Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет38/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,74 Mb.
#90104
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107
2.5
Ғылымның
тарихи түрлері 
Ғылымның тууына қатысты бес көзқарас бар: 
1.
Ғылым адами қоғам қалыптасқан кезден 
бастап үнемі болған, себебі ғылыми 
қызығушылық органикалық жағынан адамға 
тән; 
2.
Ғылым Ежелгі Грекияда пайда болды, себебі білімнің алғашқы 
қағидалық негіздері осында пайда болды. 
3.
Ғылым ХІІ-ХІҮ ғ. Батыс Еуропада қалыптасты, себебі тәжірибелік 
білім мен математикаға қызығушылық туды. 
4.
Ғылым ХҮІ-ХҮІІ ғ. басталады, Галилей, Кеплердің Х.Гюйгенстің 
және И.Ньютонның жұмыстары арқылы математика тіліндегі физикалық 
алғашқы қағидалық моделі қалыптасты. 
5.
Ғылым ХІХ ғ. зерттеу қызметі жоғарғы біліммен біріккен сәттен 
басталады. 
Шығыс мәдениетінен біз практикалық білімнің белгілі 
элементтерін табамыз. Олар адами әрекеттің практикалық үрдісінде 
жинақталған және негізінен қағидалық әрекет мәні болмай, практикалық 
өмір қажеттіліктерінен туындаған. Бұл элементтер әлдеқайда 
ұйымдасқан мемлекеттік және діни құрылысты қалыптастырған және 
жазуды меңгерген қоғамда практикалық әрекеттен бөліне бастады; 
Шумерде, Ежелгі Вавилонда, Египетте, Үндістанда, Қытайда. 
Мысалға Ежелгі Вавилондағы, Египеттегі ирригациялық жұмыстар 
практикалық гидравликалық білімді қажет етті.
Каналдардың көмегімен өзендерді бөліп басқару, каналдарды 
қазу, бөлінетін су есебі математиктердің практикалық элементтерін 
дамытқан. Египет пен Вавилонның ерекше климаттық шарттары, 
мемлекеттің өндірісті қатты жөнге салуы, дәл күнтізбе жасау 
қажеттілігі, уақыт есебін еріксіз көндірген, демек астрономиялық 
танымды жасады. Египеттіктер 12 айды 30 күннен және жылына 5 
қосым күннен тұратын күнтізбе өңдеді. Құрылыс, әсіресе орасан 
күрделі мемлекеттік және діни, механиктер және статиканың 
құрылысында эмпиризмдік білімді сонымен қатар геометрияны да 
талап еткен. Ежелгі Шығыс рычаг және сына сияқты механикалық
құрал -саймандармен жақсы таныс болатын. Бірақ ботаника мен 
биология тағы ұзақ уақыт бойы ауылшаруашылық тәжірибеден 
бөлінген жоқ.
Практикалық білімнің құрылу процесіне сауданың дамуы, 
теңізге жүзу, әскери соғыс істері әсер еткен. Теңізге жүзу үйлестікке 
арналған астрономияның дамуын ынталандырған уақыттардың және 
кеңістікте, кемелердің құрылыс техниктеріне, гидростатиканың және 
тағы басқаларына ықпал еткен. Сауда техникалық білімнің дамуына 


77 
әсер етті. Рычагтың қасиеті – негізгі салмақ – ежелгі грек 
ғалымдарына дейін белгілі болған. Мемлекетті басқару үшін есеп 
қажет болды, азық–түлікті бөлу, еңбекақы төлеу, жұмыс уақытын 
есептеу үшін арифметиканың бастамасы қажет болды. Біздің 
дәуірімізге дейін ІІ мың жылдықта математикалық ұстанымның 
египеттік қайнарлары белгілі олар – Ринда папирусы(б.з.д 1680дейінгі 
Британ музейі) және Мәскеу папирусы. Олар тәжірибеде кездесетін 
бөлек 
тапсырмалардың 
шешімін 
көрсетеді, 
математикалық 
есептеумен, аудандарды және көлемін есептеу. Мәскеу папирусында 
толық емес пирамида көлемін есептеуге арналған формула 
көрсетілген.
Шумер-вавилондық математика египеттікке қарағанда көбірек 
мағыналы болды. Вавилондықтар Пифагор теоремасын білген, 
квадраттық және квадрат түбірлерді, текшелер және үшінші дәрежелі 
түбірлерді есептеген, теңдеуде ұзындық жүйелерді және квадрат 
теңдеуді шешуді білген. Вавилондық математика алгебралық жолды 
алып жүреді, геометриялық терминология қолданылмайды. Осыған 
орай сол математика аса пайдалы, үнемді нәтижені алып жүреді. 
Геометрия мен арифметиканың арасында айқын ерекшелік жоқ. 
Геометрия тәжірибелік өмірдің көптеген объектілерінің біреуі ғана
қайсыларға арифметикалық әдістер қолдануға болады. Египеттік және 
вавилондық математикада шоттардың зерттелу әдістерінің жоқ болуы 
айқын. Теориялық дәлелдеудің әрекеттері жоқ. 
Ассирио–вавилондық астрономия Набонассара заманынан 
жүйелі бақылаулар жүргізген. Тарихқа дейінгі кезеңде Вавилонда 
зәулім күн күмбезін зодиактың 12 белгісіне, 300 аспан сәулесі 
түсірген, әрбірі: күн мен планеталар қозғалысын стандартты шкала 
сияқты суреттеуге арналған, ай мен күн календары өңделіп бекітілді.
Ассиристік кезеңнен кейін математикалық бағытқа бұрылу 
астрономиялық 
оқиғада 
суреттеледі. 
Месопотамиялық 
астрономияның негізгі мақсаты аспан денелерінің – ай, күн, 
планеталардың көрінетін күйін дұрыс болжау болып табылады. 
Жеткілікті дамыған Вавилон астрономиясы оның мемлекеттік 
астрономия ретінде қолданылуы түсіндіріледі, вавилондықтардың 
астрологиясы жеке болмаған, оның мақсаты мемлекеттік маңызды 
шешімдер қабылдау үшін жұлдыздардың қолайлы орналасуы туралы 
болжам жасау. Астрономия ертедегі шығыста, математикада сияқты, 
аса пайдалы және догматикалық дәлелсіз үрдіс алып жүрген. 
Вавилонда бірде бір бақылаушының басына ой келмепті: «көрінетін 
сәуле қозғалысы олардың нақты қозғалысы мен орналасқан орнына 
талап бойынша сай келе ме?»


78 
Сонымен, проблема ғылым басы, оның пайда болуы маңызды 
методологиялық 
мәнге 
ие, 
теориялық 
жақын 
келулердің 
қалыптасуына оның статусы, даму кезеңдері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет