Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


Өз бетінше жұмыс істеу және даму



Pdf көрінісі
бет48/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   358
Өз бетінше жұмыс істеу және даму 
ниетін 
авторлар 
метатанудың маңызды аспектісі 
ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты 
болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік 
пен метатанымдық білімге байланысты.
Ерте жастағы оқушылар метатануға қабілетті ме?
Ерте жастағы оқушыларда метатанымдық қабілеттердің бар екендігі жуық арада ғана белгілі 
болды. Флейвелл ерте жастағы оқушылардың метатану мүмкіндігі шектеулі екендігін айтады, 
олар әр уақытта өз жадыларын басқаруға, проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға 
қабілетті емес. Алайда, жадының аспектілерін зерттеу бойынша жүргізілген бұдан кейінгі 
жұмыстар 3–4 жастағы балалардың өздері көп суреттерге қарағанда, саны азырақ суреттерді 
есте сақтау жеңілірек екендігін сезіне алатындығын анықтады (Flavell et al, 1995). Бронсон 
мектеп жасына дейінгі балалар мен балабақшадағы балалардың танымдық дамуын зерттей 
отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін-өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді. 
Зерттеуші олар да «қалай оқу керектігін үйренеді» деген болжам жасаған. Осыған қарамастан, 
олар шешімді қалай қабылдағандарын немесе қандай тәсілді қолданғанын үнемі түсіндіріп 
бере алмайды, бұл жастағы балалар танымдық әрекет кезінде «өздік басқару» қызметін 
пайдаланады. Өсе келе, олар өз деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырманың түрін таңдауға, 
оларды тиімді пайдалануға, өздерінің әрекетін түзетуге немесе қажет болған жағдайда көмек 
сұрауға, сондай-ақ іс-әрекет аяқталғанша немесе мақсатқа жеткенше «үдерісті» тоқтатпауға 
қабілетті бола бастайды (Bronson, 2000).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет