Ылым министрлігі


Оқушыға қажетті құрал-жабдықтар



бет36/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
сурет план

Оқушыға қажетті құрал-жабдықтар:   Альбом, карандаш, акварель бояуы, палитра, су, қылқалам                                     түрлері.
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсілдер: Көрнекілік арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, оқушымен  жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс нәтижесі, оқушы бәсекелестігі т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет пәні,экономика.
Сөздік:Иллюстрация-кітаптағы әдеби шығармаларды безендіру.
Миниатюра- өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған шағын көркем шығарма.
Бәсеке – тұтынушылар ақшасы үшін тауар өндірушілер немесе фирмалар арасындағы жарыс, бәйге, ең жоғары пайда алуға бағытталған экономикалық бәсекелестік.
Сапа- тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын қызмет немесе тауардың белгісі, қасиеттерінің жиынтығы.
Тапсырыс-  тауар өндірушіге сапалы өнім шығаруға деген  сұраныс.

Сабақ барысы:


1 Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару .
II Өткен сабаққа шолу жасау,қайталау.
Тақтаға «Графика өнері»плакатын ілу.

-Қолданбалы графика өнеріне не жатады?


-Гравюра өнерінің ерекшелігі?
-Бейнелеу өнерінің түрлерін ата:(кескіндеме,мүсін,сәулет,дизайн,сәндік қолданбалы,графика)
III Сабақтын мақсатын қою.
-Балалар,бүгін біз графика өнерінің бір түрі кітап және газет-журнал графикасы жайлы мағлұмат ала отырып,өз еңбегімізбен балалар ақыны  Мұзафар Әлімбаев атамыздын өлендер кітабына иллюстрация жасауға атсалысамыз.
Суретшінің сыйлығы
-Ұнатсаң бояулардан нұр тарауын,
Балақай,жақсы екен,-деп-бұл талабың!
Суреші Қанаш ата — біздің көрші
Сыйлады маған жаңа Қылқаламын.

Аз екен иемдену қылқаламды,


Аз екен аралауың гүлді алаңды,
Келбетін көкейіне қондырмасаң,
Бейнелеу қиын екен қыр-даламды,
бұл  ғаламды…
Мұзафар Әлімбаев.

IV. Жаңа білім беру.


Ертеректе кітаптар қолдан жазылып ,оларды қажетіне қарай көшіріп , әсемдеп, түптеп отырған. Олардың кейбір беттеріне миниатюралық суреттер салынып безендірілген. Ал, қазіргі заман өзгерісіне сай  кітап-тың, газет-журналдың алатын орны ерекше және оларды безендіруде көптеген өзгерістер бар. Мысалы : Балаларға арналған әдеби шығармалар –балалар ертегілері, балаларға арналған өлең жинақтары, балаларға арналған журналдар әсем безендіріліп, ИЛЛЮСТРАЦИЯ жасалынып көпшілікке ұсынылады. Осы арада әр бала қызығушылықпен оқитын сүйікті журналымыз «Айгөлекті» атауға болады. «Айгөлектің» бас редакторы Қымбат Әбілдақызының суретшілері көп. Оның ішінде оқушылар да бар. Қымбат Әбілдақызы суретшілерді таңдап алған, өйткені суретшілер арасында бәсекелестікті туындатқан. Бәсекелестік болған жерде САПА да болады. Сапалы безендірілген журналды біз таңдап алып оқимыз. Ендігі жерде осы әдемі безендірілген кітап -журнал көрмесін
тамашалайық.

«Рождество св. Иоанна Крестителя». Миниатюра Милано-Туринского часослова. 1413—16 гг. Муниципальный музей. Турин

В. Л. Боровиковский. «Портрет В. В. Капниста». Кон. 1790-х гг. Государственный Русский музей. Санкт-Петербург
Тебризская школа миниатюры

Персидский художник Султан Мухаммед.


Султан Санджар и старуха. «Хамсе» Низами.
1539-43гг,Тебриз. Британская библиотека, Лондон

«Ай сайын өсіп келемін»


«Ар бесігім,армысың!»
«Айгөлек»журналдары.
Ертегілер,кітаптар,газет-журналдар.
V.Білімін тексеру.
-Ертеректе кітап қалай безендірілген?
-Миниатюра деп нені айтамыз?
-Иллюстрациялау дегеніміз не?
-Бәсекелестік не үшін қажет?
-Сапа бізге қажет пе, не үшін қажет?
-Әдеби шығармаға не жатады?

VI  Жаңа білімді бекіту.


Балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың кітаптарын оқып жүрміз,ал оқулықтарға ақынның көптеген өлеңдері кірген. Оқушыларға арналған тірек- сызбасын тақтаға ілу .

Тірек –сызба

Иллюстрацияланған кітаптар

VII Оқушы білімін бағалау.


Сурет сапалы болган, кітапқа енген оқушыға   «5», келесі еңбек еткен оқушыға «4» деген баға қойылады.
Сабақты      «Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы» деген мақалмен қорытындылаймыз.

Бекітемін:

Пәні: Сурет Тобы : 1 топ

Сабақ: №23 Уақыты:22,25,27.02.2019

Сабақтың тақырыбы: Газет суреттері, карикатуралар.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адамның бет әлпетінің кейпін бейнелеу тәсілдерінің

ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін

маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын

түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да

қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене

құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін

сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

Қ ос тамшыдай бір-бірінен айнымайтын ұқсас адамдар болатынын сен білесің. Мысалы, мына суреттегі егіз қыздардай. Алайда бұл сирек кездесетін құбылыс. Көбінесе адамдар бір- біріне ұқсамайды. Себебі олардың бет пішіндері әр түрлі болады. Бірінші сыныпта адам бетінің кейпі туралы оқығаныңды есіңе түсір. Досыңның немесе туысқаныңның бет әлпетіне жақсылап қарап ал. Оның бет әлпетін суреттеп бер. Бір адамның бет әлпеті әр түрлі болып өзгеретінін білесің бе? Мына баланың бетіне қарашы. Оның бет әлпетінің кейпі қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Ө з достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде оның бет әлпеті де өзгереді. Мына суреттерден сен өз құрдастарыңның жүздерін көріп отырсың. Олар әр түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді білдіреді. Айна алдына тұрып, өз бетіңнің кейпін өзгертіп, әр жағдайда бет әлпетің, оның пішіні мен сызықтары қалай өзгеретіндігін бақыла.Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл шындық. Сен жаңа ғана бөтен баланы танымай-ақ, оның көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет. Мимика - адам бет әлпетінің қимылы.



Үйге тапсырма беру: Достарыңның, туыстарыңның әр түрлі кейіпте отырған мимикасын бейнеле.
Бекітемін:

Пәні: Сурет Тобы : 1 топ

Сабақ: №24 Уақыты: 1,4,6.03.2019

Сабақтың тақырыбы: Линогравюра, литография, офорт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет