| 59 |
ауыстырып тұруды жоспарласаңыз, орын ауыстыру жолын алдын ала ойластырыңыз, өйткені
дұрыс емес орынға (мысалы, терезеге арқаңызбен) тұрып қалуыңыз мүмкін. Фотосуреттерде
жарық деңгейін өзгерту айтарлықтай оңай, Windows
MovieMaker сияқты кейбір
бейнебағдарламалар да жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай алады.
Бірақ жарықтандыру
мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.
Микрофондар
Көптеген камералардың орнатылған микрофоны бар, бірақ Сізге түсіріп
жатқан
видеоңыздың дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны дұрыс.
Кейбір сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған 3,5 мм ұясы болады.
Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған
микрофонның өшіріліп, теңшеулердің
барлығын жөнге салғандығыңызды және микрофонды ұстау ыңғайлы
екендігін тексеріңіз
(ұзын сымы бар микрофон пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл – саундтрек және баяндауды бөлек
жазып, кейін оны қосу. Видеоны редакциялауға арналған БЖ арқылы саундтректерді кейіннен
қосуға да болады (бірнеше рет те қосуға болады).
Достарыңызбен бөлісу: