Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет17/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107
Байланысты:
Отчет Оперплан по МС 1кв
 Ғылымның даму эволюциясы
Ғылымның даму тарихын қарастыра келе, Кун біріншіден, 
ғылым өзінің бірінші, барлығымен танылған теориясын, басқаша 
айтқанда, парадигмасын шығару алдында қандай да болсын ғылым-
ның пайда болуы үшін маңызды болатын парадигмаға дейінгі кезеңді 
бөліп көрсетеді.
Парадигмаға дейінгі ғылымның орнына пісіп – жетілген ғылым 
келеді. Өзінің дамуында ол бірнеше сатылы кезеңнен өтеді – «кәдімгі 
ғылымнан» (мұнда ғылыми кеңеспен қабылданған парадигма 
басшылық етеді) ғылыми көтеріліс атағына ие болған парадигманың 
құлауының кезеңіне дейін.
Кунның көзқарасы бойынша «кәдімгі ғылым» «болашақтағы 
оның тәжірибе жүзіндегі қызметінің негізі деп белгілі бір уақытта, 
белгілі бір ғылыми кеңеспен танылатын, өткен уақыттағы бір не 
бірнеше ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеуді білдіреді». 
Ғылыми қызметтері бірдей парадигмалар негізінде құралатын 
ғалымдар ғылыми тәжірибенің бірдей ережелері мен стандарттарына 
сүйенеді.
Ғалымдар әр уақытта танылған және бар теорияларды жоққа шығару 
туралы ойлайды және осы мақсатпен жоққа шығару тәжірибелерін 
жасауға ұмтылады деп есептеген Кун. Сонымен, «кәдімгі ғылым» тек 
белгілі бір бағыттың дәстүрлерінің қолданыста болуын ғана 
қамтамасыз етеді, ақпаратты жинақтайды және белгілі фактілерді 
негіздейді. Шешімнің үлгісі бар, ойынның ережелері бар, 
тапсырманың шешілетіні белгілі, ал ғалымға осы берілген шарттарда 
өзінің жеке ойын қолданып көру мүмкіндігі тиеді. Бұл ғалым үшін 
кәдімгі ғылымның қызықтығын түсіндіреді. Тапсырманың шешілуі 
нәтижелі болғанға дейін парадигма танымның сенімді құралы болып 
табылады. Бірақ кейбір тапсырмалар, ғалымдар қанша тырысса да, 
шешімін таппайды. Парадигмаға деген сенім өшеді. Кун дағдарыс деп 
атаған күй басталады. Дағдарыс өскен сайын, ол «кәдімгі ғылымның» 
әрдайым тапсырмаларды және пайда болатын аномалияларды шеше 
алмайтынын түсінеді, және бұл ғылыми ортадағы маманданған 
сенімсіздікті тудырады. Кәдімгі зерттеулер тоқтайды. Ғылым қызмет 
етуін тоқтатады.


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет