Ылым министрлігі


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру



бет38/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
Байланысты:
сурет план

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 
ІІІ.Жаңа сабақ. 
IV.Жаңа сабақты бекіту. 
V. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау. 
VI. Үйге тапсырма.
І. Сәлеметсіздерме балалар!

    Бүгін сыныпта кезекші кім?

    Сабақта кім жоқ?

Психологиялық дайындық: оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Бір-біріне жақсы сөздер айтып, сәттілік тілеу. 


ІІ.Ал қанеки оқушылар өткен сабақты қайталап өтейік. «Портрет» тақырыбы бойынша ұй жұмысын тексерейік. Үйге портрет салып келу тапсырмасы берілді.

    1. Адам бетін неше бөлікке бөлеміз?

    2. Көз қай бөлікте және қалай орналасады?

    3. Мұрын қай бөлікте және қалай орналасады?

    4. Ерін қай бөлікте?

    5. Құлақ қай бөлікте орналасады?

    6. Шаш қай бөлікте орналасады?
ІІІ. Оқушылар, бүгін өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Графика өнерінің түрлері».

«Графика» - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш, қаламұш, көмір, қыл - қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет. 


Графика – грек сөзі «жазамын», «сурет саламын» деген ұғымды білдіреді.

Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.

 Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-түсті қарындаш және қолмен салынған суреттер де графикаға жатады. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисаметдинов, А.Смағулов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Қазір көп ұлтты Қазақстан суретшілері өз республикасын ең айтулы деген көрмелерде сан қырынан көрсетіп жүр. Олардың өзіндік қолтаңбасымен дараланатын үлкенді - кішілі кең тынысы және камералық шығармаларының тақырыбы мен мазмұны халқымыздың, егеменді еліміздің өмірімен тығыз байланысты.

Гравюра (қырма) таңдап алынған тақта бетіне (ағаш, қатырма қағаз, линолеум, т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап сурет салу өнері.

Гравюра сөзі француздың – «ою», «нақыштау» деген сөзінен алынған.

Сызбаның түрлері:

1.Қондырғылы сызба (сурет, эстамп, лубок)

2.Кітап және газет–журнал сызбасы

3.Қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.)

Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам,беті жылтыр ақ қағаз. Гравюралық жұмыстарда орындау үшін жоғарыда аталған материалдарды алдын-ала дайындап алу қажет.

 Беті жылтыр ақ қағаздың бетіне қара тущьты толық жағып болған соң оны кептіру керек. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Бұл жерде қағазды жыртып алмау үшін қыру жұмысын өте ұқыпты орындау қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып, өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет.

 Ал, графика дегеніміз – қағаз бетіне түскен сурет. Көбіне - көп ақ-қара, бірен-саран түрлі-түсті болып келеді. Сендер графикамен күнделікті өмірде жиі ұшырасасыңдар. Олар – газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тущьпен, кей жағдайда түрлі-түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бірақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдардағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады.

Бірақ суретшінің өзі де көбейте алатын мүмкіндік бар. Арнайы құрал штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумға, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын, табақшаларға инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады.

Металға жасалған гравюраны офорт дейміз. Қыш қаламмен, құрғақ инемен орындалады.

Ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз. Қатты, серпімді ағаш кесіндісіне жасалады.

 Тасқа жасалған гравюраны литография  дейміз. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Тегістелген тастың бетіне тушьпен сурет салынады.

Линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз

Линогравюраны жасау әдісі мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояу жағылады, одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып, тазге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз.

Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеумның өзінен қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал шихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 0,5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуға болады. Негізгі аспап 50-600 бұрыш шамасында тұмсығы бар бұрыштық қашауы. Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2-3 тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады.

Гравюрлеу кезінде жіберген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына келтіріледі.

 IV.Жаңа сабақты бекіту 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет