Жауаптылықты жеңілдететін құрам - егер кылмыстық құқық бұзушылықтың кұрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен баска жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс күрамы деп айтамыз. Мұндай қылмыс құрамына Қылмыстык кодекстің 101- бабында көрсетілген кылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жагдайында болган кісі өлтіру).
Жауаптылықты ауырлататын құрам – негізгі белгілермен бірге жауаптылыкты ауырлататын жағдайлар корсетілген қылмыс құрамы жауаптылыкты ауырлататын құрам деп аталады. Сондай-ақ құрам катарына 130-баптың 3-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады немесе 188-баптың 2-бөлігіндегі ұрлыкты ауырлататын жагдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т. б. жагдайлар жатады.