Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§9. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзiмiн қысқарту



бет8/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§9. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзiмiн қысқарту

Жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiлiрек жазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкiлiктi босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiлiрек жазамен ауыстырудың негiзi болып жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудағы сияқты сотталған адамның үлгiлi мiнез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал көзқарасы есепке алынады. Сот тәжiрибесiнде түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға қойған мақсатына түпкiлiктi жету жеңiлiрек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге асырылады. Жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiлiрек жазамен ауыстыру қысқарту немесе тағайындалған жазаның мерзімін қысқарту сотталған адамға мына негiздерде қолданылуы мүмкiн:

1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтiрiлген залалды толық өтеген не жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қаскөйлiкпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкiн. Бұл ретте адам, өмiр бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.

2. Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және жазаның қалған өтелмеген бөлігі кезеңінде жаңа қылмыстар жасаған адам жаза мерзімінің үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.

3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күнiне бiр айлық есептiк көрсеткiш есебiмен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудiң бiр күнi есебiмен бас бостандығын шектеудi таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтiрiлген залалды толық өтеу болып табылады.

4. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, егер ол жазаны өтеу кезеңiнде қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен не процестiк келiсiмнiң барлық талаптарын орындаған жағдайда, сот қалған өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлiгiн қысқарта алады (ҚК-тің 73-бабы).

Жазаның өтелмеген бөлiгi жеңiлiрек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе iшiнара босатуы да, босатпауы да мүмкiн. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешiледi. Егер жеңiлiрек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрi қатаңырақ болса, мұндай ретте сотталған адам мiндеттi түрде қосымша жазадан да босатылуы қажет. Жаза жеңiлiрек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлiгi iшiнде қылмыс iстесе, сот мұндай жағдайда кiнәлi адамға ҚК-нiң 60-бабына сәйкес, үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да, бiрiншi үкiм бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет