1. бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес
балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама
жасады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар
қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым-
қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал
екіншісінде өздеріне және аюға жеткілікті кең үй жасау үшін суретті нұсқауларды
пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік
қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жылдам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі
сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа
созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екендігі анықталды.