1. Жалпы- дені сау, ақыл-есі дүрыс, белгілі бір жасқа жеткен тұлға.
2. Арнаулы - қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінен (дені сау, ақыл-есі дұ рыс, белгілі бір жасқа жеткен түлға) басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларымен қарастырылған қосымша белгілермен сипатталатын субъектіні айтамыз. Субъектінің азаматтығына қарай, жынысына қарай, жасына қарай, қызметіне қарай, әскери қызметке қатыстылығына қарай болады.
3. Жеке тұлға- ҚР азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға
4. Қылмыстық заңда көрсетілген ҚК-15бабы белгілі бір жасқа толу
5. ҚР ҚК-ң ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер (азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы т.б)
6. Есі дұрыстық 15 бабы.
Қылмыстық заң қылмыстық құқық бұз-қ үшін жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгіленгенімен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне қарай, қайсыбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағыбұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыстық құқық бұзушылық істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Қылмыстық құқық бұз-ң субъективтік жағының белгілері • Кінә - адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсыздықда істейтін қоғамға қауіпті іс – әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
• Ниет – белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.
• Мақсат – адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
• Қасақаналық - Қасақаналық-тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады