Имам ғазали жүректің сырлары


Раббыңа сәжде ет те, Оған жақында!



Pdf көрінісі
бет120/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Раббыңа сәжде ет те, Оған жақында!
»
414
 
(Бұл сәжде аяты, дереу сәжде 
жасау керек!) деген аяттың мәнісі де сондай. Сәжде аяттары Құранның 14 жерінде бар. 
Бұл сүрелердің және аяттардың реттік нөмірлері төменде берілген: 
414
 
«Алақ» сүресі, 19. 
7. Ағраф, 206, 
13. Рағд, 15, 
16. Нахл, 50, 
17. Исра, 109, 
19. Мариям, 58, 
22. Хаж, 18, 
2
5. Фурқан, 60, 
27. Намл, 25, 
32. Сәжде, 15, 
38. Сад, 24, 
41. Фуссилат, 37, 
53. Нәжм, 62, 
84. Иншиқақ, 20, 
96. Алақ, 19. 
Тіләуат сәжде жасау ниетімен қолдарды құлақ тұсқа көтермей «Аллаһу әкбар» деп 
сәжде жасайды. Үш мәрте «Субхана Раббиәл-Ағла» не бір мәрте «Субхана Раббана 
ин кәнә уағду Раббина ламафғула», – деп айтады. Одан кейін «Аллаһу әкбар» деп 
сәждеден тұрады. 
Алла Тағала: «
Олардың белгісі – жүздеріндегі сәжде ізі
»
415
дейді. Бір жорамал 
бойынша, бұл жердегі «белгі» сәжде уақытында намаз оқығандардың шекесіне жұққан 
шаң-топырақ сияқты нәрселер. Тағы бір жорамал бойынша, аяттағы «белгі» – пенденің 
көкірегіндегі тақуалықтың нұры. Бұл жорамал дұрысырақ. Басқа бір жорамал бойынша, 
айтылған «белгі» – қиямет күні дәреттің ізі арқылы намаз оқығандардың жүзінде 
байқалатын нұр. 
415
 
«Фатх» сүресі, 29. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Адам баласы сәжде аятын оқып, артынан сәжде жасағанда 
шайтан бір шетке шығып алып: «Мен құриын, сол кісі сәжде жасауға бұйырылып
сәжде жасады. Енді пейішке кіреді. Мен болсам сәжде жасауға бұйырылғаныммен 
қарсы шыққаным үшін тозаққа кіремін», – дейді»

– деген. 
Риуаятқа қарағанда Али ибн Абдулла ибн Аббас (р.а.) күніне мың мәрте сәжде 
жасады. Міне, сондықтан оны «сәждеші» деп атайды. 
Мағлұматтарға қарағанда Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) топырақтың 
үстінде намаз оқып, сәжде жасады. 


157 
Юсуф ибн Асбат (р.а.): «Уа, жастар, ауырып қалудан бұрын денсаулыққа жағдай 
жасаған мүмкіншіліктерді пайдаланыңдар. Мен қазір толық көріністе рүкуғ, сәжде 
жасай алғандарды қызғанамын. Өйткені денсаулығыма байланысты екеуін толық 
жасай алмаймын», – деген. 
Саид ибн Жұбайр (р.а.): «Бұл дүниеде сәждеден басқа еш нәрсеге 
уайымдамаймын», – деп айтқан. 
Уқба ибн Мүслим (р.а.) былай дейді: «Пенденің Аллаға ең сүйікті артықшылығы – 
пенденің оған жақын болу құштарлығы. Пендені Аллаға ең жақын қылған сәт – сәжде 
ететін сәті». 
Әбу Һурайра (р.а.): «Пенденің Аллаға ең жақын болған жағдайы – сәжде ететін 
жағдайы. Сол жағдайда көп дұға қылыңдар», – деп айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет