақ
мәдени сенімдер мен қатынастардың оқу және тәрбие үдерістеріне қалай ықпал ететініне 
көңіл аударады.


| 22 |


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет