Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады.
Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады.
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.
Аңға байланысты өрнектер:
«Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер:
«алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көьелек», «шыбынқанат», «тышқан із».
Құстарға байланысты өрнектер:
«құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.
Өсімдік бейнелі өрнектер:
«арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
Қару-құралдарға байланысты өрнектер:
«балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.
Геометриялық ою-өрнектер:
«қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |