Имам ғазали жүректің сырлары


(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың



Pdf көрінісі
бет123/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың 
жағдайы қандай өкінішті! Олар намаздарында ғапыл
», 
– дейді.
422
 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «
Аяттағы «Олар намаздарында ғапыл» деген сөз намазды уақытында 
оқымағандар туралы айтылған
», 
– деген. 
422
 
«Мағун» сүресі, 4-5. 
Ахмад ибн Ханбал, Табарани және ибн Хиббанның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) намаз туралы баяндап жатып: «
Кім намазын қалдырмай оқып жүрген болса 
Қиямет күні оған нұр, жол көрсетуші және құтқарушы болады. Ал енді намазға 
немқұрайды қарағандарға нұр да, жол көрсетуші де, құтқарушы да болмайды. 
Мынадай кісінің қиямет күндегі достары – Қарун, Перғауын, Хаман және Убай ибн 
Халаф
», 
– деп айтқан. 
Ғалымдардың бірі: «Намазға немқұрайды қарағандардың Қиямет күні бұларға дос 
болудың себебі төмендегіше. Егер пенде көп мал-мүлкімен әлек болып намазды 
тастаса, Қарунға ұқсайды және сол себептен махшарда оған жолдас болады. Егер 
билігіне бола намазды тастап қойса, Перғауынға ұқсап, махшарда оған жолдас 
болады. Егер басшыға орынбасар болғандықтан намазға немқұрайды қараса, Хаманға 
ұқсайды және махшарда онымен бірге болады. Егер саудамен әлек болып намазды 
тастап қойса, Мекке кәпірлерінің саудагері Убай ибн Халафқа ұқсайды және махшарда 
онымен бірге болады», – деген. 
Хакимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Еш себепсіз екі намазды бір 
уақытқа жинап тастаған кісі үлкен күнәға батады
», 
– деген. 
Бұхари мен Мүслим және басқа төрт хадис жинағы бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «
Екінті намазын қаза қылған кісі отбасын шашыратып, мал-мүлкінен 
ажырағандайболады
»
423
 
дейді. 
423
 
Бұхари, 522; Мүслим, 626. 
Нәсаидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінті намазы туралы: 
«
Намаздардың арасында бір намаз бар, оны қаза қылған кісі отбасын шашыратып, 
мал-мүлкінен ажырағандай болады
», 
– деген. 
Мүслим мен Нәсаидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.) екінті намазы туралы: «
Бұл 
намаз сендерден бұрынғыларға ұсынылып еді, олар немқұрайдылықпен тастап 
қойды. Енді оған мән беріп жалғастырғандарыңа екі есе сауап беріледі. Одан кейін 
жұлдыз шыққанға шейін намаз оқылмайды
», 
– деді. 
Бұхари, Ахмад ибн Ханбал және Нәсаидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Екінті намазын оқымаған кісінің жақсы істері өшіріледі
», 
– деген. 


160 
Ахмад ибн Ханбал мен ибн Әбу Шайбаның риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.) былай 
дейді: «
Ешбір себепсіз екінті намазын оқымай қаза қылғандардың барлық жақсы 
істері өшіріледі
». 
Абдурраззақ айтады: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Араларыңнан біреудің отбасының 
бұзылуы, мал-мүлкініңқолдан кетуі ол үшін екінті намазын қаза қылғанға қарағанда 
азырақ зиян болады
»
424
 
