Баламақұрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, ҚК-тің 297-бап есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу. Осы құрамда қылмыстық іс-әрекеттің бірнеше нұсқасы көрсетіліп тұр, олардың әрқайсысы қылмыстық жауптылықтың негіздері бола алады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының құрылысына объективтік жағының байланысты қылмыс құрамдары материалдық құрам, формальдық құрам және келте құрам болып бөлінеді.