Жак Лакан - француздық психоанализдің теоретигі мен
практигі. Лаканның ойынша санасыздық тілдің құрылымы іспеттес.
Ол рәміздік ойлаудан, тілден, тарихтан, адами практикалық өмірден
үстемдігін анықтады. Лакан санасыз сезімнің түсінігін ретке
келтірілген құрылымның соңғысын жаңа дәстүр ретінде
қалыптастырды. Мұнда сөз тек қана тілді символдық деңгейде
лингвистикалық түсіну жайында ғана емес, сонымен қатар
психология мен физиология әлі бөлінбеген «тілдің» ең төменгі
деңгейдегі қағысында болып тұр. Лаканның құрылымдық санасыз
ниет туралы ойы мен Дерриданың субъектіні децентрлеуі
шығармашылық түсіндіруге жаңа импульсын берді.