деген. 
424
 
Табарани, 19/430; Мажмағуз Зауаид, 1/308. 
Имам Шафиғи мен Байхақидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «
Ешбір парыз 
намазды оқымай уақытын өткізгендер бала-шағасы шашырап, мал-мүлкінен қол 
үзгендей болады
», 
– деп айтқан. 
Бұхариде келгені бойынша, Самура ибн Жундуб (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Кім түс көрді?» – деп тез-тез сұрап, айтылған түстерді Алла бұйырғандай 
жорып тұрды. 
Бір күні таңертең былай деп айтып берді: «Түнде екі кісі келіп мені төсектен тұрғызып, 
«Жүр, кеттік», – деді. Олармен бірге жүрдім. Жолда екі кісіні жолықтырдық. Біреуі 
жерде шалқасынан жатыр. Екіншісі әлгіні таспен басқа ұрып, басын жарып жатыр. 
Домалап кеткен тасты алып келгенге шейін әлгінің басының жарылған жері бітіп 
қалып жатты. Ол болса қайтадан әлгі ісін қайталай берді. 
Мені ерткен кісілерден: «Уа, Құдай, бұл не?» – деп сұрасам, «Жүр, кеттік» деп басқа 
жауап берген жоқ. 
Одан ары бара жатып тағы екі кісіні жолықтырдық. Олардың бірі жерде жатыр. 
Екіншісінің қолында темір шеңгел бар екен. Ол әлгінің бір жақ жағына темір шеңгелді 
сұғып, жағының жарымын, мұрнының бір танауын және екі қасының ортасынан 
маңдайын жарып жатты. Содан соң екінші жағынан тартып, жарып, паршалады. Бірақ 
сол заматта-ақ жарылған жақтар қайтадан бітіп, бұрынғы жағдайына келіп тұрды. 
Жанымдағылардан: «Уа, Құдай, бұл не?» – деп сұрадым. Олар: «Жүр, кеттік», – деп 
одан ары жүрдік. Алдымыздан тандырға ұқсаған ішінен от лаулаған шұңқыр шықты. 
Ішінен ызың-шу естіледі. Аузынан қарасақ, тырдай жалаңаш әйел-еркектер жүр. 
Шұңқырдың түбінен көтерілген жалын олардың денесін орап алыпты. От алауланған 
сайын олардың ащы айғайлары шығып жатты. Жанымдағылардан «Бұлар кімдер?» – 
деп сұрадым, қайтадан «Жүр, кеттік», – деді. 
Жолымызды одан ары жалғап бір дарияның жиегіне бардық. (Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
«Қан секілді қып-қызыл» деп суреттеді деп ойлаймын) ол жерде екі кісіні жолықтырдық. 
Бірі дарияда жүзіп жүр, екіншісі жиекте үйілген тастардың жанында тұр. Судағысы 
жиекке жақындаған сайын жиектегі кісі таспен ұрып қайтарып жатты. 
Жанымдағылардан «Бұл не?» – деп сұрасам, «Жүр, кеттік», – деді. 
Одан ары жүрдік. Жолда өте қорқынышты бір кісіні көрдік. Одан қорқынышты жанды 
жолықтыру мүмкін емес еді. 
Ол кісінің алдында от жанып тұрды. От бәсеңдеген сайын пенде оны қозғап, күшейтіп, 
тоқтамай отты айналып жүрді. 
Жанымдағылардан «Бұл кім?» – деп сұрап едім, олар «Жүр, кеттік», – деді. 
Сапарымыз ары қарай жалғасты. Алдымыздан биік бақтар өскен бақшаны 
кездестірдік. Бақшада жаз гүлдері, ортасында бойы аспан тіреген бір кісі бар екен. 
Оның айналасын өте көп балалар қоршап алыпты. 
Жанымдағылардан «Бұл кім?» – деп сұрадым. Олар «Жүр, кеттік», – деді. 
Жолымызды одан ары жалғап биік өскен ағаштың жанына бардық. Ол өте көркем еді. 
Бұрын-соңды ондай бақ көрген емеспін. Жанымдағылар «Бұл ағашқа шық», – деді. 
Бәріміз ағашқа жабылып шығып отырып бір қалаға жеттік. Қала ғимараттарының 
кірпіштері алтын мен күмістен екен. Қаланың дарбазасына келіп қақтық. Дарбаза 


161 
ашылып, ішке кірдік. Бізді денесінің жарымы келісті, жарымы жағымсыз көріністегі 
біреулер тосып алды. Жанымдағылар оларға: «Жүгіріңдер, барып әлгі дарияға 
түсіңдер», – деді. Қарасам, суы аппақ дария ағып жатыр. 
Бізді тосып алғандар дарияға бір сүңгіп шығып, жанымызға келгенде денелерінің 
жағымсыз жерлері жоғалып, бастан-аяқ ең жақсы бейнеге келіп қалыпты». 
Жанымдағылар: «Бұл жер – Адн пейіші, осы жер – сенің орның», – деді. Жоғары 
жаққа қарасам, ақ бұлттай шаңқайған көрікті сарай тұр. 
Жанымдағылар: «Міне, осы – сенің орның», – деді. «Сендерге Алла береке берсін, 
рұқсат берсеңдер, мен сарайдың ішіне кірейін», – дедім. «Қазір болмайды, бірақ 
уақыты келгенде ол жайға кіресің», – деп айтты. Олардан «Осы түні қатты 
таңғаларалық нәрселерге куә болдым, олар не еді?» – деп сұрадым. Сонда олар: 
«Саған айтып берейік, тыңда», – десіп, сырлы оқиғаларды түсіндіре бастады: 
Алғашқы кезіктірген қайта-қайта басы таспен жаншылған кісі Құран Кәрімді біліп 
тұрып, бұйрықтарын орындамаған және парыз намаздарды оқымай ұйықтаған кісі еді. 
Жағы, мұрны және көзі темір шеңгелмен жарылған кісі таң атқанда үйінен шыққаннан 
бастап жалған-жала жайып жүрген біреу. 
Тандырға ұқсас құдыққа қамалған әйел-еркектер – зинақорлар. 
Жиекке жақындағанда таспен ұрылып, тынбай дарияда жүзіп жүрген пенде – өсімқор 
еді. 
Отты қозғап жағып жатқан өңі сұсты, жағымсыз кісі – тозақтың күзетшісі. 
Бақшадағы ұзын бойлы кісі – Ибраһим (а.с.), ал жанындағылар – мұсылман 
табиғатымен бұл дүниеден өткен жас балалар. 
Сол сәтте бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі, мүшріктердің балалары да соған қосыла 
ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүшріктердің балалары да қосылады», 
– деп жауап берді. 
Денесінің жарымы келісті, жарымы жағымсыз кісілер жақсы ісі де, жаман ісі де бар 
кісілер еді. Алла Тағала олардың жаман істерін кешіріп жіберген». 
Баззардың айтуына 
қарағанда 
хадис 
төмендегіше 
аяқталады: 
«Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бастары таспен жарылған және жарылысымен қайтадан бітіп 
қалған бір топты жолықтырды. «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» – деп сұрағанда, 
Жәбірейіл (а.с.): «Бұлар намазды ауыр деп санаған тар ойлы жалқау кісілер еді», – деп 
жауап берді». 
Хатиб және ибн Нажжардың (рахматуллаһи аләйһима) айтуы бойынша, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет