«Жолға шыққанда» атты шығармасына назар салып, мұқият зерделеп көрейік. Бұл шығарманы сендер оқулық беттерінен талай рет көріп, таныс болғансыңдар. Суретшінің салған суретінде алдыңғы планда жол жүріп, шаршаған бір топ адамның демалып отырған кезі бейнеленген. Суретте сол жақта сәби көтерген ақ көйлекті ана бейнеленген. Оның жанында ашық түсті киім киген ер адам отыр. Сары және көгілдір жейде киген екі ұл бала тура көрерменге карап, көк шалғынның үстінде жатыр. Көк-жасыл түсті көйлек киген кыз бала ең шетте отыр.
Суреттегі көріністі суретші көлденең жазық қалпында бейнелеген. Суретте аспан, тау, адамдар үстіндегі киімдері де көлденең жатық сызықты бояулармен жазылған. Суретші шығармасында биік таулардың әсем табиғаты бейнеленген. Алыстағы таулардың көрінісі, аппақ қар басып биіктей түскен шыңдар аспанмен бірігіп кеткендей. Тау басындағы бір қарағанда аппақ болып көрінетін қарға назар салып, бақылап мұқият қарасақ, ондағы ақ түстерден өзге сары, күлгін, қызғыш, жасыл, көкшіл түстердің де барлығын байқаймыз. Бұл суретшінің түс жарасымдығын
табуда, бояу колоритін байыту әдісін жақсы меңгергенін байқатады. Біз қашықтан ақ түстерді жақындағы сияқты таза аппақ күйінде көре алмаймыз, одан басқа ақ түс құрамында сары түстер реңктері, тіпті қызыл-сары түстер де пайда болады. Ара қашыктық алыстаған сайын жасыл түстер өте қатты өзгеріске енеді. Осы өзгерістер суретші шығармасындағы жасыл түсті қыраттар мен ойпаттар көрінісінде орын тапқан. Заттар арасындағы қашықтықты бояу арқылы беру үшін оларды бақылап, жақындағы табиғи түстерді алыстағымен салыстыру қажет.
Суретшілер кеңістік, ауа, жарық түс, адам денесінің көлемі мен мүше бөліктерін бере білу шеберлігін меңгере отырып, өнердің биік те таңдамалы шығармаларын жасай біледі. Мына суретте суретші жаңбырлы күнгі ауа райын бейнелеген. Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық, яғни ауа қабаты және түстік ортаның қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, жазғы ашық ауада жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері түстер өзінің қанықтылығына ие болады да, біздің көзі
міз түстік алмасулар мен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Бұл суретте суретші көбіне шектеулі палитраны пайдаланған. Нағыз суретші ең елеусіз және күнделікті нәрсенің өзінен көп жағдайда қызықты нәрсені көріп, оны өз шығармасында көрсете біледі. Кейбір суретшінің тек бір тақырып бойынша ой-өрісі шексіз болады. Суретші И. К. Айвазовскийдің теңіз тақырыбына арналған белгілі