§5. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық кодекстiң 68-бабына сәйкес:
1. Қылмыстық терiс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен, арыз берушiмен татуласса, оның iшiнде медиация тәртiбiмен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
2. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегiз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбiрленушiмен, арыз берушiмен татуласса, оның iшiнде медиация тәртiбiмен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезiнде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне зиян келтiрiлген жағдайларда, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам, егер ол шынайы өкiнсе және қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне келтiрiлген зиянды қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
4. Осы баптың ережелері, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайларды қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды. Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшырату мен байланысты емес, онша ауыр емес, ауырлығы орта қылмыс жасаған адам біріншіден, жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса (медиация тәртібімен болса да), екіншіден, келтірілген зиянды қал-пына келтірсе, татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осы жоғарыда көрсетілген заң талаптарының ең болмағанда біреуі орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігін қолдануға болмайды.
Қазаға ұшыратумен байланысы жоқ ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар жүкті әйелдер, жас баласы бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан еркектер Қылмыстық кодекстің 68-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, егер осы қылмыс жасаған адамдар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, (медиа-ция тәртібімен болса да), келтірілген зиянды толық қалпына келтірсе. Мұндай ретте кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары да қолданылады.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының 4-бөлігінде осы баптың ережелері қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты құрамдары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |