Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстык заңның міндеттері



бет5/42
Дата07.02.2022
өлшемі43,05 Kb.
#95848
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Уголовка Семинары

Ғылыми (доктринальды) түсіндіру деп ғылыми мекемелердің, заңгер-ғалымдардың, кұкық қолдану жэне құкық қоргау кызметкерлерінің заңға беретін түсіндірулерін айта- мыз. Мұндай түсіндірулер гылыми мақалаларда, монографияларда, оқулыктарда, заңға түсіндірмелерде кездеседі. Ғылыми түсіндірудің қылмыстық заңдарды заман талабына сай жетілдіріп, оны дұрыс қолданудагы маңызы ерекше, бірак мұндай түсіндірудің рес- ми заңдылык күші болмайды. Мұндай түсіндірулер ғылыми пікір, ой, ұсыныс ретінде қабылданады.
Әдісіне қарай түсіндіру грамматикалык немесе филологиялық, жүйелі және тарихи түсіндірулер болып бірнеше түрге бөлінеді.
Заңның мазмұнын грамматикалық, синтак- систік, этимологиялық ережелердің көмегі арқылы кылмыстык заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуді грамматикалық немесе филологиялық түсіндірме деп атаймыз. Түсіндірудің бұл эдісі көбінесе қылмыстык занда колданылатын жекелеген терминдердің, түсініктердің, атаулардың мәнісін ашып көрсетуде жиі пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір кылмыстарды саралау туралы» № 1 нормативтік қаулысында пайдақорлык ниетпен кісі өлтіру деген терминге грамматикалық түсіндірме берілігі (5- тармақ), онда өзіне немесе басқа біреуге материалдык пайда келтіру (акша, зат, мүлік, тұрғын үйге ие болып калу кұкығы, үшінші жактан ақы алу т. б.) яғни, материалдык шығыннан құтылу, акы алып біреуді өлтіру, пайдақорлык ниетпен касақана кісі өлтіру болады деп түсіндірілген. Қылмыстык заңнын мазмұны, онын кылмыстык зан жүйесіндегі алатын орнын, сондай- ак оны мазмұны жагынан ұксас заңдардан салыстыра отырып, ажыратуды жүйелі түрде түсіндіру деп айтамыз, ягни жүйелі түсіндіру арқылы эр түрлі қылмыстык заң норма- лары мен оның бөліктері салыстырыла отырып, бір-бірінен ажыратылады. Мысалы, қылмыстык құкық бүзушылық әрекетінен кісі өлімі болған кінэлі адамның іс-әрекетін дұрыс саралау үшін Қылмыстық кодекстегі 99-104- баптардың жүйелі, салыстырмалы түрде зерттеліп түсіндірілуі арқылы кінәлінің іс-әрекеті тиісті бап бойынша сараланады.
Республикада қылмыстық заңды қабылдауға негіз болган әлеуметтікэкономикалық, сая- си жағдайларды түсіндіруді тарихи түсіндіру дейміз. Көлеміне қарай қылмыстық заңды түсіндіру дәлме-дэл (буквальный), тар көлемдегі жэне кең көлемдегі болып келеді.
Заңның өзінің мэтіні мен заң нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келуін дәлме-дәл түсіндіру деп айтамыз.
Заң нормасындағы өз мэтініндегі дәлме-дәл көрсетілгеннен гөрі, тар магынада, тар шеңберде колдануға мағына беретін түсіндіруді заңда тар мағынада түсіндіру деп айтамыз. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 132-бабында көрсетілген жасы кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тар- туды алып қарайық. Жалпы ереже бойынша бұл қылмысты істегені үшін жауаптылыққа сырттай қарағанда 16 жаска толған адамдар тартылуы керек сиякты. Бірақ бұл қылмыс істегені үшін тек 18-ге толған адамдар гана қылмыстық жауаптылыкка тартылады. Себебі: заң нормасының атауы - жасы кәмелетке толмағандарды қылмыс істеуге тарту деген сөздің мағынасы бұл қылмысты тек кәмелетке, яғни 18-ге толгандар гана істей алатынын көрсетеді. Яғни, заң нормасы осыған орай тар мағынада түсіндіріліп отыр. Кең көлемдегі түсіндіру деп заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына бе- ретін және осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негіз беретін түсіндіруді айта- мыз. Қылмыстық заңда кең көлемдегі түсіндіруге Қылмыстық кодекстегі 138-бапта көрсетілген бала асырап алудың құпиясын жария ету мысал бола алады. Заңда ер бала асырап алудың құпиялығын жариялағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілегенде кыз бала асырап алудың құпиялығын жариялауы үшін де осындай жауаптылықтың бар екендігін еске алып отыр. Яғни, бұл кезде бұл заңдардың мағынасы өзінің мәтінінен гөрі кең көлемде, кең мағынада бала деген ұғым қыз және ер бала екендігі түсіндіріліп отыр
Қылмыстык кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тэртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұгушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ак қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай эрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық – құқықтық принциптер – заң шығарушы, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.


Принциптері: заңдылық, жеке жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, кінәлі жауаптылық, әделіттілік, қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындық.
Қылмыстық занды ұксастыгы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-нің 4-бабы). Адамның ойы, пигылы, дүниетанымы, көзқарасы Конституциялык нормаға қаншалықты кайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен ұштаспаса, қылмыс ретінде каралуға тиіс емес. Қоғамга кауіпті, қылмыстық заңга кайшы, кінэлі іс-әрекеттер заң шыгарушы орган арқылы кылмыстык кұкык бүзушылық деп табылады.
Азаматтардың заң алдындагы теңдігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1-тармағында - заң мен сот алдында жүрттың бэрі тең деп аталган. Қылмыстық кұкык бүзушылық жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, нәсіліне, үлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұргылыкты жеріне және басқа да жагдайларға қарамастан жауаптылыкка тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет