Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§3. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату



бет3/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§3. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату

Қылмыстық кодекстiң 66-бабына сәйкес, қоғамға қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Мұндай ретте қажеттi қорғану шегiнен асып кiсi өлтiрген немесе денеге ауыр жарақат түсiрген адамның iс-әрекетi қоғамға қауiптi, заңға қайшы, кiнәлi түрде iстелгендiктен қылмыс болып табылады. Бiрақ та сот iстiң нақты мән-жайына қарай отырып, айыпты адамның нақты қылмыс iстеу кезiндегi болған үрейлену, қорқу немесе асыпсасу салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқандығын есепке ала отырып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса, онда сот айыптыға осы бапта көрсетiлген жеңiлдiктi қолданбауға құқылы. Өйткенi осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату немесе босатпауды сот нақты жағдайларға байланысты ғана шешедi.



§4. Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан бостату

Қылмыстық жауаптылықтан боасатудың бұл жаңа түрі болып табылады. Мұндай ретте қылмыстық процеске қатысушылардың өзара келісімге келуі өзара талаптардың толық орындалуы қылмыстық жауаптылықтан босатудың негізгі шарты болып табылады.

Осы баптың бірінші бөлігінің ережесі кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет