Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстык заңның міндеттері



бет4/42
Дата07.02.2022
өлшемі43,05 Kb.
#95848
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Уголовка Семинары

Ресми ашык түсіндіру деп - заң бойынша өзіне жүктелген осы міндетті атқаруга кұзыретті органның заңға түсіндірме беруі айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қылмыстық заңды қабылдайтын, оған түсінік беретін орган Парламент болып табылады. Конституциялык кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді (72-бап). Ресми түсіндірме барлык мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар, лауазымды адамдар жэне ұйымдар үшін міндетті түрде орындауга жататын заңдылык күші бар құжат болып табылады.
Сот түсіндірмесі деп кылмыстык заң нормаларын каралатын істер бойынша дұрыс колдануға берілетін түсіндірмесін айтамыз. Сот түсіндірмесінің нормативті күші бар, оны орындау баршаға міндетті. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазакстан Республикасы Жогарғы Сотының құзыреті болып табылады. Мысалы, Республика Жоғарғы Сотынын 2007 жылғы 11 мамырдағы «Зорлау жэне өзге де нәпсікұмарлық» сипаттағы күш колдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселері туралы» № 4 нормативтік қаулысында зорлаудың, ауыр зардаптардын, жәбірленушінің дәрменсіздігін, топ болып зорлау сиякты ұғымдардың мағынасы ашылып, осы жөніндегі заңдарды қолдануда соттарга тиісінше түсіндірмелер берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес Республиканың Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда каралатын өзге де істер женіндегі Жоғарғы Сот орга- ны болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың кызметін кадагалауды жүзеге асырады. Сот тәжірибелері бойынша түсініктемелер беріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет