Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§10. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру



бет9/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§10. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

Сотталған жүктi әйелдердiң, жас баласы бар әйелдердiң және жас баланы жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру Қылмыстық кодекстiң 74-бабында қарастырылған және бұл сот тағайындаған жазаны өтеуден босатудың бiр түрi болып табылады. Заңда жазаның қайсы түрiн өтеудi кейiнге қалдыру туралы айтылмаған. Бiрақ заңның мәтiнiне зер салсақ, жүктi әйелдердiң, жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн сотталған еркектердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыратынын аңғарамыз. Заңға сәйкес, сотталған жүктi әйелдердiң жазаны өтеуiн сот бiр жылға дейiн кейiнге қалдыруы мүмкiн. Жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн сотталған еркектердiң жазасын орындауды сот бала он төрт жасқа толғанға дейiн кейiнге қалдыруы мүмкiн. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған жүктi әйелдердiң, жас балалары бар әйелдермен жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектердiң жазаны өтеуi кейiнге қалдырылмайды. Осыған байланысты жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстың түсiнiгiн анықтау қажет. Жеке адамға қарсы қылмыстарға адамның өмiрiн жоятын, денсаулығына зиян келтiретiн қасақана iстелген iс-әрекеттер жатады. Бұған Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 1-тарауындағы жеке адамға қарсы қылмыстар, сондай-ақ басқа тараулардағы террорлық акт, бандитизм сияқты адам өмiрiне қастандық жасай-тын қылмыстар жатады. Осы жеке адамға қарсы қылмыстардың бәрiн емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр түрiн iстегендерге және сол үшiн 5 жылдан артық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаның бұл түрiн қолдануға болмайды. Мысалы, мұндай қылмыстарға 99-баптағы адам өлтiру, 106-баптағы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, 125-баптың 2–3-бөлiктерiндегi адамды ұрлау, 130-баптың 2, 3-бөлiктерiндегi сияқты қылмыстар жатады. Ауыр және аса ауыр қылмыстың түсiнiгi Қылмыстық кодекстiң 11-бабының 4, 5-бөлiктерiнде айтылған. Осы көрсетiлген шектеуден басқа кез келген қылмысты iстеген жүктi, жас балалары бар әйелдерге 74-бапты қолдана беруге болады. Жазаның бұл түрiн өтеудi кейiнге қалдыру тек әйелдерге, оның iшiнде жүктi және жас балалары бар әйелдерге және жас баланы жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектерге ғана қолданылады. Жүктiлiк тиiстi медициналық құжаттармен расталады, ал жас бала-лары бар екендiгi арнаулы анықтамалармен дәлелденедi.

Заң бойынша жазаны өтеудi кейiнгi қалдыру немесе жазаны өтеуден босату жүктi немесе 14 жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге және жас баланы жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектерге ғана қолданылады.

Заңда қандай ретте осындай адамдарға жазаны өтеудi кейiнге қалдыру немесе жазаны өтеуден босату туралы тура айтылмаған. Бұл мәселенi шешу тек қана соттың құзыретi болып табылады. Заңда үкiмнiң орындалуының кейiнге қалдырылу мерзiмi жүктi әйелдерге бiр жылға, жас балалы әйелдерге және жас баланы жалғыз өзi тәрбиелейтiн еркектерге баласы 14 жасқа толғанға дейiнгi деп көрсетiлген.

Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес, тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады (74-бап, 2-бөлiгi).

Жазаны өтейтiн жерге мұндай әйелдер қамауға алынып, жөнелтiледi. Бұл мәселенi қылмыстық атқару заңдары реттейдi.

Жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн немесе бала шетiнеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн (74-бап, 3-бөлiгi). Сот бұл мәселенi iстiң нақты жағдайларын, сотталған адамның мiнез-құлқын, тағы басқа заңда белгiленген жағдайларды есепке ала отырып, жүзеге асырады және оларды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу немесе жiбермеу туралы шешiм қабылдау соттың құзыретiне жатады.

Егер сотталған адам жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды (74-бап, 4-бөлiгi).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет