4.Ой толғаныс:
сызық Графиканың әсерлегіш штрих
құралдары
Сұрау-тапсырмалар:
-Мына суреттерде қандай геометриялық фигуралар жасырынған?
-Сен де өз ойыңнан сызық пен штрихты пайдаланып сурет сал.
Үйге тапсырма:
Бағалау:
Бекітемін:
Пәні: Сурет Тобы: 1 топ
Сабақ: №14 Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Реңдік бейнелеу. Жарық пен көлеңке.
Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : сабаққа деген ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту
Құрал – жабдық , көрнекіліктер:
Сабақ түрі : аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сурет салу
Сабақтың барысы : ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ : сурет салғанда жарық пен көлеңке үлкен рөл атқарады. Жарық пен көлеңке арқылы бейнеленген затымыздың жалпы пішінін , көлемін береміз. Ал дәлірек айтқанда жарық пен көлеңке дегеніміз қандай да бір затқа бағытталған жарық оның бойына әртүрлі болып таралады да, пішінін, тұтас көлемін көрсетеді.
Жарық пен көлеңке бірнеше түрге бөлінеді:
Жарық . Жарық деп қандай да бір затқа сәуленің мол түсіп тұрған жерін айтамыз.
Жылт . Жарық сәулесі затқа аса көп түскен кезде шағылысып пайда болады. Көбіне металл, шыныдан жасалған заттарда кездеседі, оның аумаға онша үлкен болмайды. Қисық жазықтықта , заттың қырларында пайда болады.
Жартылай жарық. Сәуле затқа тура емес, көлбей түсіп, содан пайда болған жарықты жартылай жарық дейміз. Жартылай жарық көлеңке мен жарықтың арасындағы байланыстырушы қызметін атқарады.
Көлеңке деп заттың сәуле түспей тұрған ең қараңғы жерін айтамыз.
Тағы да бір көлеңке , ол - дененің жазықтыққа құлай түскен көлеңкесі. Бұл көлеңке әрқашан да дененің өзінің көлеңкесінен қоюлау болады.
Дененің шеткі жағында ( көлеңке жағында) басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарық рефлекс деп аталады.
Жарық пен көлеңке әдетте ашық ақшыл заттарда анық байқалады.. Ал түр – түс қоңыр , қоюлау заттарда онша көрінбейді.
Жарық көзінен сәуленің тік түскен жері ең жарық тұсы болып саналады.
Жарық сәулесі қиғаш түскен жерде әлсіз көлеңке пайда болады. Ал жарық мүлде түспеген жерде көлеңке жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |