Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстык заңның міндеттері


ЗЗ-б а п. Қолсүғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде зиян келтіру



бет30/42
Дата07.02.2022
өлшемі43,05 Kb.
#95848
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
Уголовка Семинары

ЗЗ-б а п. Қолсүғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде зиян келтіру
1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаган адамды мемлекеттік органдарга жеткізу және оның жаңа қолсугушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін устап алу кезінде оган зиян келтіру, егер мундай адамды өзге амалдармен устау мүмкін болмаса және бул рет- те осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуга жол берілмеген болса, қылмыстық қуқық бузушылық болып табылмайды.
2. Адамга анық шектен тыс, жагдай мәжбүр етпейтін қажетсіз зиян келтірілген кезде, усталатын адам жасаган қуқық бузушылықтың сипаты мен қогамга қауіптілік дәрежесіне және устап алудың мән-жайларына олардың анық сай келмеуі, қолсугушылық жасаган адамды устап алу үшін қажетті шаралар шегінен шыгу деп танылады. Мундай шектен шыгу қасақана зиян келтірілген жагдайларда гана қылмыстық жауаптылыққа әкеп согады.
3. Қолсугушылық жасаган адамды устап алуга буган арнайы уәкілеттік берілген адамдармен бірге жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да қуқыгы болады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істеді деп сезіктенген адамды ұстауға мынадай негіздердің бірі болғанда ғана жол беріледі:
а) бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шыкса немесе кылмысты жаңа ғана істеп болған үстінен шыкса;
б) көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбірленуші де қылмысты істеген осы адам деп тура көрсетсе;
в) сезікті адамның өзінде немесе киімінде өз касында немесе үйінде қылмыстың айқын көздері табылса.
Қолсұғушылықты ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұткыннан, қамаудан, жаза өтеп жатқан мекемеден қашуы болып табылады. Қолсұғушылықты ұстау деп негізінен ол адамның қылмыстық құқық бұзушылық істеп жатқан кезінде ұсталуын айтамыз. Бірак адам қылмыстық кұкық бұзушылық жасаған кезде ұсталмаса, оны ұстау кылмыс істегеннен кейін де кылмыстық кұқық бұзушылық үшін жауапқа тартудың мерзімі ішінде жүзеге асырылады. Қолсұғушылықты істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек соның өзіне ғана келтіріледі. Келтірілген зиян барынша шамалы, аз және негізді болуы керек. Мұндай зиян келтіру тек амалсыздан, баска шараның жоктығынан болуы қажет. Егер кылмыстык кұкык бұзушылық істеген адамның өзі туралы белгілі болса, айналасындағыларға қауіп төндірілмесе, оған зиян келтіруге ешбір негіз жоқ. Қолсұғушыны ұстау барысында оған келтірілген зиян мөлшері істелген қылмыстың қауіптілігіне, кылмыскердің тұлғасына, оның мінез-кұлқына немесе оны ұстау жағдайына да байланысты болады. Ауыр, өте ауыр кылмыс жасаған кылмыскерді ұстау кезінде оған елеулі зиян келтірілуі мүмкін.
Қол сұгушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жагдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне жэне ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. асыра сілтеудің заңда көрсетілген түрлері мынадай:
а) істелген қылмыстың қаупінің сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтіру. Мысалы, біреуге қасақана жеңіл жарақат салған адамды ұстағанда, оны ұстау барысында оған ауыр дене жарақатын келтіру немесе сарай үстінде эрі қарай барар жері жоқ, жасырынып тұрған ұрыны жерде тұрып мылтықпен атып жаралау және т. б.
о) ұстау жағдаиына сөзсіз сәикес келмеуі салдарынан кісіге кажетсіз, жағдаиларға байланыссыз, шамадан тыс зиян келтіру. Мысалы: қылмыскерге болмашы зиян кел- тіріп ұстауға болатын болса, оған шамадан тыс ауыр, қажетсіз залал келтіріп, жарақат салып ұстау, ату, мүгедек жасау т. б. мәселелер. Осындай қажетті шамалардың шегінен шығуы тек қасақаналықпен ғана жүзеге асырылады. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамды ұстағанда оған зиян келтірудің қажетті шараларының шегі- нен шығу кінэлінің жауаптылығын жеңілдететін мәнжайлардың қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет