168
жіберейін бе?» – деп сұрады. Алла Тағала: «Соншалық желмен бүкіл жер жүзі мен
барлық жандыларды жоқ қыласың. Сен оларға жүзіктің көзіндей жел жібер», – деді.
Жердің үшінші қабатында тозақ тастары, төртінші қабатында тозақ күкірті бар.
Сахабалар: «Уа,
Алланың Елшісі, тозақтың күкірті бар ма?» – деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Әлбетте, жанымды қолында ұстаған Аллаға ант етейін,
ол қабаттағы күкірт далаларына зор таулар салынса еріп, су секілді ағар еді
»,
– деп
жауап берді.
Бесінші қабатта тозақ жыландары бар, олардың ауыздары бір даладай үлкен.
Жердің алтыншы қабатында тозақ шаяндары бар. Олардың ең кішкентайы ер-
тоқымды қашырдай. Олар бір мәрте шаққанда кәпірге тозақ отын ұмыттыра қояды.
Жердің жетінші қабатында бір қолы алға, бір қолы артқа темір кісенмен кісенделген
Ібіліс бар. Алла оны бір пендесіне саларда босатады».
Ахмад ибн Ханбал, Табарани, ибн Хиббан және Хакимнің риуаяты бойынша,
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Тозақта түйенің мойнындай жуан жыландар бар. Олардың
бірі бір мәрте шақса ащысы жетпіс жылға шейін сезіледі. Сондай-ақ ер-тоқымды
қашырдай үлкен шаяндар бар. Олар кісіні бір мәрте шақса, пенде қырық жыл бойы
безгек болады
»,
– деген.
Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким риуаят етеді. Алла Елшісі (с.а.с.): «
Олар су
сұрағанда ақталған май сияқты жүздерін күйдіруші су беріледі» деген мағынадағы
аят туралы: «(Бұл су) қайнатылған зейтін майындай. Аузыңа жақындатсаң, жүзің
еріп, оның ішіне ағып түседі
»,
– деген.
Тирмизидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Тозақылардың бастарына
төгілген қайнар су іштерінесызылып кіріп, ішек-қарнын ерітеді және іштерінде
болған нәрсенің бәрі табандарынан сыртқа ағып шығады. Содан соң қайтадан
бұрынғы жағдайына қайтарылады
»,
– деп айтқан.
Даххак (рахматуллаһи аләйһи): «Хамим – Алла жер-аспанды жаратқаннан бері
тозақыларға ішірілетін және бастарынан төмен төгілетін уақытқа шейін үздіксіз қайнап
тұрады», – деген.
Бір
көзқарас бойынша, тозақыларға ұсынылатын қайнаған су олардың өздерінің
тозақ көлдерінде жиналған көз жастарынан пайда болады және өздеріне беріледі.
«(Ендеше, осынау әсте түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа жандар) мәңгі-бақи
тозақта қалатын һәм қайнақ сумен суарылғандарында ішек-қарындарының парша-
паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»
431
деген мағынадағы аят сол сұйықтыққа
ишарат етеді. Бұл туралы басқа сөздер де айтылған. Ахмад ибн Ханбал, Тирмизи және
Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Содан
пайғамбарлар мен
мүміндер (Алладан) жеңіс тіледі. Нәтижеде, әрбір тоңмойын, озбыр залалға ұшырады.
Алайда іс мұнымен бітпейді, артынша (әлгі тоңмойын, озбыр) жаһаннамға тасталады
және онда оған қан мен ірің аралас сусын ішкізіледі»
432
деген мағынадағы аят туралы
«Іріңді су аузына жақындағанда жиіркенеді. Тағы жақындатылса, жүзін күйдіреді,
басының терісі еріп ағып, ішкенде ішектерін быт-шыт қылып,
артқы тесігінен шығып
кетеді» деп түсіндірме берген.
431
«Мұхаммед» сүресі, 15.
432
«Ибраһим» сүресі, 15-16.
Алла Тағала былай дейді: «
Достарыңызбен бөлісу: