Ылым министрлігі


Тақырып бойынша практикалық дағдылар тізбесі (нені білу және үйрену керек)



бет2/5
Дата21.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144420
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
000458d7-8d2556ea

Тақырып бойынша практикалық дағдылар тізбесі (нені білу және үйрену керек)


Оқушылар білуі тиіс:

-жалпы ас қорыту жүйесінің мүшелерінің құрылысын, орналасуын, қызметін


- мүшелердің латынша атауын
- ас қорыту мүшелерінің ауруларын


Істей білуі тиіс:

-ас қорыту мүшелерін топографиясын муляждан, плакаттан тауып түсіндіре білу


- ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен олардың атқаратын қызметтерінің арасындағы байланысын көру

Бөлім: Спланхнология


1 Тәжірибелік сабақ:
Тақырыбы: Асқорыту жүйесі

I. Кіріспе:
Білім алушылар адам муляжынан асқорыту мүшелерінің құрылысын қызметімен байланыстырып талдау керек. Білім алушылар асқорыту мүшелерін өз денесінен проекциясын табу білу керек, плакаттан көрсете білу және дұрыс орналастыра білу қажет. Оқутышы муляждарды қысқаша сипаттап өтеді, және студенттердің кітап, атлас көмегімен өз бетімен белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі.
.
II. Сабақтың мақсаты:
Теориялық және практикалық медицина мақсатына сай адам ағзасының құрылысын жүйелеп оқу.
II. Көрнекіліктер:
Адам муляжы, асқазан муляжы, асқорыту мүшелерінің плакаты, кестелер, презентация, видеоролик.
Әдістемелік нұсқау:
1. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметтерінің ең негізгісін төмендегі қысқаша ақпараттан түсініп оқып шық
Асқорыту жүйесі екі бөліктен тұрады: асқорыту жолдары және асқорыту бездері.
Асқорыту жолдарының ұзындығы 8–10метр, бөліктері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек.
Асқорыту бездеріне үлкен сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі жатады.
Ауыз қуысы екі бөліктен тұрады: кіреберіс және меншікті ауыз қуысы.
Ауыз кіреберісі еріндер мен ұрттар және тістер мен қызыл иек арасындағы кеңістік.
Еріндер – ауыз сфинктері, сыртынан терімен, ішінен шырышты қабықпен қапталған. Жоғарғы және төменгі еріндердің ішкі бетінің ортасында жүгеншік бар. Жүгеншік шырышты қабаттан түзілген.
Меншікті ауыз қуысы тістерден басталып аранға дейін созылады.
Қабырғалары:

  • жоғарғы – қатты және жұмсақ таңдай

  • астыңғы – ауыз көкеті.

Таңдай екі бөліктен тұрады: сүйекті – алдынғы 2/3 бөлігі, бұл қатты таңдай; бұлшықет –артқы – жұмсақ таңдай. Тыныс алған кезде жұмсақ таңдай төмен салбырап ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдайдың ортасында тілше, бүйірінде доғалар бар. Доғалар алдыңғы және артқы болып бөлінеді, арасында таңдай бадамшасы орналасқан. Осы жерде бет және ішкі ұйқы артериясы өтеді.
Жұмсақ таңдайдың бұлшықеттері: таңдай-жұтқыншақ, таңдай-тіл, таңдай пердесін көтеретін, таңдай пердесін керетін, тілше.
Таңдайдың кілегейлі қабықшасы сүйекпен тығыз бітіскен; сондықтан таңдайдың ортасында сызық және көлденен қатпарлар бар.
Ауыз қуысында тіл орналасқан. Тіл – бұлшықет мүшесі, үш бөлігі бар: түбі, денесі, ұшы. Тіл түбі арқылы тіласты сүйегіне бекіген. Тілдің екі беті бар: жоғарғы – дөнес және төменгі. Тіл кілегейлі қабықпен қапталған,төменгі бетінің ортасында жүгеншігі бар. Дөнес бетінде дәм сезуге қатысатың бес түрлі бүртікшелер бар: жіптәрізді, конустәрізді, саңырауқұлақтәрізді,науашықтәрізді, жапырақтәрізді.
Тілдің қызметі: тамақтың дәмін сезу, тамақты жұтқыншаққа өткізу және сөйлеуге қатысу.
Тіс үш бөліктен тұрады: сауыты, мойыны, түбі. Сауыты қызыл иектен көрінетін жері, мойны және түбі қызыл иекте орналасқан. Түбінің ұшында нервтер мен тамырлар кіретін тесіктер бар.
Тістің төрт ұлпасы бар: дентин – негізгі заты, эмаль сауытын қаптап тұр, цемент түбірін қаптаған, ортасында жұмсақ зат – пульпа.
Тістің төрт түрі бар: күрек, ит, кіші және үлкен азу. Күрек тіс – 8, ит - 4, кіші азу – 8 және үлкен азу – 12. Барлығы 32 тіс.
Жасына қарай тіс түрлері тұрақты және сүт болып бөлінеді. Сүт тістерінің түбірі кіші болып келеді, саны 20.
Тістердің қызметі тағамды механикалық жөңдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет